R01AA04 Фенилэфрин (Phenylephrine)
Қолдану көрсеткіштері
Мұрын арқылы тыныс алуды жеңілдету үшін: тұмауда, суық тию ауруларында, пішен қызбасында немесе жедел ринитпен немесе синуситпен қатар жүретін жоғарғы тыныс жолдарының басқа аллергиялық ауруларында. Жедел ортаңғы отитте (мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуін азайтуға арналған қосымша дәрі ретінде). |
Қарсы көрсеткіштері
–препарат ингредиенттеріне жеке жоғары сезімталдықта –артериялық гипертензияның ауыр түрі болуында –жедел жүрек-қан тамыр аурулары бар –тахиаритмияда –ауыр тиреотоксикозда –қант диабетінде –транссфеноидальді гипофизэктомядан кейін –мұрын алдының терісінің немесе шырышты қабығының қабынуы және қабық түзілуі (құрғақ ринит) жағдайында –МАО тежегіштерін алған пациенттерге немесе оларды алдындағы 2 аптада алған пациенттерге –2 айға дейінгі балалық кезеңде |
Қауіпсіздік шаралары
Препарат ересектердің қадағалауымен қолданылуы керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Құрамында жергілікті тамыр тарылтатын заттары бар басқа препараттармен немесе гипертензияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болмайды. Моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерімен немесе олармен ем аяқталғаннан кейін 14 күн бойына бір мезгілде қолданғанда фенилэфрин артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Фенилэфринді линезолидпен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда зерттелмеген. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда зерттелмеген. |
Жүктілік
Препарат балаларға арналған. Жүктілік және бала емізу кезеңіндегі қолдануы туралы деректер жоқ. |
Емізу
Препарат балаларға арналған. Жүктілік және бала емізу кезеңіндегі қолдануы туралы деректер жоқ. |
Жағымсыз әсерлері
Фенилэфринді жергілікті қолданғанда жақсы жағымды және жағымсыз әсерлері, егер олар пайда болса, әркез жедел емес және қысқа мерзімдік сипатта болады. Жиі: – күйдіру, түшкіру, мұрынның шаншуы Сирек: – аллергиялық реакциялар (қышыну немесе есекжем, қолдың,беттің немесе тамақтың ісінуі, кеуде қысылуы, тыныс алудың қиындауы) – ырғақ бұзылуы, артериялық гипертензия Өте сирек: – бас ауыруы, бас айналуы, мазасыздық |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
2 айдан 1 жасқа дейінгі балаларға: арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 1 тамшыдан. 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға: арасын жиілетпей, әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 1-2 тамшыдан. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: арасын жиілетпей әр 4 сағаттан соң әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан. Пипетканы жеңіл басып, жатқан күйде мұрынға тамызады. Осы күйді бірнеше минут сақтау керек. Ұсынылған дозалау режимінен асырмау керек. Күніне төрт реттен жиі пайдалануға болмайды. Емдеу курсы - 3 күннен аспау керек. Артық дозалану жағдайында (әсіресе ұзақ емдегенде) жүйелік жағымсыз әсерлері болуы мүмкін (жүрек ырғағының бұзылуы, артериялық гипертензия, үрейлену және елестеулер). Емі симптоматикалық. |
Балаларда қолданылуы
Сәбилерге 2 айдан бастап және балаларға 6 жасқа дейін қолдану керек |