N07XX06 Тетрабеназин (Tetrabenazine)
Қолдану көрсеткіштері
Хантингтон хореясында (ауруында) гиперкинетикалық қимыл бұзылуларында
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталды резерпинмен бірмезгілде қолдану; моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану; гипокинетикалық құрысу синдромы болуы (паркинсонизм) емделмеген немесе адекватты емделмеген депрессияда; белсенді суицидальді ниеттер; феохромоцитома; пролактинтәуелді ісіктер (мысалы, гипофиз немесе сүт бездерінің ісіктері).
Қауіпсіздік шаралары
• Препараттыің дозасын алғаш тағайындағанда бір мезгілде хорея симптомдарын азайтатын және жақсы көтерілетін дозаны белгілеу үшін бірнеше апта бойы баяу титрлеу керек. Егер жағымсыз әсерлер басылмаса немесе олардың қарқындылығы төмендемесе, тетрабеназинді қабылдауды тоқтату қажеттігін қарау керек. • Тұрақты дозаға қол жеткізгеннен кейін, негізгі аурудың динамикасын және пациент бірге қабылдап жүрген препараттарды ескере отырып, емдеуді мезгіл-мезгіл қайта қарап отыру қажет. • Препарат паркинсонизмді туындатуы мүмкін және Паркинсон ауруының бар симптомдарын асқындыруы мүмкін. Мұндай жағдайда препараттың дозасын төмендету қажет, ал егер бұл проблеманы шешпесе – тетрабеназинді қабылдауды тоқтату керек. • Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерен сақтықпен айналысуы керек. • Тетрабеназинді қолданғанда және препараты қабылдауды күрт тоқтатқанда қатерлі нейролептикалық синдром жағдайлары орын алғаны туралы сипатталған. • Анамнезінде депрессиясы бар пациенттерге немесе алдында суицид жағдайлары болғаны немесе суицидтік ниеттері бар пациенттерді емдеген кезде аса сақ болған жөн, тетрабеназин дозасын төмендету және/немесе антидепрессанттармен ем тағайындаумен бақылауға болады. • Тетрабеназинді қабылдайтын пациенттер экстрапирамидальді симптомдарды және акатизияларды, сондай-ақ алаңдаушылық және қозу белгілері және симптомдарын анықтау үшін бақылануы қажет, өйткені бұл симптомдар акатизия дамуының индикаторлары боп қызмет етуі мүмкін. • Тетрабеназин емдік дозаларда ортостаздық гипотензияны туындатуы мүмкін; тұрған қалыпта негізгі ортостатикалық сынамаларға мониторинг жүргізу қажеттігін ескеру қажет. • Тетрабеназин қансарысуында пролактин концентрациясын арттырады. Бұл факт бұрын сүт бездерінің обыры диагнозы қойылған пациенттерге тетрабеназинді тағайындағанда аса маңызды. • Тетрабеназин немесе оның метаболиттері меланині бар тіндермен байланысатындықтан, ол уақыт өткен сайын осы тіндерде жинақталады да, уытты реакциялар туғызуы мүмкін. • Препараттың ұзақ әсерінен кейін офтальмологиялық әсерлер дамуы мүмкіндігі туралы емдеуші дәрігерлерге хабарлау керек. • Галактозаны сирек туа біткен көтере алмаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препараты қабылдамаулары керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Резерпин, моноаминоксидаза тежегіштері; рициклді антидепрессанттар, алкоголь, апиындар, бета-адренблокаторлар, гипертензияға қарсы заттар, гипноздық және нейролептикалық препараттар - бімезгілде қабылдауға болмайды. • Леводопа - сақтықпен қабылдау керек. • CYP2D6 қатысуымен метаболизденетін дәрілік препараттар - қан плазмасындағы концентрациясының артуын туындатуы мүмкін. • CYP2D6 тежегіштері (флуоксетин, пароксетин, тербинафин, моклобемид мен хинидин сияқты) - тетребеназол метаболиттерінің концентрацияясы жоғарлайды, сақтықпен қолдану керек, тетрабеназин дозасын төмендету керек. • Психозға қарсы дәрілер (хлорпромазин, тиоридазин сияқты), антибиотиктер (гатифлоксацин, моксифлоксацин сияқты) және IA және III класты аритмияға қарсы препараттармен (хинидин, прокаинамид, амиодарон, соталол сияқты) қоса, QTc аралығын ұзартатын препараттар - біріктіргенде сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жетіспеушілігінде сақтықпен қолдану қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жетіспеушілігінде сақтықпен қолдану қажет.
Жүктілік
Ұсынылмайды.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: депрессия; ұйқышылдық (жоғары дозалар үшін), паркинсон тәрізді синдром (жоғары дозалар үшін). Жиі: мазасыздық, ұйқысыздық, естен айрылу; гипотензия; дисфагия, жүрек айнуы, құсу, диарея, созылмалы іштің қатуы. Жиі емес: сана деңгейінің өзгеруі; бұлшықет құрысуын қоса, ауыр экстрапирамидальді симптомдар, вегетативті дисфункциялар; гипотермия.Сирек: қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС)Өте сирек: қаңқа бұлшықетінің зақымдануы. Жиілігі белгісіз: бағдарсыздық, жүйке тозуы; атаксия, акатизия, дистония, бас айналуы, амнезия; брадикардия; ортостаздық гипотензия; эпигастрий тұсының ауыруы, ауыздың құрғауы.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.