R01AA07 Ксилометазолин (Xylometazoline)
Қолдану көрсеткіштері
Ринит құбылыстарымен жүретін жедел респираторлық ауруларда, жедел аллергиялық ринитте, вазомоторлық ринитте, синуситте, ортаңғы отитте (мұрынжұтқыншақтың шырышты қабығының ісінуін азайту үшін), пациентті мұрын жолдарына жасалатын диагностикалық манипуляцияларға дайындау үшін, поллиноз.
-
Клинические протоколы:
- Двусторонняя нейросенсорная тугоухость (педиатрия)
- Аллергический ринит
Қарсы көрсеткіштері
Ксилометазолинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық, артериялық гипертензия, тахикардия, айқын атеросклероз, глаукома, атрофиялық ринит, гипертиреоз, ми қабықтарына (анамнезінде) хирургиялық араласулар.
Қауіпсіздік шаралары
Дәрігердің кеңесінсіз 7 күннен артық қолданбау керек. Ұзақ уақыт қолданғанда немесе ұсынылғанынан артық дозаларын қолданғанда, жүрек - қантамырлық әсерлермен немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан әсерлермен жүйелі әсер етуі жоққа шығарылмайды. Қант диабетінде сақтықпен қолдану. Ксилометазолин, ұсынылған дозаларында көлік құралдарын басқару қабілетіне әсер етуі белгісіз.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
МАО тежегіштерімен және трициклді антидепрессанттармен үйлеспейді.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Жүктілік
Қолданбау!
Емізу
Қолданбау!
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыруы, мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының тітіркенуі және/немесе құрғауы, күйдіру, түшкіру, гиперсекреция.Сирек: өте жоғары сезімталдық реакциялары (Квинке ісінуі, есекжем, қышыну), мұрын шырышты қабығының ісінуі, көрудің бұзылуы, жүрек қағуы, тахикардия, аритмиялар, артериялық қысым жоғарылауы, жүрек айнуы, ұйқысыздық, депрессия (жоғары дозаларды ұзақ уақыт қолданғанда).Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Интраназальді.2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар. 0,05% спрейі, әр мұрын жолына 1 бүркуден тәулігіне 1 - 2 рет. Емдеу курсы 3 - 5 күннен аспайды. Ең ұзақ қолданылу мерзімі - 7 күн. 6 жастан асқан балалар. 0,1% спрейі, әр мұрын жолына 1 бүркуден тәулігіне - 10 сағат аралықпен 1 - 2 рет. Емдеу курсы 3 - 5 күннен аспайды. Ең ұзақ қолданылу мерзімі - 7 күн.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.