V08AB09 Йодиксанол¹ (Iodixanol)

Қолдану көрсеткіштері

Ангиография, урография, венография, КТ кезіндегі контрастылықты күшейту, асқазан- ішек жолын зерттеу, люмбальді, торакальді және цервикальді миелография, артрография және гистеросальпингография.Клиникалық хаттама:   1. Гоше ауруы
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Гоше

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қосымша компоненттеріне асқын сезімталдық; анамнезінде аллергиялық терілік реакциялардың болуы; манифестирленген гипертиреоз.

Қауіпсіздік шаралары

Аллергия, демікпе кезінде, жүректің қауіпті аурулары мен өкпе гипертензиясы бар науқастарда, жедел церебральді патология, анамнезінде ісіктері мен эпилепсиясы бар науқастар, қант диабетінде, парапротеинемия, гипертиреозы бар пациенттерде сақтықпен қолдану. Миастения симптомдарын күшейтеді. Инъекциядан кейін бір сағат аралығында немесе препаратты енгізгеннен кейін алғашқы 24 сағат бойы көлік жүргізу немесе басқа да механизмдерді қолдану ұсынылмайды. Контрастылы заттарды енгізуге дейін және енгізуден кейін қажетті көлемде су жүктемесімен қамтамасыз ету керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Антипсихотикалық заттар, анальгетиктер және антидепрессанттар - тырысу табалдырығының төмендеуі, жағымсыз реакциялар даму қаупінің артуы.Метформин- бүйрек қызметінің уақытша бұзылыстары және сүтқышқылды ацидоз дамуы мүмкін.Алдеслейкин - тұмау тәрізді жағдайлар немесе терілік реакциялар сияқты мерзімі ұзартылған жағымсыз реакциялар жиілігінің жоғарылауы.Бета-адреноблокаторлар - анафилаксия көріністері ауытқыған болуы мүмкін және вагусты реакциялар ретінде қате қабылданады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Құрамында йоды бар ретгенконтрастылы заттар нефропатия, бүйрек қызметі бұзылыстарын немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін, алдын алу шараларын сақтау керек препарат нұсқаулығын қараңыз. Бүйрек бұзылыстары кезінде сақтықпен қолдану керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана сүтіне аз мөлшерде экскрецияланады, сондықтан емізу кезінде бала үшін қауіп тудыру ықтималдығы екіталай. Енгізуден кейін 24 сағат аралығында емізуден бас тартқан жөн.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жоғары сезімталдық реакциялары, сарысулық креатининнің елеусіз транзиторлық жоғарылауы;Сирек: иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар, жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар, кардиологиялық бұзылыстар, тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірек ағзалары тарапынан бұзылыстар, ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылыстар.

Балаларда қолданылуы

Кардиоангиография, урография, КТ кезінде контрастылықты күшейту үшін артерия ішіне, көктамырға және интратекальді.Асқазан- ішек жолын зерттеу үшін - пероральді.Балаларға дозалау зерттеу мәселелеріне сәйкес және орындалатын әдістер сипатымен анықталады. Нақты көрсетілімдер бойынша дозалау ерекшеліктері препарат нұсқаулығында келтірілген.Ескерту! емшек еметін балаларда (< 1 жас) және әсіресе электролиттік теңгерім мен гемодинамика бұзылыстарына бейім жаңадан туылған балаларда сақтықпен қолдану.