R03DX05 Омализумаб (Omalizumab)

Қолдану көрсеткіштері

Ауыр/ орташа ауыр ағымдағы персистирленетін атопиялық бронх демікпесі; Н1-гистаминге қарсы препараттармен емдеу тиімділігі жеткіліксіз болған 12 жастан асқан пациенттердегі өздігінен болатын созылмалы есекжем.
    Клинические протоколы:
  1. Бронхиальная астма
  2. Бронхиальная астма у детей

Қарсы көрсеткіштері

Омализумабқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты бронх демікпесінің жедел ұстамаларын, жедел бронх түйілуі немесе демікпелік статусты емдеу үшін қолдануға болмайды. Препарат ұзақ терапияға арналған. Препаратты тоқтату, әдетте, бос IgE жоғары деңгейінің оралуына және сәйкесті симптомдардың дамуына алып келеді. Емдеудің ұзақ кезеңінен кейін анафилаксия мен анафилаксиялық шокты қоса, I типтегі жүйелік немесе жергілікті аллергиялық реакциялар білінуі мүмкін. Гельминттік инфекциялардың даму қаупі жоғары пациенттерге препарат сақтықпен тағайындалу қажет. Жекелеген жағдайларда демікпенің ауыр түріне шалдыққан пациенттерде, әдетте, жүйелі кортикостероидтармен емдеуді талап ететін жүйелі гиперэозинофильді синдром немесе аллергиялық эозинофильді гранулематозды васкулит (Чердж-Стросс синдромы) болуы мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препараттың вакцинаны қоса, дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілмеген.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен.

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыру, инъекцияны енгізген жердегі реакциялар (ауырсыну, эритема, қышыну, ісіну).Жиі емес: фарингит, бас айналу, ұйқышылдық, парестезиялар, синкопальді жағдайлар, постуральді гипотензия, «құйылулар», жөтел, аллергиялық бронх түйілуі, жүрек айну, диарея, диспепсиялық құбылыстар, фотосенсибилизация, дене салмағының артуы, шаршау сезімі.Сирек: гельминттік инфекциялар, анафилактикалық реакциялар және басқа да аллергиялық жағдайлар, ангионевроздық ісінуді қоса, дәрілік препаратқа антиденелердің пайда болуы, көмейдің ісінуі.

Балаларда қолданылуы

Тек тері астына! Атопиялық бронх демікпесі, 6 жас және одан асқан балалар: ұсынылған доза 75 мг- нан 600 мг дейін 2 немесе 4 аптада 1 рет, IgE (МЕ/мл) бастапқы концентрациясына және пациенттің дене салмағына (кг) байланысты. Препарат дозасын (мг) және ерітінді көлемін (мл) есептеуді нұсқаулықтан қараңыз. Созылмалы идиопатиялық есекжем, 12 жас және одан асқан балалар: ұсынылған доза 300 мг әр 4 аптада. Тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты деректердің болмауына байланысты, атопиялық бронх демікпесі бар 6 жасқа дейінгі пациенттерде және созылмалы идиопатиялық есекжемі бар 12 жасқа дейінгі пациенттерде қолдану ұсынылмайды.