V03AE02 Севеламер¹ (Sevelamer)
Қолдану көрсеткіштері
Гемодиализ немесе перитонеалдық диализ алатын ересек пациенттердегі гиперфосфатемияны бақылау, гемодиализ алмаған бүйректің созылмалы ауруы (БСА) бар ересек пациенттердегі гиперфосфатемияны бақылау үшін, қан сарысуында фосфордың деңгейі 1.78 ммоль/л жоғары болғанда.
-
Клинические протоколы:
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая болезнь почек у детей
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Хронический тубулоинтерстициальный нефрит
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді ингредиентіне немесе қосымша компоненттерінің кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық, гипофосфатемия, ішек бітелісі.
Қауіпсіздік шаралары
Созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттер метаболизмдік ацидоздың дамуына бейім болғандықтан, қан сарысуындағы бикарбонаттар деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылылады.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ципрофлоксацин - ципрофлоксацин биожетімділігінің төмендеуімен байланысты бір уақытта қабылдау қарсы көрсетілген.Циклоспорин, микофенолат мофетил және такролимус - ешбір клиникалық салдарсыз циклоспорин, микофенолат мофетил және такролимус деңгейінің төмендеуі (мысалы, трансплантатты қабылдамау). Аталған біріктірілімді қолдану кезінде қандағы циклоспориннің, микофенолат мофетилдің және такролимустың концентрациясына мұқият мониторинг жүргізу керек, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейін.Левотироксин - левотироксинмен севеламер карбонатын бірге қабылдайтын пациенттерде ТТГ деңгейін мұқият бақылау қажет.Аритмияға қарсы және эпилепсияға қарсы дәрілер - ерекше сақтық таныту.Севеламерді басқа препараттармен бір мезгілде қолданған кезде қауіпсіздігі мен тиімділігі қатынасында клиникалық биожетімділігінің төмендеуі маңызды болуы мүмкін, оларды бір сағат бұрын немесе үш сағаттан кейін қабылдау керек, немесе дәрігерге олардың қандағы деңгейіне мониторинг жүргізу қажеттілігін қарастыру қажет.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын пациенттерді гипокальциемия немесе гиперкальциемия дамуы мүмкін. Севеламердің құрамында кальций жоқ. Қан сарысуындағы кальций деңгейіне мониторинг жүргізу қажет және қажетінше кальций препараттарын қосымша тағайындау қажет.
Жүктілік
Ұсынылмайды.
Емізу
Науқастардың осы санаттарында препаратты ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: жүрек айнуы, құсу, іштің жоғары бөлігіндегі ауыру, іштің қатуы.Жиі: диарея, диспепсия, метеоризм, іштің ауыруы.Сирек: қышыну, бөртпе, ішек бітелісі, ішектің тесілуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.