V01AA20 Басқа да аллергендер (Various allergens)

Қолдану көрсеткіштері

Төмендегілерді қамтумен, туберкулез инфекциясына жекелей және жаппай диагностика жасау мақсатында барлық жастағы топтарға тері ішіне сынама қоюға арналған:
• туберкулез ауруы бойынша жоғары қауіп тобына жататын адамдарға, басқа әдістермен бірге үйлестіре туберкулезге диагностика жасау;
• белсенді туберкулездің даму қаупі жоғары адамдарды анықтау (латентті туберкулездік инфекция)*;
• вакцинадан кейінгі (БЦЖ) және инфекциялық аллергияны (баяу типті асқын сезімталдықта) дифференциалды диагностика;
• басқа әдістермен бірге үйлестіре туберкулезге қарсы емдеу тиімділігін бағалау.
Препараттың БЦЖ вакцинациясына байланысты баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциясын туындатпауына байланысты, препаратымен сынама БЦЖ (БЦЖ-М) вакцинациясына және ревакцинациясына адамдарды іріктеуде пайдаланыла алмайды, алайда оның нәтижелерін туберкулезге қарсы иммунизация жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде ескеру қажет.
Туберкулездің дифференциалды диагностикасы үшін препаратымен сынаманы клиникалық-зертханалық және рентгенологиялық тексерумен кешенді түрде жүргізеді. Туберкулез инфекциясының әр түрлі көріністерімен фтизиатрда есепте тұрған пациенттерді байқап-бақылап отыру үшін туберкулезге қарсы мекеме жағдайында препаратымен сынаманы диспансерлік есептегі барлық топтарда 3-6 ай аралықпен бақылау тексеруі кезінде жүргізеді.
*) Латентті туберкулез инфекциясы – туберкулез белсенді түрінің клиникалық көріністері болмағанда туберкулез микобактериялары антигендеріне (Mycobacterium tuberculosis) тұрақты иммунды жауаптың жағдайы.

Қарсы көрсеткіштері

• туберкулезге күдік болған жағдайларды қоспағанда жедел және созылмалы (өршу кезеңінде) инфекциялық аурулар;
• өршу кезеңіндегі соматикалық және басқа да аурулар;
• кең таралған тері аурулары;
• аллергиялық жағдайлар;
• эпилепсия;
• әсер етуші затқа және/немесе препарат құрамына кіретін кез келген басқа компонентке жоғары сезімталдық.
Балалар инфекцияларына қатысты карантин болып жатқан балалар ұжымдарында сынама карантин алынғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты енгізгеннен кейін немесе кейде енгізер алдында бозару, бас айналуы, естен тану, айқын әлсіздік немесе жүрек айнуы инъекцияға психологиялық реакция ретінде болуы мүмкін. Препаратты енгізер алдында пациент есінен танып қалған жағдайда зақымданбайтынына көз жеткізу маңызды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Сынама теріс нәтиже берген дені сау адамдарға тікелей сынама нәтижесін бағалау мен есепке алудан кейін профилактикалық екпе (БЦЖ-дан басқа) жүргізуге болады. Препаратымен сынама қоюды профилактикалық екпелер жүргізгенге дейін жоспарлаған жөн. Егер профилактикалық екпелер жүргізілсе, онда препаратымен сынама егуден кейін 1 айдан соң ғана жүзеге асырылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Препарат тері ішіне ең аз дозада қолданылады және іс жүзінде жүйелі қан ағымына енбейді. Сондықтан бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану ерекшеліктері жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Препарат тері ішіне ең аз дозада қолданылады және іс жүзінде жүйелі қан ағымына енбейді. Сондықтан бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдану ерекшеліктері жоқ.

Жүктілік

Жүктілік және лактация кезеңінде әйелдерге препараттың әсер етуі зерттелмеген, шаранаға және ұрпақ өрбіту функциясына әсер ету жағдайы да белгісіз. Туберкулезді кешенді диагностикалаудағы терідегі сынамасы, егер ана үшін болжамды пайдасы шаранаға төнетін потенциалды қауіптен басым болса, жүкті әйелдерде пайдаланылуы мүмкін.

Емізу

Лактация кезінде препараттың әйелдер сүтіне өтуі туралы деректер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Сирек
Жалпы реакцияның қысқа мерзімді белгілері байқалуы мүмкін: дімкәстік, бас ауыруы, дене температурасының жоғарылауы.Бұл реакциялардың нәтижелері ауыр емес, олар салдарсыз шешіледі, ауырлық дәрежесі орташа деңгейден аспайды және қоғамдық денсаулыққа әсер етпейді.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Сынаманы дәрігердің тағайындауы бойынша балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге тері ішіне тест жүргізуге рұқсаты бар арнайы оқытылған медбике жасайды.
Препараты бар құтыны ашқаннан кейін 2 сағаттан асырмай сақтауға жол беріледі. Шприцпен препаратының 0,2 мл-ін (екі дозасы) алады және стерильді мақта тампонға 0,1 мл белгісіне дейін ерітінді шығарады.
Сынаманы тексерілуші емшараны жүргізгеннен кейін дене қалпын күрт өзгертпей отыру жағдайында жүргізеді.
Білектің ортаңғы бөлігінің ішкі беткейі терісінің аймағын 70 % этил спиртімен өңдегеннен кейін, тартылған терінің жоғары қабатына оның беткейіне параллельді 0,1 мл препаратын енгізеді.
Сынама қойылған кезде, әдетте, теріде диаметрлік өлшемі 7-10 мм ақшыл түсті «лимон қабығы» түріндегі папула пайда болады.
Анамнезде спецификалық емес аллергиялар болған адамдарға сынаманы 7 күн бойы десенсибилизациялайтын препараттарды қабылдау аясында (сынама қойылғанға дейін 5 күн және одан кейін 2 күн) жүргізу ұсынылады.
Препарат тек тері ішіне енгізіледі. Сынаманы жүргізу үшін туберкулиндік шприцтер мен қиғаш кесілген жіңішке қысқа инелер қолданылады.

Балаларда қолданылуы

Сынаманы дәрігердің тағайындауы бойынша балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге тері ішіне тест жүргізуге рұқсаты бар арнайы оқытылған медбике жасайды.