B05AA06 Сукцинилирленген желатин¹ (Gelatin agents)

Қолдану көрсеткіштері

Абсолютті немесе салыстырмалы гиповолемия, эпидуральді немесе жұлындық анестезия жүргізу кезіндегі артериялық гипотензияның алдын алу, қанның қоюлануымен жүретін жағдай (гемодилюция мақсатында), экстракорпоральді қан айналу.
    Клинические протоколы:
  1. Диарея у детей. Затяжная диарея
  2. Острые вирусные гепатиты В, D и С у взрослых
  3. Менингококковая инфекция у детей
  4. Изъятие донорского сердца
  5. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  6. Стеноз аортального клапана
  7. Стеноз митрального клапана
  8. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  9. Кровотечение из варикозно-расширенных вен пищевода
  10. Подготовка кадавра к мультиорганному забору органов и/или тканей
  11. Стрессовое недержание мочи
  12. Тазовые перитонеальные спайки
  13. Болезнь Гиршпрунга у детей
  14. Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
  15. Иммунная тромбоцитопения и беременность
  16. Кесарево сечение
  17. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
  18. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
  19. Острая кишечная непроходимость
  20. Закрытая торакальная травма

Қарсы көрсеткіштері

Желатинге немесе ерітінді компоненттерінің кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық, гиперволемия, гипергидратация, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, қан ұюының декомпенсацияланған бұзылыстары.

Қауіпсіздік шаралары

Гипернатриемия кезінде сақтықпен қолдану, себебі желатинмен натрий иондары қосымша енгізіледі, сондай-ақ дегидратация жағдайында, себебі бұл жағдайда ең алдымен су-электролиттік теңгерімді түзету талап етіледі, препаратты енгізу қан ұю факторларының сұйылуына алып келетіндіктен, ұю жүйесіндегі бұзылыстарымен бірге жүретін ауруларда сақтықпен қолдану. Ағзадағы су теңгерімін және сарысулық ионограмманы бақылау қажет. Бұл әсіресе, бүйрек жеткіліксіздігі және дегидратация жағдайында, гипонатриемия кезінде маңызды.  Дәрілік зат тек стационарлық жағдайда ғана қолданылуы керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Май эмульсияларымен, барбитураттармен, миорелаксанттармен, антибиотиктермен, глюкокортикостероидтармен үйлесімсіз. Электролит ерітінділерімен, көмірсулармен, жаңа алынған қанмен үйлесімді.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану, өйткені қалыпты енгізу жолы бұзылуы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі

Альбумин синтезі мен  коагуляция факторлары бұзылуына байланысты бауырдың созылмалы ауруларымен ауырған кезде сақтықпен қолдану қажет.

Жүктілік

Альбумин синтезі және ұю факторы бұзылған созылмалы бауыр аурулары кезінде сақтықпен қолдану.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: есекжем, мойын және бет аймағындағы қызару, аллергиялық (анафилактикалық немесе анафилактоидты) реакциялар.Өте сирек: жүрек айнуы, абдоминальді ауыру, дене температурасының жоғарылауы, артериялық қысымның күрт төмендеуі туындауы мүмкін, шок, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрстеілген.