A03FA03 Домперидон¹ (Domperidone)

Қолдану көрсеткіштері

Жүрек айну және құсу симптомдарын жеңілдету.
    Клинические протоколы:
  1. Ботулизм
  2. Описторхоз у взрослых
  3. Инородное тело пищевода у детей
  4. Синдром Жильбера
  5. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися тошнотой и рвотой
  6. Ахалазия кардии
  7. Ахалазия пищевода у детей
  8. Гастрит и дуоденит (педиатрия)
  9. Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь
  10. Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
  11. Гастроэзофагеальный рефлюкс у детей. Другие болезни пищевода
  12. Другие неинфекционные гастроэнтериты и колиты (педиатрия)
  13. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кахексией, астенией
  14. Функциональная диспепсия у детей
  15. Хронический панкреатит у детей
  16. Хронический холецистит
  17. Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
  18. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки без кровотечения и прободения (педиатрия)
  19. Заболевания желудочно-кишечного тракта (дети, реабилитация)
  20. Функциональные гастроинтестинальные расстройства
  21. Хронический калькулезный холецистит

Қарсы көрсеткіштері

Домперидонға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; гипофиздің пролактин секрециялаушы ісігі; асқазанның қозғалтқыш қызметін ынталандыру қауіпті болуы мүмкін жағдайда.

Қауіпсіздік шаралары

QT интервалының жоғарылуы және «пируэт» типтік қарыншалық тахикардияның пайда болуы мүмкін. Қарыншалық аритмия қаупі немесе кенеттен коронарлық өлім қаупінің әсіресе 60 жастан асқан пациенттерде немесе 30 мг-нан асатын бір реттік дозаны енгізгенде, сондай-ақ QT аралығын ұлғайтатын препараттарды, немесе CYP3A4 тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде ұлғаюы мүмкін. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 күшті тежегіштері (макролидтер, итраконазол, пероральді қабылдауға арналған кетоконазол, посаконазол, ритонавир, телапревир, вориконазол) - QT аралығының ұзаруы.IA тобы және III тобы антиаритмиялық, антипсихотикалық, антидепрессанттар, антигистаминді препараттар - QT аралығының ұзаруы.Азол қатарының препараттары, макролидтер, АИТВ-протеаза тежегіштері, кальций антогонистері, амиодарон, апрепитант, телитромицин - қан плазмасында домперидон деңгейінің артуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сарысудағы креатинин деңгейі кемінде 6 мг/100 мл болғанда препаратты қабылдау жиілігін тәулігіне 1 немесе 2 ретке төмендету, аурудың ауырлығына байланысты дозаны азайтады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл деңгейдегі жеткіліксіздік кезінде дозасын түзету талап етілмейді, орта және ауыр деңгейдегі жеткіліксіздік кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: депрессия, үрей, либидоның болмауы немесе төмендеуі, бас ауыруы, ұйқышылдық, акатизия, диарея, бөртпе, қышыну, гинекомастия/сүт безінің үлкеюі, сүт безі аумағаның сезімталдығы және ауыруы, галакторея, етеккір айналымының бұзылуы және аменорея, лактацияның бұзылуы, астения.Жиі емес: аса жоғары сезімталдық, есекжем, сүт бездерінің ісінуі, сүт безінен бөлінулер.Өте сирек: қарыншалық аритмия, экстрапирамидалық бұзылулар, күйгелектік, QT аралығының ұзаруы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақтануға дейін 15-30 минут бұрын. Дене салмағы 35 кг және одан жоғары 12 жастан асқан балаларға: тәулігіне 3 рет 10 мг, қабылдауды 7 күннен асырмау; ең жоғарғы тәуліктік доза 30 мг. Дене салмағы 35 кг төмен және 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.