V03AF06 Динатрий фолинаты¹ (Sodium folinate)
Қолдану көрсеткіштері
Фолий қышқылының антагонистерімен, мысалы метотрексатпен улану. Метотрексатты жоғары дозаларда қолданған кезде оның уытты әсерінің алдын алу. 5-фторурацилмен біріктірілімі колоректальды ісік кезіндегі химиотерапия үшін.Клиникалық хаттама: 1. Балалардағы гемопоэздік бағаналы жасушалардың гаплоидты трансплантациясы
-
Клинические протоколы:
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
Қарсы көрсеткіштері
Пернициозды анемия немесе В12 дәруменінің тапшылығынан болған анемияның басқа түрлері; динатрий фолинатқа немесе препараттың құрамына кіретін кез келген басқа компонентке жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Интратекальді енгізбеу! Цитоуытты ем жүргізуде тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүргізу. Алкоголизмі, эпилепсиясы бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн. Егде жастағы немесе әлсіреген пациенттерді емдеуде олардың жағдайларына мониторинг қажет, өйткені олар ауыр уыттылықтың даму қаупіне бейімдірек. Динатрий фолинатымен емдеу ұзақтығын және оңтайлы дозасын анықтау үшін сарысулық метотрексаттың мониторингін жүргізу керек. В12 дәрумені тапшылығынан туындаған макроцитарлы анемия аясында қолдану бір мезгілде неврологиялық бұзылуларға өршитін гематологиялық ремиссияға әкелуі мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Фенобарбитал, фенитоин, примидон - олардың эпилепсияға қарсы белсенділігінің төмендеуі және ұстамалар жиілігінің жоғарылауы.Фолий қышқылының антагонистері (мысалы, метотрексат) - олардың клиникалық уыттылығын модификациялау немесе бейтараптандыру үшін бір мезгілде қолданғанда фолий қышқылы антагонистерінің терапевтикалық әсері жоққа шығарылуы мүмкін.Фторурацил - фторурацилдің емдік те және уытты әсерін де күшейтуі мүмкін, осыған байланысты бірге қолданған кезде фторурацил дозасы төмендетілуі тиіс.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: диарея, дегидратация, стоматит, лейкопения.Жиі емес: жүрек айнуы, құсу, іш қатуы, анорексия, тромбоцитопения, алопеция, дерматит, инфекциялар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 2 жастан асқан балаларға сақтықпен қолдану.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.