A12AA03 Кальций глюконаты (Calcium gluconate)

Қолдану көрсеткіштері

Гипокальциемиямен, жасуша жарғақшалары өткізгіштігінің артуымен, бұлшықет тінінде жүйке импульстері берілісінің бұзылуымен қатар жүретін ауруларда; гипопаратиреозда (латентті тетания, остеопороз); D дәруменінің алмасуы бұзылғанда: рахит (спазмофилия, остеомаляция); созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардағы гиперфосфатемия; гиперкалиемиялық формалы проксимальді миоплегия; қан кетудің түрлі этиологияларын кешенді емдеуде; аллергиялық аурулар.  
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь, вызванная вирусом Эбола
  2. Дерматофитии
  3. Менингококковая инфекция у детей
  4. Апластическая анемия у детей
  5. Сердечно-лёгочная реанимация у беременных
  6. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  7. Пороки развития пищевода у новорожденных
  8. Рахит
  9. Умственная отсталость
  10. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  11. Атопический дерматит у детей
  12. Контактный аллергический дерматит
  13. Псориаз
  14. Ахалазия пищевода у детей
  15. Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
  16. Гипоплазия эмали зубов
  17. Клиновидный дефект
  18. Флюороз
  19. Целиакия у детей
  20. Эрозия зубов
  21. Острый тубулоинтерстициальный нефрит
  22. Ведение детей с пересаженной почкой
  23. Криз отторжения почечного трансплантата
  24. Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)
  25. Острая почечная недостаточность у детей
  26. Хроническая трансплантационная нефропатия
  27. Некротический энтероколит у новорожденного
  28. Парентеральное питание новорожденных
  29. Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
  30. Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
  31. Язвенно-некротический энтероколит (педиатрия)
  32. Врожденная высокая кишечная непроходимость у новорожденных
  33. Врожденная низкая кишечная непроходимость
  34. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  35. Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
  36. Рак предстательной железы
  37. Болезнь, вызванная вирусом Эбола
  38. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  39. Рак поджелудочной железы
  40. Злокачественные новообразования прямой кишки
  41. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  42. Гипоксически-ишемическая энцефалопатия

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық, тромбоздарға бейімділік, гиперкальциемия, ауыр гиперкальциурия, айқын атеросклероз, қан ұюының жоғарылауы, саркоидоз, жүрек гликозидтерімен, цефтриаксонмен бір мезгілде қолдану.

Қауіпсіздік шаралары

Кальций тұздарын бүйрек функциясының бұзылулары, жүрек аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Тәулігіне 300 мг асатын (тәулігіне 7,5 ммоль) орташа гиперкальциуриясы бар, бірақ бүйрек функциясы бұзылуының айқындығы аз, анамнезінде несептас ауруы бар пациенттерге сақтықпен және кальцийдің несеппен экскрециялануын жүйелі түрде бақылай отырып тағайындайды. Несеп шығару жолдарында конкременттердің түзілуіне бейім науқастарға емдеу кезінде тұтынылатын сұйықтық көлемін арттыру ұсынылады. Некроздың даму мүмкіндігіне байланысты, 18 жасқа дейінгі балаларға препаратты бұлшықет ішіне енгізу ұсынылмайды.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Этил спирті, карбонаттар, салицилаттар, сульфаттар, тартраттармен фармацевтикалық үйлесімсіз. Этил спирті кальций глюконатымен - соңғысы тұнбаға түседі. Басқа кальций препараттарымен бірге тағайындау ұсынылмайды.• Верапамилді қабылдағанға дейін және кейін кальций глюконаты оның гипотензивті әсерін кемітеді, бірақ оның аритмияға қарсы әсеріне ықпал етпейді. • Тиазидтік диуретиктер - гиперкальциемияның дамуы. • Хинидин - қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы және хинидин уыттылығының артуы. • Жүрек гликозидтері - кардиоуытты әсерінің күшеюіне байланысты қолдану ұсынылмайды. • Кальций глюконаты аминогликозидтер қатарының антибиотиктерін қолданудан туындаған жүйке-бұлшықет берілісінің бәсеңдеуін жояды. • Фенигидин - кальций препараттары оның тиімділігін азайтады.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Жылдам енгізгенде: жүрек айнуы, құсу, тершеңдік, баста ауырлық сезімі, синкопе жағдайы, жалпы әлсіздік, артериялық гипотензия, вазомоторлық коллапс, кейде өліммен аяқталады. Сирек: диарея, брадикардия, ауыз қуысында ыстықты сезіну, соның салдарынан - бүкіл дененің ысыну сезімі, олар өздігінен басылады, кальций ерітіндісінің экстравазациясы салдарынан болатын жұмсақ тіндердің кальцификациясы.Өте сирек: аллергиялық және анафилактикалық реакциялар, анафилактикалық шокқа дейін.

Балаларда қолданылуы

Тек көктамырға, баяу енгізеді, 2-3 минут аралығында.Балаларға, жас шамасына байланысты, 10% кальций глюконаты ерітіндісін мынадай дозаларда: 6 айға дейін - 0,1-1 мл; 6-12 ай - 1-1,5 мл; 1-3 жас - 1,5-2 мл; 4-6 жас - 2-2,5 мл; 7-18 жас - 3-5 мл.Назар аударыңыз! Тіндер неекрозы даму мүмкіндігіне байланысты, 18 жасқа дейінгі балаларға препаратты бұлшықет ішіне енгізу ұсынылмайды.