R03BA05 Флутиказон¹ (Fluticasone)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектер және балаларда (ауру ағымы жеңіл, орташа және ауыр болатын, жүйелік глюкокортикостероидтарға тәуелділігі бар пациенттерді қоса) бронх демікпесінің алдын алу.Ұзақ әсер ететін бронходилататорлармен біріктірілімде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы.
-
Клинические протоколы:
- Бронхиальная астма
- Бронхиальная астма у детей
- Острый бронхит у взрослых
- Острый и хронический синусит (у взрослых и у детей)
- Пневмокониоз
- Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
Қарсы көрсеткіштері
Кез келген препарат компонентіне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Препараттың өкпеге оңтайлы жетуі мақсатында ингаляторды дұрыс пайдалану жөнінде нұсқау беру керек. Дем алудың шыңдық жылдамдығына күн сайын мониторинг жүргізу керек. Дауыс қарлығуын, ауыз және жұтқыншақтың шырышты қабатының кандидозын болдырмау үшін ингаляциядан кейін ауызды және тамақты сумен шаю қажет. Препаратты ұзақ уақыт қолданған жағдайда жүйелі әсерлер пайда болуы мүмкін (Кушинг синдромы, кушингоидтық симптомдар, бүйрек үсті бездері функциясының тежелуі, сүйек тінінің минералдық тығыздығының төмендеуі, балалар мен жасөспірімдердегі өсу кідірісі, катаракта және глаукома), сондықтан емдік әсерге қол жеткізген кезде дозасын ауру барысын бақылайтын тиімді, барынша төмен дозаға дейін төмендетуі керек. Балалардың өсу динамикасын бақылау қажет. Гормонға тәуелді бронх демікпесі бар науқастарды жүйелік глюкокортикостероидтардан ингаляция жасауға көшіру бүйрек үсті безі функциясына байланысты ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Аллергиялық аурулар (мысалы, аллергиялық ринит, экзема) болуы мүмкін. Препаратты дереу тоқтату ұсынылмайды. Қанда глюкоза деңгейінің жоғарылауына байланысты қант диабеті бар пациенттерде сақтықпен тағайындау қажет. Өкпе туберкулезінің белсенді немесе белсенді емес түрлері бар пациенттерде сақтықпен қолдану қажет. Реанимациялық шаралар немесе хирургиялық араласулар жүргізу кезінде бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің даму мүмкіндігін есепке алу қажет және қажет болған кезде ГКС-ды қосымша тағайындаған жөн. Дозаны тыныспен алғаннан кейінгі қырылдың дереу артуы бар парадоксальді бронх түйілуі дамуы кезінде препаратты тоқтату қажет. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар пациенттерде пневмония дамуы мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ритонавир - қан плазмасында флутиказон мөлшерінің жоғарылауы, Иценко-Кушинга синдромын және бүйрек үсті безі қызметінің тежелуін қоса, кортикостероидтардың жүйелік әсерлерінің даму қаупі.Кетоконазол, итраконазол - флутиказонның жүйелік әсерінің жоғарылауы және жүйелі жағымсыз әсерлерінің пайда болу қаупі.CYP3A4 күшті тежегіштері- флутиказонмен бірге қолдануды болдырмау.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Жүктілік
Жүкті әйелдерде қолданудың деректері жоқ. Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болғанда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ана сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Бірақ ұсынылған дозаларда ингаляциялық енгізген кезде қан плазмасында препараттың төмен концентрациялары анықталған.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: ауыздың және жұтқыншақтың шырышты қабатының кандидозы, пневмония (ӨСОА бар пациенттерде), дауыстың қарлығуы, гематомалар.Сирек: терілік бөртпелерден ісінуге дейінгі аллергиялық реакциялар, өңеш кандидозы, сондай-ақ басқа КОРТИКОСТЕРОИДАРДЫҢ (CORTICOSTEROIDS) жағымсыз әсерлерін қараңыз.
Балаларда қолданылуы
Демікпе. 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар: 100 мкг тәулігініне 2 рет; 4 жастан 16 жасқа дейінгі балалар: 50-200 мкг тәулігіне 2 рет; 16 жастан асқан балалар ауырлық дәрежесі жеңіл демікпе: 100-250 мкг күніне 2 рет, ауырлық дәрежесі орташа демікпе: 250-500 мкг күніне 2 рет, ауыр дәрежесінде 500-1000 мкг күніне 2 рет. Пациенттің жекелей жауабына байланысты бастапқы дозаны ауруды бақылауға жету үшін арттыруға немесе төменгі тиімді дозаға дейін төмендетуге болады. 1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.