R03L0 Олодатерол мен Тиотропия бромид (Olodaterol and Thiotropium Bromide)

Қолдану көрсеткіштері

Өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары симптомдарын жеңілдетуге бағытталған, бронх кеңейтетін демеуші терапия.
    Клинические протоколы:
  1. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких

Қарсы көрсеткіштері

Атропин және оның туындыларына (ипратропий, окситропий); Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

Қауіпсіздік шаралары

• Бронх демікпесі бар пациенттерде қолданбау. • Бронхоспазмның жіті ұстамаларын тоқтату үшін, яғни шұғыл терапия ретінде қолданылмауы тиіс.• Препарат өмірге қауіп төндіретін парадоксальды бронхоспазмға әкелуі мүмкін (препаратты қолдануды тоқтату және оны емнің балама түріне ауыстыру).• Жабық бұрышты глаукомасы, қуық асты безінің гиперплазиясы немесе қуық мойынының обструкциясы бар науқастарға сақтықты сақтау.• Пациенттерге дұрыс қабылдауға қатысты нұсқау беру және препараттың көзге түсуін болдырмау.• Жүрек-қантамыр бұзылыстары бар, тырыспалы бұзылулары бар немесе симпатомиметик аминофиллиндерге сезімтал тиреотоксикозбен емделушілерге сақтықты сақтау.• Препарат жүрек-тамыр жүйесіне клиникалық елеулі әсер етуі мүмкін (емдеуді тоқтату).• Көлік құралдарын және басқа да қауіпті механизмдерді басқармау ұсынылады, себебі емделушінің бас айналуы, ем кезінде көрудің анық болмауы мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

•  Құрамында антихолинергиялық дәрілер бар басқа да дәрілер - деректердің болмауына байланысты ұсынылмайды.• Басқа адренергиялық дәрілер-жанама қолданғанда препараттың жағымсыз әсерін арттырады.• Ксантин, стероидтар туындылары- қосымша қолданғанда адренергиялық агонистердің кез келген гипокалиемиялық әсерін арттырады.• Бета-адреноблокаторлар- препараттың әсерін төмендетеді немесе препараттың әсеріне қарсы әрекет етеді.• Кардиоселективті бета-блокаторлар-сақтықпен қабылдау.• Моноаминоксидаза тежегіштері немесе трициклді антидепрессанттар немесе QTc аралығының ұзаруымен белгілі басқа да дәрілер- препараттың жүрек-тамыр жүйесіне әсерін арттырады.• Кетоконазол, P-gp және CYP3A4 қуатты тежегіші ретінде- бірге қолданғанда препараттың жүйелі әсерін арттырады, дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препаратты ұсынылатын дозада қолдану қажет. Алайда орташа немесе жіті бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі ≤ 50 мл/мин) күтілетін пайда ықтимал қатерден асып кеткен жағдайда ғана қолданылуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препараттың ұсынылған дозасын қабылдауға болады. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде сақтықпен қолданыңыз.

Жүктілік

Сақтық шаралары ретінде препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.

Емізу

Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ауыздың құрғауы. Жиі емес: ұйқысыздық, бас ауруы, бас айналуы; гипертония; жүрекше фибрилляциясы, жүрек соғуының жиілеуі, тахикардия; жөтел, дисфония; іш қату.Сирек: ринофарингит; көрудің анық болмауы ; суправентрикулярлы тахикардия; мұрыннан қан кету, ларингит, фарингит; гингивит, жүрек айнуы, орофарингеалды кандидоз; ангионевротикалық ісіну, есекжем, жоғары сезімталдық, қышу; арқаның ауыруы, артралгия; несеп шығару кідірісі, дизурия, несеп шығару жолдарының инфекциясы.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.