B01A23 Цилостазол (Cilostazol)

Қолдану көрсеткіштері

Тыныш күйде ауыруды сезінбейтін және шеткері тіндер некрозының белгілерімен (Фонтейн бойынша II сатыдағы шеткері артериялар аурулары) мезгіл-мезгіл ақсаңдауы бар пациенттерде ауырсынусыз жүріс (ЖАА) ұзақтығының артуында.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Эксеместанға немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық;  іркілісті жүрек жеткіліксіздігі;  кез келген белгілі қан кетулерге бейімділік (мысалы, асқазан мен  он екі елі ішек ойық жарасының белсенді түрі, таяуда (6 ай ішінде) өткерілген геморрагиялық инсульт, пролиферациялық диабеттік ретинопатия, нашар бақыланатын гипертензия) қарыншалық тахикардия; қарыншалық фибрилляция; анамнездегі тұрақсыз стенокардия, миокард инфарктісі немесе коронарлық араласу (соңғы 6 ай ішіндегі).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

  Төмендегі жағдайдағы науқастарға сақтықпен қолданыңыз:  жыпылық аритмия; жүрекшелік немесе қарыншалық эктопия; қант диабеті (көзішілік қан кету қаупінің жоғарылауы); жеңіл және орташа атриальды діріл; тұрақты стенокардия; ота жасалуда.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ацеклофенак, Алтеплаза, Анагрелид, Апиксабан, Тикагрелор және т.б -  қан кету қаупін арттырады;Рифампицин, Фенитоин, Миконазол, Кетоконазол -  антиагреганттық әсердің өзгеруі, сақтықпен қолданған жөн.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі ≤ 25 мл/мин пациенттерге тағайындауға болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар науқастарға қолдануға болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыру, диарея, нәжістің бұзылуыЖиі: экхимоз, ісінулер (шеткері, бет), анорексия, бас айналу, жүректің қатты соғуы, тахикардия, стенокардия, аритмия, қарыншалық экстрасистолия, ринит, фарингит, жүрек айну, құсу, диспепсия, метеоризм, іштің ауыруы, бөртпе, қышыну, кеуде қуысының ауыруы, астения.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейін қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді