L01FF05 Атезолизумаб (Atezolizumab)

Қолдану көрсеткіштері

Уротелиальді обыр
Атезолизумаб препараты ересек пациенттерде жергілікті таралған немесе метастаздық уротелиальді обырды емдеу үшін монотерапия ретінде қолдануға арналған:
• осының алдындағы платина препараттарымен химиотерапиядан кейін немесе
• цисплатинмен емдеу мүмкін болмағанда, сондай-ақ, PD-L1 экспрессиясы ≥5% болған жағдайда.
Өкпенің ерте сатыдағы ұсақ жасушалы емес обыры
Атезолизумаб препараты монотерапияда қайталану қаупі жоғары өкпенің ұсақ жасушалы емес обыры (ӨҰЖЕО) бар ересек пациенттерде ісік жасушаларында (ІЖ) PD-L1 ≥50% экспрессиясы бар және EGFR немесе геномдық ісік мутациясының ALK болмаған кезде радикальді операциялық араласудан және құрамында платина бар препараттармен химиотерапиядан кейін адъювантты режимде қолдануға арналған.
Өкпенің кең таралған ұсақ жасушалы емес обыры
Атезолизумаб препараты бевацизумабпен, паклитакселмен және карбоплатинмен біріктірілімде метастаздық жалпақ жасушалы емес ӨҰЖЕО шалдыққан ересек пациенттерді емдеудің бірінші желісінде қолдануға арналған. EGFR немесе ALK геномдық ісік мутациясы бар пациенттерде бевацизумабпен, паклитакселмен және карбоплатинмен біріктірілімде Атезолизумаб препаратын тиісті таргеттік емнің тиімділігі болмаған кезде ғана қолдану көрсетілген.
Наб-паклитакселмен және карбоплатинмен біріктірілімдегі Атезолизумаб препаратын EGFR немесе ALK геномдық ісік мутациясы болмаған кезде метастаздық жалпақ жасушалы емес ӨҰЖЕО шалдыққан ересек пациенттерге емнің бірінші желісінде қолдану көрсетілген.
Монорежимде Атезолизумаб препараты ІЖ-да PD-L1 экспрессиясы ≥50% болған кезде немесе ісік тінін инфильтрациялайтын иммунокомпетентті жасушаларда PD-L1 экспрессиясы ≥10% болған кезде, EGFR немесе ALK геномдық ісік мутациясы болмағанда метастаздық ӨҰЖЕО шалдыққан ересек пациенттерге емнің бірінші желісінде қолдану үшін көрсетілген.
Атезолизумаб препараты платина негізіндегі ем сай келмейтін кең таралған ӨҰЖЕО бар ересек пациенттерде бірінші желідегі емдеу үшін монотерапия ретінде көрсетілген.
Атезолизумаб препараты алдыңғы химиотерапиядан кейін жергілікті таралған немесе метастаздық ӨҰЖЕО шалдыққан ересек пациенттерді емдеу үшін монотерапияда қолдануға арналған. Атезолизумаб препаратымен емдеуді бастар алдында EGFR немесе ALK геномдық ісік мутациясы бар пациенттер таргеттік ем алуы тиіс.
Өкпенің ұсақ жасушалы обыры
Карбоплатинмен және этопозидпен біріктірілімде Атезолизумаб препаратын таралған өкпенің ұсақ жасушалы обыры бар ересек пациенттерді емдеудің бірінші желісінде қолдану көрсетілген.
Сүт безінің үштік теріс обыры
Наб-паклитакселмен біріктірілімдегі Атезолизумаб препараты PD-L1 экспрессиясы ≥1% болған кезде, метастаздық ауруға қатысты алдыңғы химиотерапия алмаған, операция жасауға болмайтын жергілікті-таралған немесе метастаздық сүт безінің үштік теріс обырына шалдыққан ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.
Гепатоцеллюлярлы карцинома
Бевацизумабпен біріктірілген Атезолизумаб препараты таралған немесе операция жасауға болмайтын гепатоцеллюлярлы карциномаға шалдыққан ересек пациенттерді алдыңғы жүйелі емсіз емдеу үшін көрсетілген.
    Клинические протоколы:
  1. Рак мочевого пузыря
  2. Рак легкого
  3. Рак молочной железы
  4. Гепатоцеллюлярная карцинома

