B02BD01 B02BD01 II, VII, IX және X біріктірілімімен қан ұю факторлары (Coagulation factor IX, II, VII and X in combination)
Қолдану көрсеткіштері
К дәруменінің антагонистерімен емдеуден немесе К дәруменінің антагонистері мөлшерден тыс дозаланған жағдайда туындаған тапшылық сияқты ұю факторларының протромбиндік кешенінің жүре пайда болған тапшылығымен байланысты қан кетулерді емдеуде және операцияға дейінгі қан кетулердің алдын алу. К дәруменіне тәуелді II және X ұю факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы кезіндегі қан кетулерді емдеу және операцияға дейінгі қан кетулердің алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Трансплантация печени
- Трансплантация сердечно-легочного комплекса
- Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
- Стеноз аортального клапана
- Стеноз митрального клапана
- Трансплантация сердца
- Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
- Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
- Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
- Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
- Кесарево сечение
- Послеродовое кровотечение
- Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
- Ожоги у детей
- Отморожение у детей
- Церебральный венозный тромбоз
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді заттарға немесе қосымша заттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, гепаринге жоғары сезімталдық немесе анамнезінде гепаринмен шақырылған тромбоцитопенияның болуы.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты енгізген кезде атауын, серия номерін және биологиялық сынамаларға әсерін міндетті түрде жазу керек. Ұюға жүргізілген тесттерде препарат құрамындағы гепарин мөлшерін ескеру керек. К дәруменінің антагонистерін қабылдап жүрген пациенттерде гиперкоагуляциялық статусы төмен болуы мүмкін және протромбиндік кешен концентратының инфузиясы мұны ушықтыруы мүмкін. Адамның плазмалық протромбиндік кешенінің препараттарын ұдайы/қайталап қабылдап жүрген пациенттерге тиісті вакцинация (А және В гепатиті) жүргізу ұсынылады. Емдеудің ықтимал пайдасы және тромбоэмболиялық асқынулар қаупінің қатынасын салыстыру керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
К дәруменінің антагонистері- бұл заттар әсерін бейтараптандыру.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Адамның протромбиндік кешенінің бір немесе одан да көп факторларын тежейтін айналымдағы антиденелердің түзілуі (соның негізінде клиникалық әсері төмендейді); аллергиялық немесе анафилактоидтық реакциялар; дене температурасының жоғарылауы және бас ауыруы, бауыр трансаминазаларының транзиторлық жоғарылауы; тромбоз; тамырішілік қан ұюы.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Жаңадан туылған балаларда К дәруменінің тапшылығымен байланысты, перинатальді қан кетулерде препаратты қолдану бойынша деректер жоқ.