V03AB14 Протамина сульфат (Protamine)
Қолдану көрсеткіштері
Гепариннің артық дозалануынан туындаған қан кетулер, гепаринмен емдеу аясында операция алдында, жүрекке және экстракорпоральді қанайналымы бар қан тамырларына жасалған операциядан кейін.
-
Клинические протоколы:
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Трансплантация сердечно-легочного комплекса
- Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
- Стеноз аортального клапана
- Стеноз митрального клапана
- Трансплантация сердца
- Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
- Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық, идиопатиялық және туа біткен гипергепаринемия, айқын гипотензия, тромбоцитопения, бүйрек үсті бездері қыртысының жеткіліксіздігі, гиповолемия.
Қауіпсіздік шаралары
Емдеу кезінде қан ұю көрсеткіштерін бақылау қажет. Енгізер алдында науқастың қан көлемі талапқа сай екеніне көз жеткізіп алған жөн, себебі гиповолемия коллапс қаупін арттырады. Артық дозалануында препараттың антикоагулянттық белсенділігіне байланысты қан ұюы төмендейді. Препаратты жылдам енгізу ыстықты сезінуді, тері гиперемиясын, артериялық қысымның төмендеуін, брадикардияны, ауа жетіспеуін сезінуді, аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін. Протамин-мырыш инсулинін қолданатын қант диабеті бар науқастарда айқаспалы жоғары сезімталдық туындауы мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Цефалоспориндер, пенициллиндер, рентгеноконтрастылы заттар - преципитация реакциясын туындатады, протаминмен үйлесімсіз.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Қабылдау қажет болған жағдайда препаратты қолданудың барлық кезеңінде бала емізуді тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
Брадикардия, артериялық қысым көрсеткіштерінің өзгеруі (гипотензия/гипертензия), ысынуды сезіну, қозу, тері гиперемиясы, диспное, аллергиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық реакциялары, тері бөртпесі, қышыну, анафилаксия, Квинке ісінуі, арқаның ауыруы, шаршау, жүрек айнуы, құсу.
Балаларда қолданылуы
Көктамыр ішіне, сорғалатып немесе тамшылатып. Балаларға, ең жоғары тәуліктік доза 50 мг құрайды.