B03AC Темір сахараты¹ (Iron sucrose)

Қолдану көрсеткіштері

Ағзаны темірмен тез арада толықтыру қажет болған кездегі темiр тапшылықты жағдай.  Темірдiң ішке қабылданатын препараттарын қолдану тиiмдiлiгі болмаған немесе мүмкiн емес кезде.
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Виллебранда
  2. Железодефицитная анемия
  3. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  4. Хронический тубулоинтерстициальный нефрит
  5. Анемия беременных
  6. Рак пищевода
  7. Рак предстательной железы
  8. Рак мочевого пузыря
  9. Гепатоцеллюлярная карцинома
  10. Рак шейки матки

Қарсы көрсеткіштері

Темір-сахароза кешеніне, препаратқа немесе қосымша заттардың қандай да біріне жоғары сезімталдық; басқа парентеральді темір препараттарына белгілі асқын сезімталдық; темір тапшылығымен байланысты емес анемия; темірмен аса жүктеме белгілерінің болуы немесе оны утилизациялау үдерістерінің туа біткен бұзылыстары.

Қауіпсіздік шаралары

Бұлшықетке енгізуге  болмайды!Препараттың қолданылуына көрсетілімдер тиісті зертханалық зерттеулер нәтижесімен расталған жағдайларда ғана қолдану керек. Препаратты анафилактикалық реакцияларды анықтауға және қайтаруға тәжірибесі бар қызметкерлер ғана пайдалануы тиіс, олардың қолында аллергияға қарсы препараттар, сондай-ақ, жүрек-өкпе реанимациясын және сәйкес емшаралар  жүргізуге арналған жабдықтар болуы тиіс. Препараттың инъекциясынан кейін барлық пациенттерді кемінде 30 минут бойы жағымсыз құбылыстарға бақылау керек.Асқын сезімталдық реакциялар қаупі дәрілік аллергияны қоса белгілі аллергиялары бар пациенттерде, бронх демікпесі, экземасы немесе басқа да атопиялық аллергиялық реакциялары, иммунологиялық және қабыну аурулары бар пациенттерде жоғарылайды. Жедел немесе созылмалы инфекция жағдайында сақтықпен қолдану керек. Созылмалы инфекциясы бар пациенттерде эритропоэзді бәсеңдету мүмкіндігін  есепке ала отырып, қауіп пен пайда арақатынасын бағалау қажет. Көктамыр маңында ағып кетуді болдырмау керек. Көлік құралдарын басқарудан немесе қауіптілігі жоғары механизмдермен жұмыс жүргізуден бас тартқан жөн.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттар- АРАЛАСТЫРМАУ!Пероральді қабылдауға арналған темір препараттары- бір мезгілде ТАҒАЙЫНДАМАУ! Препаратты парентеральді қолдану мен темірдің пероральді қабылданатын түрлерін қолдануды бастау аралығы кемінде 5 күнді құрауы тиіс.Ескерту: өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметі бұзылысы кезінде қауіп пен пайда арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана қолдану керек. 

Жүктілік

Жүктіліктің І триместрінде қолдану қарсы көрсетілген. Жүктіліктің  ІІ-ІІІ триместрлерінде препаратты анасы үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары жағдайда ғана тағайындайды.

Емізу

Сақтықпен қолдану. Қолдану қажет болған жағдайда қауіп пен пайда арақатынасын бағалау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: дәм сезудің  бұзылуы, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, жүрек айнуы, инъекция орнының ауыруы.Жиі емес: полицитемия, жоғары сезімталдық, бас ауыруы, бас айналу, күйдіру сезімі, парестезия, гипестезия, тромбофлебит, флебит, ентігу, хроматурия, құсу, іштің ауыруы, диарея, іштің қатуы, қышыну, бөртпе, бұлшықет құрысулары, миалгия, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, бел ауыруы, қалтырау, инъекция орнындағы реакциялар, тітіркенулер, экстравазация, тері түсінің өзгеруі, инъекция орнындағы күйдіру сезімі және ісіну, астения, шаршау, ауырсыну.Сирек: пневмония, темірмен артық жүктену, естен тану, бас сақинасы, ұйқышылдық, жүрек соғуын сезіну, гиперемия, ауыздың құрғауы, аяқ-қолдағы жайсыздықты сезіну, бұлшықет түйілулері, ыстықты сезіну, кеуденің ауыруы, пирексия, ісіну, инъекция орнындағы қышыну, инъекция орнындағы қанталау, шеткергі ісіну.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ұсынылмайды! Балаларда қолдану зерттелмеген.