S01AE05 Левофлоксацин (Levofloxacin)
Қолдану көрсеткіштері
Көздің беткейлік бактериялық инфекцияларын емдеуде қолданылады.
-
Клинические протоколы:
Қарсы көрсеткіштері
Левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
8 жасқа дейінгі балалар.
Қауіпсіздік шаралары
Левофлоксацинді субконъюнктивалық жолмен енгізуге болмайды. Көз тамшыларын тікелей көздің алдыңғы камерасына салуға болмайды. Егер левофлоксацинге аллергиялық реакция пайда болса, көз тамшыларын қолдануды тоқтату керек. Көздің беткі бактериялық инфекциясының белгілері болған кезде пациенттер контактілі линзаларды қолданбауы керек. Өтпелі көру қабілетінің бұзылуы жағдайында пациентке көру қабілеті қалыпқа келгенше күтуге кеңес беру керек, содан кейін ғана көлікті басқаруға немесе механикалық жабдықты пайдалануға болады.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа офтальмологиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда инстилляция арасындағы аралық кемінде 15 минут болуы керек.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Белгісіз. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Белгісіз. |
Жүктілік
Егер ана үшін ықтимал пайда шарана үшін ықтимал қауіптен асатын болса, жүктілік кезінде қолдануға болады. |
Емізу
емшек сүтіне бөлінеді. Алайда, дәрінің емдік дозаларын қолданған жағдайда, балада жағымсыз реакциялардың пайда болуы күтілмейді. Көзге тамызатын дәріні, егер ана үшін ықтимал пайда емшек еметін бала үшін ықтимал қауіптен асатын болса, бала емізу кезінде қолдануға болады. |
Жағымсыз әсерлері
Жиі: көздің жануы, көру қабілетінің төмендеуі, көздің шырышты ағуы.
Жиі емес: блефарит, хемоз, конъюнктивалық папиллярлық реакция, қабақтың ісінуі, ыңғайсыздық, көздің қышуы және ауыруы, конъюнктивалық гиперемия, конъюнктивалық фолликулалар, көздің құрғауы, қабақтың эритемасы, фотофобия, бас ауруы, ринит.
Сирек: көзден тыс аллергиялық реакциялар, соның ішінде тері бөртпесі.
Өте сирек: анафилаксия, көмейдің ісінуі.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Пациенттердің барлық санаттары үшін алғашқы екі күнде әрбір 2 сағат сайын, бірақ тәулігіне 8 реттен асырмай, ерітіндінің 1-2 тамшысын зақымданған көз(дер)ге тамызады, ал содан кейін емдеудің 3-5 күндері тәулігіне 4 реттен асырмайды. Жаңа туылған нәрестелердегі мөлдір қабықтың ойықжарасын және гонококкты офтальмияны емдеуде қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Офтальмологиялық қолдануға арналған. Офтальмологиялық қолданылатын бірнеше препараттарды бір мезгілде пайдаланғанда инстилляциялар арасында 15 минуттық аралықты сақтау қажет. Ерітіндінің және тамшылатқыш ұшының ластануын болдырмау үшін қабақтарға және іргелес аймақтарға немесе басқа беткейлерге тигізбеу керек. Көзжас-мұрын өзегін саусақтармен басқан немесе қабақтарды 2 минут жапқан кезде жүйелі сіңуі төмендейді. Бұл офтальмологиялық дәрілік заттардың жүйелі сіңуін төмендетуі мүмкін, бұл жүйелі жағымсыз әсерлерді азайтады және жергілікті әсерлерді күшейтеді. |
Балаларда қолданылуы
8 жастағы және одан үлкен балаларға ересектердегі сияқты дозалар қолданылады. |