Қарсы көрсеткіштері

− әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

Атезолизумаб препаратымен емді бастар алдында емдеуші дәрігерге хабарлаңыз, егер:
• сізде аутоиммундық ауру (организмнің өз жасушаларына шабуыл жасаған жағдайы) бар болса
• сізге обырдың миға таралуы туралы хабарласа
• сізде бұрын-соңды өкпе қабынуы байқалса (пневмонит деп аталатын)
• сізде В гепатиті немесе С гепатитін қоса алғанда, бауырдың созылмалы вирустық зақымдануы бар немесе бұрын болса
• сізде адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ-инфекция) немесе жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) болса
• сізде күрделі жүрек-қантамыр ауруы немесе қанайналымның бұзылуы, немесе қанайналымның жеткіліксіздігі салдарынан әлдебір ағзаның зақымдануы болса
• сіз бір кездерде иммундық жүйеңізге онкологиялық аурумен күресуге көмектесетін басқа антидене емінің аясында күрделі жағымсыз әсерлер байқалған болса
• сіз иммундық жүйені стимуляциялайтын препараттарды қабылдасаңыз
• сіз иммундық жүйені басатын препараттарды қабылдасаңыз
• сіз тірі аттенуирленген вакцинаны алсаңыз
• соңғы екі апта ішінде сіз инфекцияларды емдеуге арналған дәрілік препараттарды (антибиотиктерді) алсаңыз
Егер жоғарыда аталғандардың кез келгенінің сізге қатысы болса (немесе сіз сенімді болмасаңыз), Атезолизумаб препаратымен емдеуді бастар алдында өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Атезолизумаб препаратын қолдану кейбір жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін, олар туралы сіз дереу емдеуші дәрігерге хабарлауыңыз керек. Олар соңғы дозаны қабылдағаннан кейін бірнеше апта немесе айдан кейін дамуы мүмкін. Егер сіз осы аталған симптомдардың кез-келгенін байқасаңыз, дереу дәрігерге хабарлаңыз:
• өкпенің қабынуы (пневмонит): симптомдары жөтелдің пайда болуын немесе бұрыннан бар жөтелдің өршуін, тыныс алудың қиындауын және кеуденің ауыруын қамтуы мүмкін
• бауырдың қабынуы (гепатит): симптомдары терінің немесе көздің сарғаюын, жүрек айнуын, құсуды, қан кетуді немесе қанталауды, несеп түсінің күңгірттенуін және іштің ауыруын қамтуы мүмкін
• ішектің қабынуы (колит): симптомдары диареяны (сулы, сұйық немесе жұмсақ нәжіс), нәжістегі қанды және іштің ауыруын қамтуы мүмкін
• қалқанша безінің, бүйрекүсті безінің және гипофиздің қабынуы (гипотиреоз, гипертиреоз, бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі немесе гипофизит): симптомдарына қажу, салмақ жоғалту, салмақтың артуы, көңіл-күйдің өзгеруі, шаштың түсуі, іш қату, бас айналу, бас ауыруы, қатты шөлдеу, несеп шығарудың жиілеуі және көрудің өзгеруі жатуы мүмкін
• 1 типті диабет, оның ішінде диабеттен туындаған қанның қышқылдануына (диабеттік кетоацидозға) байланысты күрделі, кейбір жағдайларда өмірге қауіп төндіретін проблемалар: симптомдарына аштықтың немесе шөлдеудің әдеттен тыс күшеюі, несеп шығарудың жиілеуі, салмақ жоғалту және шаршау сезімі немесе ойлау функциясының қиындауы, өзіне тән тәттілеу иісі бар, ауызға тәттінің немесе металдың дәмі келетін «жеміс иісті» тыныс алу немесе несептің немесе тердің иісінің өзгеруі, жүрек айнуы немесе құсу, іштің ауыруы және тыныс алудың тереңдеуі немесе жиілеуі жатуы мүмкін
• мидың қабынуы (энцефалит) немесе жұлын және ми қабықтарының қабынуы (менингит): симптомдарына мойын бұлшықеттерінің ширығуы, бас ауыруы, дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, құсу, көздің жарыққа сезімталдылығы, сананың шатасуы және ұйқышылдық жатуы мүмкін
• қабыну немесе жүйке проблемалары (нейропатия): симптомдарына қолдың, аяқтың немесе бет бұлшықеттерінің әлсіздігі және ұюы, көзге қос көріну, сөйлеуге немесе шайнауға қиналу, қол мен аяқтың ұюы шаншу жатуы мүмкін
