V03AF03 Кальций фолинаты¹ (Calcium folinate)
Қолдану көрсеткіштері
Фолий қышқылының антагонистері - препараттарының (метотрексат, пириметамин, триметоприн) уытты әсерлеріне антидот ретінде, метотрексатты жоғарылатылған және жоғары дозаларда қолданған кезде оның уытты әсерінің алдын алатын дәрілер ретінде, ішек ісіктерін емдеген кезде флуороурацилдің биологиялық әсерінің модификаторы ретінде.
-
Клинические протоколы:
- Токсоплазмоз
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
- Рак желудка
- Пограничные и злокачественные опухоли кости
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
Қарсы көрсеткіштері
Кальций фолинаты немесе препарат құрамына кіретін кез келген басқа затқа жоғары сезімталдық, пернициозды анемия және В12 дәруменінің тапшылығы туындатқан басқа мегалобласты анемия, балаларда эпилепсия талмаларына бейімділік болғанда.
Қауіпсіздік шаралары
Несептің қышқылды реакциясы бар науқастарда, экссудативті жалқығы, бүйрек қызметінің бұзылуы, ішек бітелісі бар науқастарда кальций фолинатының өте жоғары дозасы және/немесе емдеуді ұзаққа созу қажет етілуі мүмкін, өйткені осы топқа жататын пациенттерде метотрексаттың шығарылуы баяулауы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Фенобарбитал, фенитоин және примидон - құрысуға қарсы белсенділігін төмендетеді.Флуороурацил - емдік те, уытты да әсерлерін күшейтеді.Кальций фолинаты 5 - фторурацилмен бір инфузиялық ортада араласпауы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Есекжем түріндегі аллергиялық реакциялар, терінің қышынуы, бөртпе, анафилаксиялық шок дамуы, диспепсиялық бұзылулар (жоғары дозада қолданған кезде), ұйқының бұзылуы, қозу, депрессия, қызба.
Балаларда қолданылуы
Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.