S01AA12 Тобрамицин (Tobramycin)

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша компонентіне жоғары сезімталдық,
басқа жергілікті немесе жүйелік аминогликозидтерге белгілі жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Тек жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған.
Кейбір пациенттерде жергілікті қолдану үшін аминогликозидтерге сезімталдық байқалуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакцияларының ауырлығы жергілікті әсерлерден эритема, қышыну, есекжем, тері бөртпелері, анафилаксия, анафилактоидты реакциялар немесе буллезді реакциялар сияқты жайылған реакцияларға дейін өзгеруі мүмкін.
Егер осы дәріні пайдалану кезінде аса жоғары сезімталдық дамыса, емдеуді тоқтату керек.
Басқа аминогликозидтермен айқаспалы төзімділігі болуы мүмкін. Жергілікті қолдануға арналған тобрамицинге сезімтал пациенттердің жергілікті және/немесе жүйелік қолдану үшін басқа аминогликозидтерге сезімталдығы да болуы мүмкін.
Аминогликозидтермен жүйелі ем қабылдаған пациенттерде нейроуыттылықты, отоуыттылықты және нефроуыттылықты қоса алғанда, елеулі жағымсыз реакциялар байқалды. Жүйелі аминогликозидтер мен жақпамай препаратын бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек.
Жақпамайы гравис миастениясы немесе Паркинсон ауруы сияқты белгілі немесе болжамды нейробұлшықет бұзылыстары бар пациенттерде аса сақтықпен қолдану керек.
Аминогликозидтерді қабылдау нейробұлшықет функцияларына әлеуетті әсер ету салдарынан бұлшықет әлсіздігін қиындатуы мүмкін.
Басқа антибиотиктер-препараттар жағдайы сияқты, ұзақ қолдану сезімтал емес организмдердің, соның ішінде зеңдердің күшеюіне әкелуі мүмкін. Суперинфекция белгілері пайда болған кезде тиісті емді бастау керек.
Жанаспалы линзаларды тағу.
Көз инфекциясын емдеу кезінде жанаспалы линзаларды тағу ұсынылмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты жергілікті офтальмологиялық қолданғанда клиникалық елеулі өзара әрекеттесулер сипатталмаған.
Егер жергілікті офтальмологиялық қолданумен бірге басқа да жүйелі аминогликозидтер пайдаланылса, онда оның қан сарысуындағы жалпы концентрациясын мұқият қадағалау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде жергілікті офтальмологиялық қолдану жөніндегі деректер шектеулі немесе жоқ.
Жергілікті офтальмологиялық қолдану кезінде жүйелі әсері төмен деп есептеледі. Жергілікті офтальмологиялық қолдану кезінде дозадан едәуір асатын, жоғары жүйелі дозалары нефроуытты және отоуыттылық тудыруы мүмкін.
Жүкті әйелдерге вена ішіне енгізгеннен кейін ұрық қан ағысы мен қағанақсуына плацента арқылы өтеді. Құрсаққа әсер ету кезінде отоуыттылықты тудырмайды деп күтілуде.
Жүкті әйелдерге аминогликозидтерді пероральді және парентеральді енгізуді зерттеу ұрық үшін елеулі қауіпті анықтаған жоқ.
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде, репродуктивті уыттылығы бар, олар тобрамицинді қолданған жағдайда адамда оның ең жоғары экспозициясынан айтарлықтай асып түсетін экспозицияларда ғана, одан бұл әсерлердің елеулі клиникалық маңызы жоқ. Егеуқұйрықтарда немесе үй қояндарында тератогендік әсері анықталған жоқ.
Бұл препарат жүктілік кезінде, егер әлеуетті пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен асып кетсе ғана тағайындалуы мүмкін.

Емізу

Адам сүтіне жүйелі қолданғаннан кейін бөлінеді. Жергілікті офтальмологиялық қолданудан кейін адам сүтіне бөлінетіні белгісіз. Емшек сүтінде анықтау немесе оның анасында жергілікті препаратты қолданған нәрестелерде клиникалық маңызды әсерлерді туғызу қабілеті екіталай болып табылады. Алайда, сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бала үшін емшекпен емізудің және ана үшін емнің пайдасын назарға ала отырып, емшекпен емізуді тоқтату немесе препаратты қолдануды тоқтату/тоқтата тұру туралы шешім қабылдау қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: аса жоғары сезімталдық.
Белгісіз: анафилаксиялық реакциялар.
Жиі емес: бас ауыруы.
Жиі: көздегі жайсыздық, гиперемия.
Жиі емес: кератит, мөлдір қабық эрозиясы, көрудің бұзылуы, бұлыңғырланып көру, қабақ эритемасы,конъюнктиваның ісінуі, қабақтардың ісінуі, көздің ауыруы, көздің құрғақтығы, көзден шығатын бөліністер, көздің қышуы, көзден жас парлау.
Белгісіз: көздегі аллергия, көздің тітіркенуі, қабақтарының қышынуы.
Жиі емес: есекжем, дерматит, мадароз, лейкодерма, қышыну, құрғақ тері.
Белгісіз: Стивенс Джонсон синдромы, көптеген эритема, бөртпе.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге
Жеңіл және орташа ауырлықтағы ауруларда: шамамен 1 см жақпамайын бір апта бойы күніне екі-үш рет зақымданған көздің(дер) конъюнктивальді қабына жағыңыз.
Аурудың ауыр түрінде: шамамен 1 см жақпамайын жағдайы жақсарғанға дейін әрбір үш-төрт сағат сайын зақымдалған көздің конъюнктивальді қабына жағыңыз. Осыдан кейін емдеу аяқталғанға дейін қолдану арасындағы аралығын біртіндеп арттыру қажет.

Балаларда қолданылуы

Бұл препаратты жасөспірімдер мен 1 жастан және одан үлкен балаларда ересектердегі доза сияқты қолдануға болады. 1 жастан кіші балаларда препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.