S02AA15 Ципрофлоксацин (Ciprofloxacin)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 1 жастан асқан балаларға келесі жағдайларда көрсетілген:

  • ципрофлоксацинге сезімтал бактериялардың штамдарынан туындаған жедел сыртқы отитте;
  • жедел және созылмалы ортаңғы отитте;
  • хирургиялық араласуға дейін және одан кейін инфекциялық отиттің профилактикасы үшін, құлақ жарақаты кезінде, құлақ тінінің зақымдалуы қатар жүретін сыртқы есту жолынан бөгде затты шығарып алуда.

Бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қолдану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.

Қарсы көрсеткіштері

Ципрофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Хинолонмен жүйелі ем қабылдаған пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың ауыр, кейде өлімге әкелетін реакциялары (анафилаксиялық реакциялар), кейбір жағдайларда бірінші дозаны қабылдағаннан кейін хабарланды. Кейбір реакциялар жүрек-қантамырлары коллапсымен, естен танумен, шаншумен, Квинке ісінуімен, ентігумен, есекжеммен және қышумен бірге жүрді. Тек бірнеше пациенттердің анамнезінде аса жоғары сезімталдық реакциясы болған.

Ципрофлоксацинді қабылдайтын кейбір пациенттерде орташа және ауыр түрдегі фотоуыттылық байқалуы мүмкін. Шамадан тыс күн сәулесінен аулақ болу керек. Фотоуыттылық дамыған кезде фторхинолонмен емдеуді дереу тоқтату керек.

Ципрофлоксацин ұзақ уақыт қолдану зеңдік инфекциясының дамуына және жүргізілген емге резистентті суперинфекцияға әкелуі мүмкін. Егер суперинфекция пайда болса, тиісті терапияны бастау керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты жергілікті қолданғаннан кейін ципрофлоксациннің төмен жүйелік концентрациясын ескере отырып, басқа дәрілік препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуі екіталай.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қауіпсіздік пен тиімділік туралы деректер жоқ, сондықтан пациенттердің мұндай тобында препаратты қолдану ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қауіпсіздік пен тиімділік туралы деректер жоқ, сондықтан пациенттердің мұндай тобында препаратты қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде ципрофлоксацинді жергілікті қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.

Қолда бар деректер репродуктивті функцияға тікелей уытты әсері анықталмады.

Сақтық шарасы ретінде, егер шаранаға потенциалды қаупі терапиялық әсердің пайдасынан асып кетсе, жүктілік кезеңінде қолданудан бас тартқан жөн.

Емізу

Бала емізетін әйелге препаратты жергілікті тағайындау кезінде сақ болу керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес:

  • бас ауыруы
  • құлақтың ауыруы, құлақ толып қалуы, оторея, қышыну, құлақтың шыңылдауы
  • дерматит
  • гипертермия

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге күніне 2 рет 4 тамшы дозада құлақ жолына тамызу ұсынылады.

1 жаста және одан үлкен балаларға күніне 2 рет құлақ өзегіне 3 тамшыдан Ципромед тамызу ұсынылады.

Балаларда қолданылуы

Жедел сыртқы отит кезінде препаратты 1 жасқа дейінгі пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Ципрофлоксациннің қауіпсіздігі мен тиімділігі, құлақ тамшылары бақыланатын клиникалық зерттеулерде 1 жастан асқан балаларда анықталды.