• жұлынның қабынуы (миелит): симптомдары ауыруды, ұю, шаншу, суықты немесе ыстықты сезіну сияқты патологиялық сезімдерді, қолдың немесе аяқтың әлсіздігін, несеп шығарудағы және дефекация жасаудағы проблемаларды қамтуы мүмкін
• ұйқы безінің қабынуы (панкреатит): симптомдарына іштің ауыруы, жүрек айнуы және құсу жатуы мүмкін
• жүрек бұлшықетінің қабынуы (миокардит): симптомдарға тыныс алудың қиындауы, дене жүктемелеріне төзімділіктің төмендеуі, шаршау сезімі, кеуденің ауыруы, тобықтың немесе аяқтың ісінуі, жүректің жүйесіз соғуы және естен тану жатуы мүмкін
• бүйректің қабынуы (нефрит): симптомдарға несептің көлемі мен түсінің өзгеруі, жамбас аймағының ауыруы және дененің ісінуі жатуы мүмкін және бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін
• бұлшықеттің қабынуы (миозит): симптомдарына бұлшықет әлсіздігі, жүріп-тұрғаннан кейін қажу, сүріну немесе құлау, сондай-ақ жұтынудың немесе тыныс алу қиындығы жатуы мүмкін
• инфузияға байланысты ауыр реакциялар (инфузия кезінде немесе инфузиядан кейін бір күн ішінде дамитын құбылыстар): дене температурасының жоғарылауын, қалтырауды, тыныс алудың қиындауын және қан кернеулерін қамтуы мүмкін
• терінің ауыр реакциялары, олар бөртпе, қышыну, күлдіреуіктің түзілуі, терінің қабыршақтануы немесе ойық жаралары, және/немесе ауыздағы немесе мұрынның, тамақтың немесе гениталийдің шырышты қабығындағы ойық жараларды қамтуы мүмкін
• сұйықтықтың жиналуымен (кейбір жағдайларда) жүрек қабының қабынуы (перикардиальді бұзылулар): симптомдары миокардит кезіндегі осындайларға ұқсас әрі кеуденің ауыруын (әдетте кеуде қуысының алдыңғы бөлігінде, жедел, терең тыныс алғанда күшейетін және жүрек қабының қабынуы жағдайында отырған күйде алға еңкейгенде әлсірейтін), жөтелді, жүректің жүйесіз соғуын, тобықтың, аяқтың немесе іштің ісінуін, тыныс алудың қысқаруын, қажуды және естен тануды қамтуы мүмкін
• иммундық жүйе инфекциямен күресу үшін гистиоциттер мен лимфоциттер деп аталатын жасушаларды шамадан тыс мөлшерде өндіретін жағдай (гемофагоциттік лимфогистиоцитоз), ол әртүрлі симптомдардың дамуына әкеледі: симптомдар бауырдың және/немесе көкбауырдың ұлғаюын, тері бөртпесін, лимфа түйіндерінің ұлғаюын, тыныс алу проблемаларын, елеусіз жарақаттан қанталап кетуді, бүйрек функциясының бұзылуын және жүрек проблемаларын қамтуы мүмкін.
Егер сіз жоғарыда аталған симптомдардың қайсыбіреуін байқасаңыз, бұл туралы дереу емдеуші дәрігерге хабарлаңыз.
Басқа дәрілік препараттарды қолдану арқылы симптомдарды өз бетіңізше емдеуге тырыспаңыз. Сіздің дәрігеріңіз:
• асқынулардың алдын алу және симптомдардың ауырлығын азайту үшін сізге басқа препараттарды тағайындауы
• Атезолизумаб препаратының келесі дозасын енгізуді тоқтата тұруы
• Атезолизумаб препаратымен емдеуді тоқтатуы мүмкін
Зертханалық және аспаптық деректер
Емдеуді бастамас бұрын дәрігеріңіз денсаулықтың жалпы жағдайын тексереді. Емдеу кезінде сізге қан талдауын да жүргізеді.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Атезолизумабтың басқа дәрілік заттармен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуіне жекелеген зерттеулер жүргізілген жоқ.
Атезолизумабты қолдануды бастар алдында жүйелі кортикостероидтарды немесе иммуносупрессанттарды қолданудан аулақ болу керек. Дегенмен, Атезолизумаб препаратымен емдеу басталғаннан кейін жүйелі кортикостероидтар немесе басқа иммуносупрессанттар иммунитетке байланысты жағымсыз реакцияларды емдеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесінде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Ауыр дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қолдану туралы деректер өте шектеулі, осы популяцияда препаратты қолдану туралы қорытынды жасау мүмкін емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесінде бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр функциясы ауыр дәрежеде бұзылған пациенттерде препаратын қолдану зерттелмеген.

