B05BA10 Аминқышқылдарының кешені¹ (combinations)
Қолдану көрсеткіштері
Бауыр энцефалопатиясының алдын алу немесе емдеу, бауыр энцефалопатиясы дамыған немесе даму қаупі бар бауыр аурулары кезінде жартылай немесе толық парентеральді қоректендіруде, бауырдың жедел және созылмалы ауруы кезінде туындайтын аминқышқылы тепе-теңдігінің бұзылуы. Келесі аурулардың кешенді емінің құрамында: шеткергі қантамырлар атеросклерозы, соның ішінде қайталанатын ақсаңдау көрінісімен; жүкті әйелдердегі артериялық гипертензия; өкпе гипертензиясы; жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия); ұрық дамуының кідіруі және преэклампсия.
-
Клинические протоколы:
- Апластическая анемия у детей
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Гипоксически-ишемическая энцефалопатия
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді заттарға немесе кез келген қосымша заттарға асқын сезімталдық, өмірге қауіп төндіретін күрделі қан айналым бұзылыстары (коллапс және шок жағдайы), гипоксия, метаболизмдік ацидоз, гипергидратация, өкпенің жедел ісінуі, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, гиперхлоремиялық ацидоз, анамнезінде аллергиялық реакциялар, калий сақтаушы диуретиктерді, оның ішінде спиронолактонды қолдану.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты енгізген кезде қан сарысуындағы су-электролиттік тепе-теңдікке тұрақты бақылау жүргізу керек. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға препаратты дозалау және енгізу тәртібі әр науқасқа жеке анықталады. Препарат бір рет қолдануға есептелінген құтыларда шығарылады. Препараттың пайдаланылмаған кез келген мөлшерін сақтауға болмайды, ол жойылуы керек. Препараттың мөлдірлігі жойылса немесе құтылардың зақымданғанын көрсететін белгілер болса, герметикалығы сақталмаған жағдайда қолдануға болмайды. Эндокриндік бездер қызметі бұзылған кезде препаратты сақтықпен қолданады. Препарат инсулин секрециясы мен өсу гормонын көтермелеуі мүмкін. Көлік құралын басқару және басқа да механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақ болған жөн, өйткені препарат бас ауыруын туындатуы мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Спиронолактон - науқастарда бауыр жеткіліксіздігі аясында айқын және тұрақты гиперкалиемияны туындатуы мүмкін.Калий сақтаушы диуретиктер - қанда калий концентрациясының жоғарылауына ықпал етеді.Аминофиллин - қандағы инсулин деңгейін жоғарылатуы мүмкін.Тиопентал - препаратпен үйлесімсіз.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: аллергиялық реакциялар.Өте сирек: бас ауыруы, ыстықты сезіну, ерітіндіні енгізу орнындағы флебит.Маңызды! Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.