S01AA11 Гентамицин (Gentamicin)

Қолдану көрсеткіштері

жедел және созылмалы бактериялық конъюнктивитте, блефарит пен дакриоциститте
- гентамицинге сезімтал бактериялардан туындаған кератитте және мөлдір қабықтың ойық жарасында
- көз алмасын операцияға дейін және операциядан кейін емдеуде және алдын алуда
    Клинические протоколы:
  1. Травма глаз и глазницы. Ушиб глазного яблока и тканей глазницы III-IV степени
  2. Блефарит
  3. Язва роговицы

Қарсы көрсеткіштері

аминогликозидтер тобының антибиотиктеріне және препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдықта
- 8 жасқа дейінгі балаларға

Қауіпсіздік шаралары

Препарат тек жергілікті қолдануға арналған. Конъюктивальді қалтаға тамызады.
Перпарат құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, жұмсақ (гидрофильді) жанаспалы линзалар киетін тұлғалар, оларды препаратты қолдану кезінде тақпауы тиіс.
Тамызар алдында жанаспалы линзаларды көзден шешіп қою және оларды 15 минут өткен соң қайтадан салуға болады.
Бензалконий хлориді көзді тітіркендіруі және жанаспалы линзалардың түсін өзгертуі мүмкін.
Көздің ауыр бактериялық жұқпалары жағдайында жергілікті емдеуді жүйелі әсер ететін антибиотиктерді қолданумен толықтыру қажет.
Препаратты тамызғаннан кейін көзден жас ағуы мүмкін болғандықтан, оны көлікті басқарар немесе механизмдермен жұмыс жасар алдында қолданбаған жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Гентамицин сульфатын көз тамшы дәрісі түрінде қолданған кезде тобрамицинге айқаспалы төзімділікті қоспағанда, басқа дәрілік препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесу анықталған жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда зерттелмеген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда зерттелмеген.

Жүктілік

Жүктілік кезінде гентамицинді тек, егер ана үшін пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен басым болған жағдайларда ғана, қолдануға болады.

Емізу

Лактация кезеңінде препаратты дәрігердің ұсынымы бойынша қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

көзден жас ағу, көздің қызаруы, көздің ауыруы мен шымылдатып ашуы, жарықтан қорқу
- препаратты тамызғаннан кейін бірнеше минут бойы көрудің нашарлауы
Сирек
- ұзақ уақыт қолданған кезде, көздің зеңді жұқпасының туындауы немесе гентамицинге төзімді бактериялардың пайда болуы мүмкін
- аллергиялық реакция, тромбоцитопениялық пурпура, елестеулер

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер мен 8 жастан асқан балаларға
Әдетте конъюктивальді қалтаға әр 4 сағат сайын 1-2 тамшыдан тамызады.

Балаларда қолданылуы

8 жастан асқан балаларға
Әдетте конъюктивальді қалтаға әр 4 сағат сайын 1-2 тамшыдан тамызады.