B05BA02 Май эмульсиялары¹ (Fat emulsions)

Қолдану көрсеткіштері

Парентеральді қоректендіру қажет болатын науқастарды алмастырылмайтын май қышқылдарымен қамтамасыз ету.
    Клинические протоколы:
  1. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  2. Белково-энергетическая недостаточность у детей
  3. Болезнь Помпе
  4. Ахалазия пищевода у детей
  5. Гастродуоденальный стеноз
  6. Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
  7. Кисты поджелудочной железы у детей
  8. Холангит у взрослых
  9. Кардиогенный шок
  10. Криз отторжения почечного трансплантата
  11. Хроническая трансплантационная нефропатия
  12. Бактериальный сепсис новорожденного
  13. Некротический энтероколит у новорожденного
  14. Парентеральное питание новорожденных
  15. Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
  16. Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
  17. Язвенно-некротический энтероколит (педиатрия)
  18. Болезнь Гиршпрунга у детей
  19. Врожденная кистозная трансформация общего желчного протока у детей
  20. Врожденная низкая кишечная непроходимость
  21. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  22. Гипоксически-ишемическая энцефалопатия
  23. Злокачественные новообразования щитовидной железы

Қарсы көрсеткіштері

Балық, жұмыртқа, соя, жержаңғақ протеиндеріне немесе препараттың кез келген басқа белсенді немесе қосымша заттарына асқын сезімталдық, ауыр гиперлипемия, қан ұюының ауыр бұзылыстары, жедел тромбоэмболия, май эмболиясы, өмірлік маңызды функцияларды қауіпке ұшырататын тұрақсыз гемодинамикалық статус, тұрақсыз метаболизм жағдайлары, миокард инфарктісінің немесе инсульттің жедел фазасы, гипокалиемия және гипотониялық дегидратация, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жедел өкпе ісінуі, гипергидратация.

Қауіпсіздік шаралары

Су-электролиттік теңгерімнің бұзылулары парентеральді қоректендіруді бастар алдында түзетілуі тиіс. Енгізу кезінде қан сарысуындағы триглицеридтер деңгейін, қандағы электролиттер деңгейін, сұйықтық теңгерімін немесе дене салмағын, қышқыл-сілтілік теңгерімді, қандағы глюкоза деңгейін, ал ұзақ енгізу кезінде - гемограмманы, коагуляция статусын және бауыр функциясын бақылау қажет. Аллергиялық реакциялардың белгілері пайда болған жағдайда препаратты енгізу тоқтатылуы тиіс. Анемия және май эмболиясының қаупі бар науқастарға сақтықпен қолдану керек. Майлы эмульсияны енгізуді қажетті мөлшердегі көмірсуларды немесе құрамында көмірсулары бар амин қышқылдары ерітінділерін бір мезгілде енгізумен үйлестіру ұсынылады.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Құрамында спирті бар инъекциялық немесе инфузиялық ерітінділер - АРАЛАСТЫРМАУ!Гепарин - алдымен плазма липолизінің артуы, ал содан кейін триглицеридтер клиренсінің қысқа мерзімдік азаюы байқалады. Коагуляция статусын бақылау қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Сақтықпен қолдану. Қолдану қажет болған жағдайда пайда мен қауіп қатынасын бағалау керек. 

Емізу

Ұсынылмайды. Қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату қажет.

Жағымсыз әсерлері

Гиперкоагуляция, аллергиялық реакциялар, гиперлипемия, гипергликемия, метаболизмдік ацидоз, кетоацидоз, ұйқышылдық, гипертензия немесе гипотензия, диспноэ, цианоз, жүректің айнуы, құсу, бас ауыруы, қан құйылуы/эритема, дене температурасының жоғарылауы, терлеудің күшеюі, қалтырау, кеуде тұсының және бел аймағының ауыруы, артық май жүктемесі синдромы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Көктамырлық инфузия, инфузия жылдамдығы өте төмен болуы тиіс. Жаңадан туылған балалар: тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 2-3 (4 г-ға дейін) г май. Көрсетілген дозалау шектері бірдей емес, триглицеридтер мен май деңгейлерін ұдайы бақылап отыру қажет; сәбилер және 6 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 1-3 г май; 6 жастан асқан балалар: тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 1-2 г май.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.