Жүктілік

Атезолизумаб препаратының жүкті кезінде қолданылуы қарсы көрсетілген.

Емізу

Емдеуші дәрігер балаға емшек емізудің пайдасын және анаға емдеудің артықшылықтарын ескере отырып, емшек емізуді тоқтату немесе Атезолизумаб препаратымен емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдауы қажет.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (10 адамның 1-ден астамында болуы мүмкін)
- несеп шығару жолдарының инфекциялары
- тәбеттің төмендеуі
- бас ауыруы
- жөтел, ентігу
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- бөртпе, терінің қышынуы
- буындардың ауыруы, арқаның ауыруы
- дене температурасының көтерілуі, қажу, астения
Жиі (10 адамның 1-ден азында болуы мүмкін)
- қанталау және қан кету түрінде көрінуі мүмкін тромбоцитопения
- аллергиялық реакциялар (инфузиялық реакция, аса жоғары сезімталдық немесе анафилаксия)
- гипотиреоз, гипертиреоз
- гипокалиемия, гипонатриемия, гипергликемия
- шеткері нейропатия
- перикардиальді бұзылулар
- артериялық гипотензия
- пневмонит, гипоксия, мұрынның бітелуі, назофарингит
- колит, іштің ауыруы, жұтынудың бұзылуы, тамақтың ауыруы, ауыздың құрғауы
- АСТ белсенділігінің жоғарылауы, АЛТ белсенділігінің жоғарылауы, гепатит
- терінің құрғақтығы
- қаңқа-бұлшықет ауыруы
- қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауы
- тұмауға ұқсас синдром, қалтырау
Жиі емес (100 адамның 1-ден азында болуы мүмкін)
- 1 типті қант диабеті, бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі, гипофизит
- Гийен-Барре синдромының белгісі ретінде ұю немесе салдану, менингоэнцефалит
- панкреатит
- терінің ауыр жағымсыз реакциялары, псориаз, теміреткі
- миозит
- нефрит
- креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы
Сирек (1000 адамның 1-ден азында болуы мүмкін)
- гемофагоциттік лимфогистиоцитоз
- миастения синдромы, бет жүйкесінің парезі, миелит
- увеит
- миокардит
- целиакия
- пемфигоид
- креатининфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- инфекциялық емес цистит
Препаратын ісікке қарсы препараттармен біріктірілімде қолдану кезінде клиникалық сынақтар барысында мынадай жағымсыз реакциялар туралы хабарланды:
Өте жиі (10 адамның 1-ден астамында болуы мүмкін)
- өкпе инфекциялары
- анемия, тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения
- гипотериоз
- тәбеттің төмендеуі
- шеткері нейропатия, бас ауыруы
- артериялық гипертензия
- ентігу, жөтел, назофарингит
- жүрек айнуы, диарея, іш қату, құсу
- бөртпе, терінің қышынуы, алопеция
- буындардың ауыруы, бұлшықет-қаңқаның ауыруы, арқаның ауыруы
- дене температурасының көтерілуі, қажу, астения, шеткері ісіну
Жиі (10 адамның 1-ден азында болуы мүмкін)
- сепсис
- лимфопения
- инфузиялық реакция
- гипертиреоз
- гипокалиемия, гипонатриемия, гипомагнезиемия
- естен тану, бас айналу
- дауыс функциясының бұзылуы
- стоматит, дәм сезудің бұрмалануы, колит
- АСТ белсенділігінің жоғарылауы, АЛТ белсенділігінің жоғарылауы
- протеинурия, қандағы креатинин концентрациясының жоғарылауы
- сілтілік фосфотаза белсенділігінің жоғарылауы
Жиі емес (100 адамның 1-ден азында болуы мүмкін)
- перикардиальді бұзылулар
- терінің ауыр жағымсыз реакциялары, псориаз
- гипофизит
Сирек (1000 адамның 1-ден азында болуы мүмкін)
- гемофагоциттік лимфогистиоцитоз
- бет жүйкесінің парезі
- пемфигоид
- целиакия

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ұсынылатын доза:
• екі апта сайын 840 миллиграмм (мг) немесе
• әрбір үш апта сайын 1200 миллиграмм (мг) немесе
• әрбір төрт апта сайын 1680 миллиграмм (мг) құрайды.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратын вена ішіне тамшылатып (венаішілік инфузия) енгізеді.
Сіздің алғашқы инфузияңыз 60 минуттан астам уақытқа созылады.
• Алғашқы инфузия кезінде емдеуші дәрігеріңіз мұқият бақылайды.
• Егер алғашқы инфузия кезінде инфузияға реакция байқалмаса, келесі инфузиялар 30 минут ішінде жүргізіледі.

Балаларда қолданылуы

Препараты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге тағайындалмайды. Бұл препаратының осы жас тобы үшін қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмауына байланысты.