B03XA03 Метокси полиэтиленгликоль-эпоэтин бета¹ (Methoxy polyethylene glycol-epoetin beta)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектердегі созылмалы бүйрек ауруымен байланысты симптоматикалық анемияны емдеу.Клиникалық хаттама:   1. Ересектердегі созылмалы бүйрек ауруы
    Клинические протоколы:
  1. Хроническая болезнь почек у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе кез келген қосымша компонентіне аса жоғары сезімталдық; бақыланбайтын гипертензия.

Қауіпсіздік шаралары

Артериялық қысымға, қандағы калий концентрациясына, тромбоциттер мен гемоглобинге мониторинг қажет. Дені сау адамдарға препаратты қолдану жүрек-қантамырлар жүйесі тарапынан асқынумен жүретін гематокриттің жоғарылауына алып келеді. Эритропоэздің тиімділігі үшін емді бастамас бұрын және емдеу кезінде пациенттерде қан сарысуындағы темір деңгейін бағалау керек. Инфекциялық аурулар, қабыну симптомдары немесе жарақат, жасырын қан жоғалту, гемолиз, алюминиймен ауыр уыттану, гематологиялық аурулар немесе сүйек кемігі фиброзы кезінде емдеуге жауап жеткіліксіз немесе болмауы мүмкін. Гемоглобин деңгейінің парадоксальді төмендеуі және ретикулоцитопениямен байланысқан ауыр анемияның дамуы кезінде емдеуді тоқтату және анти-эритропоэтиндік антидене болуына сынама жүргізу. Кез келген түрдегі қатерлі жаңатүзілімдердің өсуі мүмкін.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препараттың дозасын сақтықпен жоғарылату.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді. С гепатиті бар пациенттердегі анемияны емдеу үшін қолданбау.

Жүктілік

Сақтықпен қолдану.

Емізу

Қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

ЖҚЖ тарапынан бұзылыстар: артериялық гипертензия, инсульт, сирек шунттар тромбозы, өкпе артерияларының тромбоэмболиясы.ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: бас ауыруы, сирек гипертензиондық энцефалопатия, құйылулар.Аллергиялық реакциялар: аса жоғары сезімталдық реакциялары, макулопапулезді бөртпе, анафилаксия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.