A11CC05 Колекальциферол (Colecalciferol)
Қолдану көрсеткіштері
Остеомаляция және рахитты емдеу және алдын алу балалар мен ересектердегі, шала туылған балалардағы рахиттың алдын алу. Ішекте сіңірілу патологиясы жоқ осындай жай-күй қаупі бар балалар мен ересектерде Д дәрумені тапшылығының алдын алу, балалар мен ересектерде мальабсорция кезіндегі Д дәрумені тапшылығының алдын алу.Кешенді ем құрамында: остеопороз.
-
Клинические протоколы:
- Иммунная тромбоцитопения у детей
- Хроническая интоксикация фтором и соединениями фтора
- Белково-энергетическая недостаточность у детей
- Болезнь Гоше
- Муковисцидоз
- Рахит
- Умственная отсталость
- Прогрессирующая мышечная дистрофия Дюшенна/Беккера
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая болезнь почек у детей
- Аутоимунный гепатит
- Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
- Хронический панкреатит у взрослых
- Ведение детей с пересаженной почкой
- Нарушения, развивающиеся в результате дисфункции почечных канальцев (педиатрия)
- Нефротический синдром у детей
- Острое отторжение почечного трансплантата у детей
- Перелом нижней челюсти со смещением отломков
- Хроническая интоксикация фосфором и его соединениями
- Рак предстательной железы
- Гипопаратиреоз
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
- Рак поджелудочной железы
- Злокачественные новообразования прямой кишки
- Злокачественные новообразования ободочной кишки
- Хронический гепатит В у взрослых
- Спинальные мышечные атрофии у детей
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың әсер етуші затына немесе компоненттеріне, әсіресе бензил спиртіне жоғары сезімталдық, Д дәруменінің гипервитаминозы, қанда кальций мен фосфор деңгейінің жоғарылауы, саркоидоз.
Қауіпсіздік шаралары
Артық дозалануды болдырмау керек. Иммобилизацияланған пациенттерде, тиазидті диуретиктер қабылдайтын пациенттерде, несеп - тас ауруы бар пациенттерде, сондай-ақ жүрек ауруына шалдыққан және жүрек гликозидтерін қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану. Д3 дәруменімен бір мезгілде жоғары дозалардағы кальций және фосфор препараттарын қолдануға болмайды. Құрамында сахароза бар екендігін ескеріп, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза - галактозаның мальабсорбция синдромы немесе сахароза - изомальтаза жеткіліксіздігімен байланысты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттер дәрілік затты қабылдамауы тиіс. Д дәрумені алдыңғы еңбегінің көлемі кішкентай жаңадан туылған нәрестелерде аса сақтықпен тағайындалуы тиіс.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Құрысуға қарсы дәрілер (әсіресе, фенитоин және фенобарбитал), рифампицин - Д3 дәрумені реабсорбциясын төмендетеді. Тиазидті диуретиктер - гиперкальциемия даму қаупін арттырады. Жүрек гликозидтері - уытты әсерін күшейтуі мүмкін (жүрек ырғағы бұзылыстары көрінісінің қаупі артады). Антацидті дәрілер (құрамында алюминий және магний бар) - қандағы алюминий концентрациясының жоғарылауына және соның салдарынан бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде алюминийдің сүйек тініне уытты әсер етуі мен гипермагниемияға ықпал етуі мүмкін. Құрамында кальций мен фосфордың жоғары концентрациялары бар препараттар - гиперфосфатемияның және Д дәрумені гипервитаминозының даму қаупін арттырады. Кетоконазол- колекальциферол биосинтезін де, 1,25(ОН)2 - колекальциферол катаболизмін де бәсеңдетуі мүмкін. Д дәрумені гиперкальциемия кезінде қолданылатын кальцитонин, этидронат, памидронат препараттарының антагонисті болып табылады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Сақтықпен қолдану.
Жағымсыз әсерлері
Иммундық жүйе бұзылыстары: сирек - ангиоэдема, көмей ісінуі сияқты, асқын сезімталдық реакциялары.Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылыстар: сирек - гиперкальциемия (гиперкальциемия симптомдарына жатады: тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, асқазан бұзылысы, салмақ жоғалту, бас ауыруы, полиурию, шөлдеу, бас айналуы, іш қатуы, әлсіздік, сүйектердегі ауырсыну, бұлшықет әлсіздігі, іштің ауыруы, психикалық бұзылыстар, бүйрек қызметінің бұзылысы, несеп-тас ауруы және жүрек аритмиясы), гиперкальциурия.Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылыстар: сирек – қышыну, тері бөртпесі, есекжем, тері құрғауы, тырнақтың зақымдалуы.
Балаларда қолданылуы
Ішке, негізгі ас қабылдаумен ішкен жөн. Таблетканы тұтастай, шайнамай және сумен ішу. Балалар. Д дәрумені тапшылығының алдын алу: өмірінің 2 - ші аптасынан бастап тәулігіне 500 ХБ (1 тамшы).Д дәрумені тапшылығын емдеу: препарат дозасын дәрігер, Д дәруменінің жеткіліксіздік дәрежесіне қарай жеке белгілейді.Д дәруменіне тәуелді рахит: тәулігіне 3000 ХБ-тен 10000 ХБ дейін (6-20 тамшы).Құрысуға қарсы дәрілер қолданумен байланысты остеомаляция: 1000 ХБ (тәулігіне 2 тамшы).Остеомаляция және остеопороз кезінде кешенді ем құрамында: тәулігіне 500-1000 ХБ (1-2 тамшы). Дозаны дәрігер аурудың себебі мен ауырлығына қарай жеке белгілейді..