B03AA07 Темір сульфаты¹ (Ferrous sulfate)

Қолдану көрсеткіштері

Темір тапшылықты анемияны емдеу және алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Виллебранда
  2. Железодефицитная анемия
  3. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  4. Белково-энергетическая недостаточность у детей
  5. Мукополисахаридозы у детей
  6. Умственная отсталость
  7. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кровотечением
  8. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кахексией, астенией
  9. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  10. Язвенный колит
  11. Изолированная протеинурия (педиатрия)
  12. Нарушения, развивающиеся в результате дисфункции почечных канальцев (педиатрия)
  13. Рецидивирующая и устойчивая гематурия у детей
  14. Кистозная болезнь почек у детей
  15. Анемия беременных
  16. Хроническая интоксикация нефтепродуктами
  17. Хроническая интоксикация свинцом
  18. Хроническая интоксикация сероводородом
  19. Гиперпластические процессы эндометрия

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа асқын сезімталдық; темір тапшылығымен байланысты емес анемиялар; гемосидероз, гемохроматоз, ішек бітелісі.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратпен курстық ем тағайындағанда қандағы гемоглобин көрсеткіштерін жүйелік бақылау керек. Қабыну реакцияларының нәтижесінде дамыған қандағы темір құрамының төмендеуі  темір препараттарының көмегімен емдеуге келмейді. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында, ішектің қабыну ауруларында (энтерит, дивертикул, ойық жаралы колит, Крон ауруы), аллергиялық ауруларда сақтықпен тағайындайды. Шайды, кофені және сүтті көп мөлшерде ішу темірдің сіңуін бәсеңдетеді.Көлік құралын және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік зат әсер етпейді.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Колестирамин, алюминий, магний, кальцийден тұратын антацидті заттар – АІЖ темір абсорбциясының төмендеуі;Этидрон қышқылы, асқазан сөлінің қышқылдығын төмендетін препараттар (соның ішінде циметидин, карбонаттар, бикарбонаттар, фосфаттар, оксалаттардан тұратын препараттар), панкреатин- препарат сіңірілуінің төмендеуі (қабылдаулар арасындағы аралық 1-2 сағатты құрауы тиіс);Тетрациклиндер тобының антибиотиктері, сонымен бірге Д-пеницилламин - темір және антибиотиктер абсорбциясын төмендететін кешенді қосылыстар түзіледі;Глюкокортикоидтар - эритропоэз стимуляциясының күшеюі ықтимал.Ескерту: мұнда маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Қосымша ақпарат және өзара әрекеттесуі бойынша ұсыныстар алу үшін дәрілік заттардың өзара әркеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Препаратты көрсетілімдер бойынша тағайындайды.

Емізу

Препаратты көрсетілімдер бойынша тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жүрек айнуы, эпигастр аймағындағы ауырлық сезімі, метеоризм, нәжістің қараюы, препаратты тағаммен бірге қабылдағанда қайтатын іш қату немесе диарея.Сирек: аллергиялық тері реакциялары.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тікелей тамақтанудың алдында немесе тамақтану кезінде, жеткілікті мөлшердегі сумен ішеді. Таблетканы/капсуланы: соруға, кеміруге, ауызда ұзақ ұстауға болмайды, тұтастай жұту керек.6 жас және одан асқан балалар: күн сайын 200 мг темір сульфаты (60 мг элементарлық темірге баламалы); препарат көтерімділігі нашар болса дозаны барынша көтерімдіге дейін төмендетеді. Ішке, тікелей тамақтанудың алдында немесе тамақтану кезінде, аз мөлшердегі сумен. Тамшылар: тәуліктік доза 1 кг дене салмағына 5 тамшы, тағайындау жиілігі тәулігіне 2-3 рет. Жаңадан туылған және 6 жасқа дейінгі балалар: 12,5-30 мг элементарлық темір; 6 жастан асқан балалар: 60 мг элементарлық темір.Дозасын есептеу үшін препарат нұсқаулығын қараңыз.