C02KX02 Амбризентан (Ambrisentan)

Қолдану көрсеткіштері

Өкпенің артериялық гипертензиясындаКлиникалық хаттама:   1. Өкпе гипертензиясы
    Клинические протоколы:
  1. Легочная гипертензия

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық; салдарлы өкпе гипертензиясымен немесе онсыз идиопатиялық өкпе фиброзы; лактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы (препараттың құрамында лактоза бар).

Қауіпсіздік шаралары

Эндотелин рецепторлары антагонистерін қолданған кезде, гематокрит пен гемоглобин төмендеуі білінді, сонымен қатар, бірқатар жағдайларда мұның кейде қан құюды қажет ететін анемияның дамуына алып келеді. Өкпелік көктамыр-окклюзиялық ауруы бар науқастарда өкпенің жедел ісінуін туындатады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 Циклоспорин А -амбризентан экспозициясын жоғарылатады және дозаны түзетуді қажет етеді. Рифампицин - амбризентан әсерін күшейтеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

 Клиренс кретині 30 мл/ мин төмен болса препаратты қабылдамау керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

 Елеулі бұзылыстар немесе бастапқы сарысулық трансаминаза шегі нормадан 3 есе артық кезінде ұсынылмайды

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Қан және лимфа жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: өте жиі: анемия (гемоглобин және/немесе гематокрит төмендеуі);Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар: жиі емес: аса жоғары сезімталдық (дәрілік аса жоғары сезімталдықты қоса); Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: өте жиі: бас ауыруы; Жүрек тарапынан болатын бұзылулар: өте жиі: жүрек қағуын сезіну; дененің жоғарғы бөлігіне және миға қан құйылу;Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы мен көкірекорта ағзалары тарапынан болатын бұзылулар:өте жиі: - мұрынның бітелуі, синусит, ринофарингит;Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар: өте жиі: штің ауыруы; іштің қатуы.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.