R03BA07 Мометазон (Mometasone)
Қолдану көрсеткіштері
Кез келген дәрежедегі бронх демікпесінің негізгі емінде
-
Клинические протоколы:
- Бронхиальная астма
- Бронхиальная астма у детей
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
Қауіпсіздік шаралары
Кейбір пациенттерде ауыз қуысы кандидозының дамығаны байқалды. Осы текті асқынулар, әдетте, зеңге қарсы препараттармен арнайы емдеу курсын қажет етеді, кейбір жағдайларда препаратты қабылдауды тоқтату қажет болуы мүмкін. Препарат қабылдағанда мүмкін болатын жүйелі әсерлері Кушинг синдромын, кушингоидты симптомдарды, адреналды супрессияны, балалар мен жасөспірімдер өсуінің іркілуін, сүйек тіні минералдық тығыздығының төмендеуін, катарактаны, глаукоманы және сирек болса да психомоторлық аса жоғары белсенділік, ұйқының бұзылуы, үрей, депрессия немесе озбырлықты (әсіресе балаларда) қоса, бірқатар психологиялық немесе мінез-құлық әсерлерін қамтуы мүмкін. Демек, демікпені тиімді бақылау сақталатын ингаляциялық кортикостероид дозасы ең аз дозаға дейін титрленуі маңызды. Жүйелі және жергілікті әсер ететін кортикостероидтарды қолдану кезінде (интраназальді, ингаляциялық және көзішілік енгізуді қоса) көрудің бұзылуы пайда болуы мүмкін. Егер көрудің анық болмауы немесе көру тарапынан басқа бұзылулар сияқты симптомдар пайда болса, пациент катарактаны, глаукоманы немесе орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін көру бұзылуының ықтимал себептерін бағалау үшін офтальмологта тексеруден өткен жөн, бұл туралы жүйелі және жергілікті әсер ететін кортикостероидтарды қолданғаннан кейін хабарланған.Балалар мен жасөспірімдерде өсудің кідіруі кортикостероидтарды демікпе сияқты созылмалы ауру кезінде қолдануды талапқа сай емес бақылау нәтижесінде болуы мүмкін. Кортикостероидтар қабылдайтын балалардың өсуін ұдайы тексеріп отыру ұсынылады, сондай-ақ балалар бойының баяулау мүмкіндігіне қатысты демікпе ұстамаларын бақылау үшін кортикостероидтармен емдеудің ықтимал пайдасы мен қаупінің арақатынасын бағалау керек. Өсудің баяулауы анықталған жағдайда ингаляциялық кортикостероидтардың дозаларын ең төменгі дозаға дейін төмендету мүмкіндігін қарастыру қажет, бұл кезде симптомдарды тиімді бақылау сақталып отырады. Мұндай жағдайда балаға педиатрдан кеңес алған жөн
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
CYP3A4 күшті тежегіштерімен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, кларитромицин, ритонавир, құрамында кобицистат бар препараттармен) бірге қолдану плазмада кортикостероидтар концентрациясының ұлғаюына, демек, кортикостероидтар жүйелі жағымсыз әсерлерінің қаупінің потенциалды артуына әкелуі мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету қажет емес.
Жүктілік
Егер ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана ұсынылады.
Емізу
Егер ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана ұсынылады.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: ауыз қуысы кандидозыЖиі: кандидоз; фарингит; бас ауыруы; дисфонияБелгісіз: қышыну, бөртпе, Квинке ісінуі, анафилаксиялық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары; психомоторлық аса жоғары белсенділік, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, депрессия, озбырлық; жөтел, ентігу, ысқырып дем алу, бронх түйілуін қоса, демікпенің өршуі; айқын көрмеу
Балаларда қолданылуы
12 жастан асқан балаларға.Ересектерге. Ингалияция түрінде.Жеңіл және орташа дәрежедегі бронх демікпесіПрепаратымен емдеудің бастапқы ұсынылатын дозасы тәулігіне 1 рет 400 мкг құрайды. Ингаляцияны кешкілік жүргізу ұсынылған. Ауыртпалығы ауыр дәрежедегі бронх демікпесіПрепараттың бастапқы ұсынылған дозасы тәулігіне 2 рет 400 мкг құрайды, бұл ең жоғарғы ұсынылатын дозасы болып табылады. 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.