R03AC02 Сальбутамол¹ (Salbutamol)

Қолдану көрсеткіштері

Тыныс алу жолдарының қайтымды обструкциясы бар (демікпе, созылмалы бронхит, эмфизема) пациенттерде бронх түйілуінің дамуын шеттету және алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Грипп и острые респираторные инфекции верхних дыхательных путей у детей
  2. Анафилактический шок
  3. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  4. Дефицит альфа-1-антитрипсина у детей
  5. Муковисцидоз
  6. Мукополисахаридозы у детей
  7. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  8. Астматический статус
  9. Бронхиальная астма
  10. Бронхиальная астма у детей
  11. Бронхиты у детей
  12. Бронхоэктатическая болезнь у детей
  13. Грипп и острые респираторные инфекции верхних дыхательных путей у детей
  14. Интерстициальная болезнь легких у детей
  15. Ларингит у детей
  16. Индукция родов
  17. Острый бронхит у взрослых
  18. Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
  19. Пневмония у детей
  20. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
  21. Лекарственная гиперчувствительность с различными клиническими проявлениями
  22. Бронхолегочная дисплазия, возникшая в перинатальном периоде
  23. Врожденные пороки развития легких у детей
  24. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  25. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  26. Врожденные/наследственные миопатии
  27. Спинальные мышечные атрофии у детей

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Аэрозоль үшін: препаратты тәулігіне 4 реттен жиі қолдану ұсынылмайды. Препарат қабылдайтын 4 жасқа толмаған балаларда бет маскасы бар педиатриялық спейсер құрылғысын пайдаланған дұрыс.Ерітінді үшін: препаратты ауыз арқылы ішке тарту жолымен ингаляциялық қолдану. Ішке немесе инъекция түрінде қолдануға болмайды. Жасы 18 айдан кіші балаларда небулайзер көмегімен енгізу тиімділігі анықталмаған. Ауыспалы гипоксимеяның даму мүмкіндігіне байланысты оксигенотерапияны жүргізуді қарастыру керек. Тахиаритмияда, миокардитте, жүрек ақауында, аортальды стенозда, жүректің ишемиялық ауруында, ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде, артериялық гипертензияда, тиреотоксикозда, феохромоцитомада, декомпенсацияланған қант диабетінде, глаукомада, эпилептикалық ұстамаларда, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігінде, таңдамалы емес b-адреноблокаторларды бір мезгілде қабылдағанда сақтықпен қолдану қажет. Пациенттерге препараттың бронхқа тиімді түсуіне жету үшін препаратты дұрыс қолдану туралы нұсқау беру керек. Баллон салқындағанда емдік әсері азаяды, сондықтан баллонды қолданар алдында қолмен бірнеше минут ішінде жылыту керек, басқа әдіс қолдануға болмайды! Ауызда жағымсыз сезім және тамақта жыбырлау туындаған жағдайда ингаляциядан кейін ауызды сумен шаю керек. Қолдану қажеттілігінің жоғарылауы аурудың өршігенін көрсетеді, осындай жағдайларда пациенттің емдеу жоспарын қайта қарастыру қажет. Демікпенің өршуі кезінде жоғары дозаларды қабылдау «рикошет» (әрбір келесі ұстама қарқынды болады) синдромын туындатады. Ауыр тұншығу ұстамасы кезінде ингаляция аралығының үзілісі 20 минуттан кем болмау керек. Асқыну қаупі ұзақ уақыт емделу кезінде, препаратты кенеттен тоқтату кезінде жоғарылайды. Ксантин туындыларын, глюкокортикостероидтарды, диуретиктерді бір мезгілде қолдану кезінде және гипоксия салдарынан гипокалиемия туындайды (қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау қажет). Қайтымды метаболизмдік өзгерістерді туындатады, мысалы, кетоацидоздың және декомпенсацияның дамуына дейінгі қандағы глюкоза концентрациясының жоғарылауы, жиірек қант диабеті бар пациенттерде дамуы мүмкін. Демікпені дұрыс емдемеу симптомдары ретінде қате тұжырымдалуы мүмкін ентігудің және компенсаторлық асқын желдетілудің, сүт қышқылды ацидоздың даму қаупіне байланысты сарысудағы лактат деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік препараттардың арасындағы өзара әрекеттесу пероральді және көктамырішілік енгізу жолдары кезінде анағұрлым жоғары байқалған, бірақ ингаляциялық жолмен енгізу кезінде қанға түскен препарат мөлшері препараттар арасындағы өзара әрекеттесуді туындатуға, әсіресе жоғары дозаларды тағайындау кезінде жеткілікті болуы мүмкін.Ацетазоламид, аминофиллин, кортикостероидтар, диуретиктер (тиазидті және ілмекті), теофиллин және гипокалиемияны туындататын кез келген препараттар - жоғары дозадағы таңдамалы бета-2-адреномиметиктерді тағайындау кезінде гипокалиемияның қаупі жоғарылайды.QT аралығының ұзаруын туындатуы мүмкін дәрілік препараттар, мысалы кейбір антидепрессанттар, нейролептиктер, гистаминге қарсы және аритмияға қарсы препараттар, фторхинолондар, домперидон, метадон - дамитын гипокалиемия аритмия дамуының қаупін анағұрлым жоғарылатуы мүмкін.Дигоксин - таңдамалы бета-2-адреномиметиктердің әсерінен дигоксиннің концентрациясы төмендеуі мүмкін, дамитын гипокалиемия дигоксиннің уытты әсерін жоғарылатуы мүмкін.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Жүктілік кезінде егер ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін қауіптен жоғары болса қабылдауға болады. Мерзімінен бұрын босану және қауіпті түсік кезінде қабылдауға болмайды.

Емізу

Ана сүтіне ену мүмкіндігі бар. Емізу кезеңінде егер ана үшін күтілетін пайдасы бала үшін қауіптен артық болған жағдайда қабылдауға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: тремор, бас ауыруы, мазасыздық, сирегірек бас айналуы, ұйқышылдық, шаршау, аса жоғары белсенділік; тахикардия, жүрек қағуын сезіну; сирек тері гиперемиясымен шеткергі қантамырлардың кеңеюі, кеудедегі жайсыздық және ауырсыну, аритмия, соның ішінде жүрекше фибрилляциясы, суправентрикулярлы тахикардия, экстрасистолия, артериялық қысымның төмендеуі және коллапс.Сирек: дерматит, аса жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевротикалық ісіну, бөртпені қоса; жөтел, бронх түйілуі (парадоксальді немесе препаратқа шақырылған аса жоғары сезімталдық); өңеш және ауыз қуысы шырышты қабатының тітіркенуі немесе құрғауы, дәм сезудің өзгеруі, жүрек айнуы, құсу; гипокалиемия, бұлшықет құрысулары.

Балаларда қолданылуы

2 жастан асқан балалар. Ингаляциялық. Аэразоль: 2 жастан бастап балалар: бірреттік 100 мкг. Қажет болған жағдайда дозаны 200 мкг жоғарылату. Ерітінді: 18 айдан 12 жасқа дейінгі балалар: күніне 4 рет 2,5 мг, ауыр жағдайда 5,0 мг дейін жоғарылату. 12 жастан асқан балалар: күніне 4 рет 2,5-5,0 мг, ауыр жағдайда 10 мг дейін. 2 жасқа дейінгі балаларда препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.