R03AL04 Индакатерол және Гликопирроний бромиді (Indacaterol and Glycopyrronium bromide)
Қолдану көрсеткіштері
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларында демеуші ем ретінде.Клиникалық хаттама: 1. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
-
Клинические протоколы:
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
Қарсы көрсеткіштері
Индакатеролға, гликопирроний бромидіне немесе препарат құрамына кіретін кез келген басқа компоненттерге жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Егер аллергиялық реакцияның дамығанын білдіретін белгілер болса, препаратты тоқтату және баламалы емін таңдау қажет. Бронх демікпесін емдеу үшін пайдаланбау керек. Парадоксальді бронх түйілуі туындаған жағдайда, препаратты қолдануды дереу тоқтату және баламалы ем тағайындалуы тиіс. Пациенттерге сақтықпен қолдану: жабық бұрышты глаукомасы бар, несеп іркілуі бар, жүрек-қантамыр ауруларымен үйлескен, құрысу бұзылыстары немесе тиреотоксикозы бар және бета2-адренергиялық агонистеріне ерекше жауап беретін пациенттерге. Бұл препаратты галактоза көтере алмаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолданбау.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бета-адреноблокаторлар (көз тамшыларын қоса) - бета₂-адреномиметиктердің әсерін әлсіретуіне немесе әсеріне кедергі жасауы мүмкін.Моноаминооксидаза тежегіштері, трициклдік антидепрессанттар, QT аралығын ұзартатын препараттар - QT аралығы ұзаруы және қарыншалық аритмиялардың даму қаупі.Симпатомиметиктер (бөлек және біріктірілген ем құрамында) - жағымсыз құбылыстардың даму қаупінің артуы.Метилксантин туындылары, глюкокортикостероидтар, гипокалиемияны туындататын диуретиктер - бета2-адреномиметиктерден болатын гипогликемияны күшейтуі мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы бар пациенттерді қоса, шумақтық сүзіліс жылдамдығы 30 мл/мин/1,73 м2 төмен болғанда препаратты тек қана күтілетін пайдасы ықтимал қаупінен асатын жағдайда ғана пайдалану қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесінде дозасын түзету талап етілмейді.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолдануға болады.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолдануға болады.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы.Жиі: назофарингит, синусит, ринит, аса жоғары сезімталдық, қант диабеті және гипергликемия, бас айналуы, бас ауыруы, жөтел, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, тамақтың жыбырлауы, диспепсия, тістегі кариес, несеп шығару жолдарының инфекциялары, қуық обструкциясы, несептің іркілуі, гипертермия, кеуде қуысының ауыруы.Жиі емес: ангионевроздық ісіну, ұйқысыздық, глаукома, жүректің ишемиялық ауруы, жыпылықтағыш аритмия, тахикардия, жүрек соғуының жиілеуі, парадоксальді бронх түйілуі, дисфония, мұрыннан қан кету, гастроэнтерит, ауыздың шырышты қабығының құрғауы, тері бөртпесі, қышыну, бұлшықет және сүйектердің ауыруы, бұлшықет түйілуі, миалгия, аяқ-қолдардың ауыруы, шеткергі ісіну, қажығыштық.Сирек: парестезия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Қолданбау! 18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.