R03AC19 Олодатерол (Olodaterol)
Қолдану көрсеткіштері
өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары (ӨСОА) бар пациенттердегі бронхолитиктік демеуші емде |
-
Клинические протоколы:
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
Қарсы көрсеткіштері
олодатеролға немесе осы препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық –18 жасқа дейінгі балаларға - жедел бронх түйілуі - бронх демікпесі - жүктілік және лактация кезеңі - миокард инфарктісінің жедел кезеңі, тұрақсыз стенокардия, пароксизмальді тахикардия, тұрақсыз аритмия, гипертониялық криз, қатерлі артериялық гипертензия - жедел бүйрек жеткіліксіздігі - бауыр функциясының ауыр бұзылуы |
Қауіпсіздік шаралары
Демікпе: препаратын демікпе кезінде қолданбау керек. Олодатеролдың демікпе кезіндегі ұзақ уақыт бойғы тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген. Жедел бронх түйілуі: препараты бронхты кеңіткіш дәрі болып табылады, ол күніне бір рет пайдаланылады. Жедел сатыдағы бронх түйілулерін емдеу үшін, яғни ауруды басатын ем ретінде пайдаланылмауы тиіс. Жоғары сезімталдық: басқа препараттарды қолданған жағдайдағы сияқты, препаратын қолданғаннан кейін бірден аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Парадоксальді бронх түйілуі: басқа ингаляциялық препараттарды қолданған жағдайдағы сияқты, препараты парадоксальді бронх түйілуіне алып келуі мүмкін, ол өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Парадоксальді бронх түйілуі туындаған жағдайда, кідіртпей препаратын қолдануды тоқтату және оны емдеудің баламалы түрімен алмастыру керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Адренергиялық заттар: басқа адренергиялық заттарды жеке-жеке немесе кешенді емдеуде бірге тағайындау препаратының жағымсыз құбылыстарын күшейтуі мүмкін. Ксантин туындылары, стероидтар мен диуретиктер: ксантин туындыларымен, стероидтармен немесе калий жинақтаушы емес диуретиктермен қатарлас емдеу адренергиялық агонистерді қабылдаумен байланысты гипокалиемияны күшейтуі мүмкін. Бета-блокаторлар: бета-адренергиялық блокаторлар препаратының әсерін әлсіретуі мүмкін, сондықтан көз тамшыларын қоса, бета-адренергиялық блокаторлармен тек аса қажет болған жағдайда ғана бірге қолдануға болады. Ондай жағдайларда кардиоселективті бета-блокаторларды қолдануды қарастыруға болады, бірақ оларды сақтықпен қолдану керек. Моноамин оксидаза (МАО) тежегіштері және үшциклды антидепрессанттар, QTс аралығын ұзартатын препараттар: моноамин оксидаза тежегіштері немесе үшциклды антидепрессанттар немесе QTс аралығын ұзартатын басқа препараттар, препаратының жүрек-қантамыр жүйесіне әсерін күшейтуі мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бауырдың жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттер препаратының ұсынылған дозасын қолдана алады. Препаратын бауырдың жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану жөнінде мәліметтер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер препаратының ұсынылған дозасын қолдана алады. Препаратты бүйректің жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы жөніндегі мәліметтер шектеулі. |
Жүктілік
Препаратының жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды. Жатырдың тегіс бұлшықеттеріне миорелаксанттық әсер беруі салдарынан олодатерол, басқа бета2-адренергиялық агонистер сияқты, толғақты бәсеңдетуі мүмкін. |
Емізу
Олодатеролдың бала емізетін әйелдерде қолданылуы жөніндегі клиникалық мәліметтер жоқ. Бала емізуді тоқтату немесе препаратын қолдануды тоқтату/ тоқтата тұру туралы шешім бала емізудің сәби үшін пайдасы мен емдеудің әйел үшін пайдасын бағалаудың негізінде қабылдануы тиіс. |
Жағымсыз әсерлері
Инфекциялар және инвазиялар Жиі емес: - назофарингит Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар Жиі емес: - бас айналуы Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылулар: Сирек: - артериялық қысымның жоғарылауы Тері мен теріасты тіндері тарапынан болатын бұзылулар: Жиі емес: - бөртпе* Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылулар: Сирек: - артралгия |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Ұсынылатын дозасы 5 мкг олодатеролды немесе ингаляторындағы ерітіндінің күніне бір рет, күннің белгілі бір уақытындағы екі ингаляциясын құрайды. Ұсынылған дозасын арттырмау керек. Препаратының екі ингаляциясы бір дозаны құрайды. |
Балаларда қолданылуы
Препараты балаларда (18 жасқа дейінгі) қолдануға арналмаған. |