B03AE10 Басқа препараттармен біріктірілімдегі темір препараттары (Various combinations)
Қолдану көрсеткіштері
Темір тапшылықты анемияны емдеу және алдын алу.
Қарсы көрсеткіштері
Темір тапшылығымен байланысты емес анемиялар; гемохроматоз, гемосидероз, талассемия, темір рефрактерлік анемия, қан түзудің қызыл өскіні бәсеңдеуінен туындаған анемия; препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; асқыну сатысындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы.
Қауіпсіздік шаралары
Қабыну синдромымен байланысты гипосидеремия темір препараттарымен емдеуге келмейді. Темір тапшылығын емдеу мүмкіндігінше себептерін емдеуге бағытталған болуы тиіс. Шәйді көп мөлшерде ішу темірдің сіңірілуін бәсеңдетеді. Тіс эмалінің қараюын болдырмас үшін ауыз қуысында ұзақ уақыт бойы препарат ерітіндісін ұстап тұруға болмайды. Препарат құрамында этанол болуы мүмкін. Тиімділік мониторингін емдеуді бастағаннан кейін кемінде 3 ай өткен соң жүргізу керек (гемоглобин, сарысулық темір, трансферрин).
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бисфосфонаттар, ципрофлоксацин, тетрациклиндер - темір препараттары сіңірілуінің төмендеуі.Магний, алюминий және кальций тұздары, тотықтары және гидроксидтері - темір тұздары сіңірілуінің төмендеуі.Басқа темір препараттары, соның ішінде парентеральді енгізілетін - үйлестіріп қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН.
Жүктілік
Жүктіліктің II-III триместрі кезінде тәулігіне 50 мг темір ұсынылады.
Емізу
Қолдану рұқсат етілген.
Жағымсыз әсерлері
Жүрек айнуы, құсу, қыжыл, іш қатуы, диарея, нәжістің қара түске боялуы, эмальдің қараюы, аллергиялық және анафилаксиялық реакциялардың дамуы.
Балаларда қолданылуы
Ішке, дұрысы ас қабылдауға дейін. Балаларға тәулігіне 5-10 мг/кг дене салмағының есебімен. Ескерту: жасқа байланысты шектеулері бар, өндірушінің ұсыныстарын қараңыз.