R03AK08 Беклометазона дипропионат және формотерола фумарат (Beclomethasone dipropionate and formoterol fumarate)

Қолдану көрсеткіштері

Демікпеде біріктірілген препаратты (ингаляциялық глюкокортикостероид және ұзақ әсер ететін бета2-адреномиметик) қолдану қажет болатын жағдайларда демікпені жүйелі емдеуге көрсетілген: қажеттілігіне қарай, ауру симптомдары ингаляциялық глюкокортикостероидтар және қысқа әсер ететін β2-адреномиметиктермен жеткіліксіз бақыланатын пациенттер немесе ингаляциялық глюкокортикостероидтар және ұзақ әсер ететін бета2-адреномиметиктер аурудың жеткілікті бақылануын қамтамасыз ететін пациенттер. Созылмалы обструкциялық өкпе ауруы (СОӨА).Ұзақ әсер ететін бронхолитикалық дәрілермен жүйелі емдеуге қарамастан, айқын симптомдары байқалатын анамнезінде ауыр СОӨА (ЖДК1 <50%) және қайталамалы өршулері бар пациенттерді симптоматикалық емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Бронхиальная астма
  2. Бронхиальная астма у детей

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

• Аритмиясы, атап айтқанда, үшінші дәрежедегі атриовентрикулярлық блокадасы мен тахиаритмиясы (жүректің жеделдетілген және/немесе жүйесіз жиырылуы), идиопатиялық клапан астындағы қолқа стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатиясы, ауыр жүрек аурулары, атап айтқанда, жедел миокард  инфарктісі, ишемиялық жүрек ауруы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, окклюзиялық тамыр аурулары, атап айтқанда, атеросклероз, артериялық гипертензия және аневризмасы бар пациенттерге сақтықпен қолданылу керек;• Анықталған немесе күдік тудыратын QTc аралығының ұзаруы бар (туа біткен немесе дәрілік заттарды қабылдаудан болған) пациенттерді (QTc > 0,44 секунд) емдеу кезінде сақтықпен тағайындалу керек. Формотерол осындайда QTc аралығының ұзаруын туғызуы мүмкін.•  тиреотоксикоз, қант диабеті, феохромоцитома мен емделмеген гипокалиемиясы бар пациенттерге абайлап тағайындау керек. Ондай жағдайларда қан сарысуында калий деңгейіне, қандағы глюкоза деңгейіне  мониторинг ұсынылған.•  егер «құтқару» бронходилататорлары деп аталатын қатарды қолдану мүмкіндігі болса, тұрақсыз демікпесі бар пациенттерді емдеу кезінде сақтықпен қолдануға кеңес берілген. Ондай жағдайларда қан сарысуында калий деңгейіне мониторинг ұсынылған.• теофиллин немесе басқа бета-адренергиялық препараттарды формотеролмен бір мезгілде абайлап қолдану қажет, зор аддитивті әсерлер болуы мүмкін.• белсенді емес өкпе туберкулёзі бар пациенттерге, сонымен қатар тыныс жолдарының зеңді және вирустық инфекцияларға шалдыққан пациенттерге сақтықпен қолдану керек.• ауыр демікпеде қолданғанда сақ болу қажет, өйткені оның әсерін гипоксия күшейтуі мүмкін.• бүйрек үсті бездерінің функциясы осының алдында жүйелі стероидтармен емделу салдарынан бұзылған деп болжауға негіз бар болса, сақтықпен ауыстыру керек. • галогенделген анестетиктермен анестезия жоспарланғанда, жүрек  аритмиясының қаупі болатындықтан,  препаратың анестезия басталғанша кем дегенде 12 сағат бойы қолданылмағанына көз жеткізген жөн.  • асқыну, сондай-ақ демікпенің едәуір немесе өткір нашарлауы кезінде емді бастауға болмайды. Емдеу кезінде демікпемен байланысты елеулі қолайсыз құбылыстар мен асқынулар болуы мүмкін. Егер демікпе симптомдары бақыланбайтын болса немесе препаратты қолдану басталғаннан кейін симптомдарымен жағдай нашарласа, пациенттер дәрігерге жүгінуі керек.• Осы препаратты қолданғаннан кейін сырылдар мен тыныс алу жиілігін дереу күшейте отырып парадоксалды бронхоспазм болуы мүмкін. •  Емдеуді күрт тоқтатуға кеңес берілмейді.•  жоғары дозаларда қолданылғанда және ұзаққа созылатын уақыт кезеңінде тағайындалғанда жүйелі әсерлері көрініс беруі мүмкін.                                                                                         • Алкоголь жүректің бета2-адреномиметиктерді жағымдылығын нашарлатуы мүмкін

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

• Бета-блокаторлар-әсерін төмендетеді немесе жояды.• Хинидин, дизопирамид, прокаинамид, фенотиазиндер, антигистаминдік препараттар, моноаминоксидаза тежегіштерімен және трициклды антидепрессанттармен бір мезгілде қолдану QTc аралығының ұзаруын тудыруы және қарыншалық аритмияның даму қаупін арттыруы мүмкін (бірге қолданғанда).•  L-допа, L-тироксин, окситоцин  жүректің бета2-адреномиметиктерді жағымдылығын нашарлатуы мүмкін.Ксантин туындыларымен, стероидтармен немесе диуретиктермен бір мезгілде қолдану бета2-адреномиметиктердің болжамды гипокалиемиялық әсерін күшейтуі мүмкін (бірге қолданғанда). Гипокалиемия жүрек гликозидтерін қабылдайтын пациенттерде аритмияға бейімділікті өршітуге қабілетті.

Жүктілік

Егер ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана ұсынылады.

Емізу

Егер ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, фарингит, ауыз қуысының кандидозы, СОӨА бар пациенттердегі пневмония; дисфония.Жиі емес: тремор, бас айналу;тұмау, ауыз қуысының зеңді инфекциялары, ауыз қуысының кандидозы, өңеш кандидозы, вульва-қынаптық кандидоз, гастроэнтерит, синусит, ринит, пневмония;гранулоцитопения; аллергиялық дерматит;қышыну, бөртпе, гипергидроз, есекжем; гипокалиемия, гипергликемия; қозу күйі; көрудің бұлыңғырлануы;отосальпингит; жүрек қағу, QT аралығының ұзаруы, электрокардиограммадағы өзгерістер, тахикардия, тахиаритмия, жүрекшелер фибрилляциясы; гиперемия, қан кернеулер;жөтел, өнімсіз жөтел, тамақтың тітіркенуі, демікпе ұстамасы; диарея, ауыздың құрғауы, диспепсия, дисфагия, еріннің ашыту сезімі, жүрек айну, дисгевзия;бұлшықеттің түйілуі, миалгия.Сирек: қарыншалық экстрасистолалар, стенокардия; парадоксты бронх түйілуі;ангионевроздық ісіну; нефрит.Өте сирек: тромбоцитопения; жоғары сезімталдық реакциялары, эритеманы қоса, ерін, бет, көз және жұтқыншақтың ісінуі; бүйрек үсті бездерінің супрессиясы; глаукома, катаракта; диспноэ, демікпенің өршуі; балалар мен жасөспірімдерде өсудің баяулауы.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі  жасөспірімдерге және балаларға және тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты ұсынылмайды.