C02CA04 Доксазозин (Doxazosin)

Қарсы көрсеткіштері

Хиназолин туындыларына немесе препараттың қосымша кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық; анамнезінде ортостатикалық гипотензияның болуы; ҚБҚГ қатарласқан жоғарғы несеп шығару жолдарының обструкциясы және несеп шығару жолдарының созылмалы инфекциялары және қуықтағы тастар; анамнезінде асқазан- ішектің бітелуі, өңештің бітелуі немесе кез-келген сатыдағы асқазан- ішек саңылауының кішіреюі (босап шығуы ұзартылған таблеткаларды қабылдайтындарға) бар пациенттерде; ҚБҚГ бар пациенттерге артериялық гипертензия; өршитін бүйрек жеткіліксіздігінің болуы, сонымен қатар оның болмауы кезіндегі ануриясы немесе парадоксальді ишуриясы бар пациенттер.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препартпен емдеуді бастар алдында қуық асты безі обырын болдырмау. Естен тану болуы ықтимал, әсіресе алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін немесе дозаны жоғарылатқаннан кейін. Жедел жүрек қызметінің бұзылысы бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Араласулар кезінде немесе бұрын препаратпен ем алған, пациенттерге катарактаға хирургиялық операциялар жүргізу кезінде нұрлы қабықтың интраоперациялық атониясы синдромы байқалған. Ауырсынумен болатын эрекцияның дамуы мүмкін. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқарудан бас тарту.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

ФДЭ-5 тежегіштері (силденафил, тадалафил, варденафил) - ауыр гипотензияның даму қаупіне байланысты бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Натрий оксибаты - кома немесе өлім дамығанға дейінгі жанама әсерлердің жоғарылауы. Тизанидин, басқа да гипертензияға қарсы заттар - гипотензивті әсердің күшеюі. Стероидты емес қабынуға қарсы заттар, эстрогендер - гипертензияға қарсы әсердің әлсіреуі. Циметидин - доксазозин концентрациясының шамалы артуы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Ауыр бұзылулар кезінде қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бронхит, жөтел, ентігу, ринит, цистит, несептің ұсталмауы, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, вертиго, жүрек қағысының жиілеуі, тахикардия, артериялық гипотензия, ортостатикалық гипотензия, іш ауыруы, жүрек айну, диспепсия, ауыздың құрғауы, қышыну, сүйектердің ауыруы, миалгия, астения, кеуденің ауыруы, тұмау тәрізді синдром, перифериялық ісінуі, тыныс алу жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциялары.Жиі емес: дәрілік аллергиялық реакциялар, анорексия, подагра, тәбеттің жоғарылауы, депрессия, үрей сезімі, ұйқысыздық, ми қанайналымының жедел бұзылуы, гипестезия, естен тану, тремор, құлақтағы шуыл, стенокардия, миокард инфарктісі, мұрыннан қан кету, іш қатуы, диарея, метеоризм, құсу, гастроэнтерит, бауыр қызметі көрсеткіштерінің бұзылуы, тері бөртпесі, артралгия, дизурия, гематурия, несеп шығарудың жиілеуі, импотенция, ауыру, беттің ісінуі, дене салмағының артуы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді