S01AA13 Фузид қышқылы (Fusidic acid)

Қолдану көрсеткіштері

Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған көздің бактериялық инфекцияларын емдеу:

конъюнктивит;
блефарит;
кератит;
дакриоцистит.
    Клинические протоколы:
  1. Кератит
  2. Блефарит

Қарсы көрсеткіштері

Фузид қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты қолданған кезде бактерияға қарсы дәрілердің тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдардын ескеру керек.
Микроорганизмдердегі фузид қышқылына резистенттіліктің даму жағдайлары туралы хабарланды. Басқа антибиотиктерді қолдану кезіндегідей, дәрілік затты ұзақ немесе қайталап пайдаланған кезде микроорганизмдердегі резистенттіліктің даму қаупі артады.
Футаронмен емдеу кезінде жанаспалы линзаларды тағу ұсынылмайды, өйткені фузид қышқылының микрокристалдары линзаларда немесе мөлдір қабықта сызаттар пайда болуын тудыруы мүмкін. Жанаспалы линзаларды емді тоқтатқаннан кейін 12 сағаттан кейін тағуға болады.
Ерітіндінің микроорганизмдермен контаминациясының алдын алу мақсатында тамшылатқыш ұштығының қандай да бір беткейлерімен жанасуын болдырмау керек.
Футарон құрамында бензалконий хлориді консерванты бар, ол, әсіресе көздің құрғауы синдромы немесе мөлдір қабақтың зақымдануы бар пациенттерде көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Препаратты қолданғаннан кейін ерекше сезім, шаншу немесе көздің ауыруы пайда болса, дәрігерге жүгіну керек.
Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларға сіңіріліп, жанаспалы линзалардың түсін өзгерте алады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесуге зерттеулер жүргізілген жоқ. Көзге тамызатын дәрі түрінде жергілікті қолданғанда қан плазмасында фузид қышқылының елеусіз концентрациясы байқалады, сондықтан жүйелі дәрілік өзара әрекеттесу ықтималдығы төмен.
Егер көзге арналған қосымша препараттарды қолдану қажет болса, онда екі инстилляция арасында кемінде 5 минут аралық болуы керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қолдануды бағалау бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қолдануды бағалау бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жүктілік

Жүктілік кезеңінде әйелдерде фузид қышқылын қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.
Жануарларға жүргізілген зерттеулердің нәтижелері және клиникалық жүйелі және жергілікті қолданудың көп жылдық тәжірибесі фузид қышқылының тератогендік потенциалы жоқ екенін көрсетеді. Көзге тамызатын дәрі түрінде фузид қышқылын жергілікті қолданған кезде шарана үшін қауіпті болу ықтималдығы аз, өйткені бұл ретте дәрілік заттың жүйелі сіңірілуі елеусіз.
Дәрілік препаратты жүкті әйелдерде қолдануға болады.

Емізу

Бала емізетін әйелдерде қан плазмасында көзге тамызатын дәрі түрінде жергілікті қолданғанда фузид қышқылының аз мөлшердегі концентрациясы байқалатындығына байланысты, дәрілік зат балаға әсер етеді деп күтілмейді.
Дәрілік препаратты әйелдерге бала емізу кезеңінде қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі
- көру жітілігінің бұзылуы (өтпелі)
- көздің ауыруы (ашытуды және түйілуді қоса), көздің қышынуы; көздің тітіркенуі/жайсыздығы
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық
- қабақтың ісінуі, көз жасының ағуы
- ангионевроздық ісіну, бөртпе
Сирек
- конъюнктивиттің өршуі
- есекжем

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған.
Футаронды басқа офтальмологиялық препараттармен бір мезгілде пайдалану қажет болған жағдайда инстилляциялар арасындағы аралық кемінде 5 минутты құрауы тиіс. Көз жақпамайын соңғы кезекте қолдану керек.
Көзге инстилляциядан кейін көзге тамызатын тұтқыр дәрі тез сұйықтыққа айналады.
Препаратты көзге инстилляциялау кезінде балаларды жатқызуға болады (ұйықтап жатқан балаларға инстилляция жасауға болады).

Балаларда қолданылуы

Балалардағы дәрілік заттың қауіпсіздік бейіні ересектердікіне ұқсас. Дозалау режиміне сәйкес көрсеткіштер бойынша қолдануға болады.