V10XX03 Радия (223Ra) дихлорид (Radium (223Ra) dichloride)
Қолдану көрсеткіштері
Симптоматикалық сүйек метастаздарымен болатын және расталған висцеральді метастаздары болмайтын қуық асты безінің кастрациялық-төзімді обырында.
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компонентеріне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Сүйек кеміктік қордың, мысалы, цитоуытты химиялық емнен және/немесе сәуле емінен кейін белгілі төмендеуі бар пациенттерді немесе сүйек кемігінің кең таралған диффуздық инфильтрациясы болатын қуық асты безінің обырына шалдыққан пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек. Ішектің жедел қабыну ауруларына шалдыққан пациенттерде пайдасы мен қаупін мұқият бағалаудан кейін тағайындалу керек. Қатерлі немесе диагностикаланған жұлын компрессиясы емделмеген пациенттердегі стандартты ем, клиникалық көрсетілімдерге сәйкес, препаратпен емдеу басталғанша немесе жаңғыртылғанша аяқталуы тиіс. Сүйек сынулары бар пациенттерде сынуларды ортопедиялық тұрақтандыру емінің басталуына немесе жаңғыртылуына дейін жүзеге асырылуы тиіс. Енгізілген көлеміне қарай, аталған препарат құрамында 2,35 ммоль (54 мг) дейін бір дозада натрий болуы мүмкін. Бұл тағамдағы натрий бақыланатын пациенттерде ескерілу қажет.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кальций және/немесе фосфат, және/немесе D дәрумені - радий препаратымен емдеу басталғанша бірнеше күн бұрын оларды қолдануды тоқтату керек. Қатарлас химиялық ем - сүйек кеміктік өсіндінің бәсеңдеуіне аддитивті әсерін көрсетуі мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген. Радий (223Ra) дихлоридін пайдалану кезіндегі радиобелсенді сәулелену фертильділікке жайсыз әсер етуге әкелу мүмкін деген зор қауіп бар.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: тромбоцитопения, диарея, құсу, жүрек айну.Жиі: нейтропения, панцитопения, лейкопения, енгізген жердегі реакциялар. Жиі емес: лимфопения. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.