N06DA04 Галантамин¹ (Galantamine)
Қолдану көрсеткіштері
Полирадикулоневрит, радикулоневрит, неврит, полиневрит, полиневропатиялар, полиомиелиттен кейін, миелит, жұлын бұлшықет атрофиясынан кейін, ми инсультінен кейінгі жағдай, балалардың церебральді сал ауруы, гравис миастениясы, бұлшықет дистрофиясы.Инъекцияға арналған ерітінді- дәрілік түрі үшін қосымша көрсетілімдер: деполяризацияламайтын жүйке-бұлшықет блокаторларының әсерін жою, аш ішектің және қуықтың операциядан кейінгі парездерін емдеу, түнгі несеп ұстамаудың және шеткергі жүйке жүйесінің неврологиялық бұзылуларында ионофорез көмегімен физиотерапия, антихолинергиялық дәрілермен улану.
-
Клинические протоколы:
- Поражение нервных корешков и сплетений
- Прогрессирующая сосудистая лейкоэнцефалопатия. Болезнь Бинсвангера
- Энтеровирусная инфекция у детей
- Болезнь Паркинсона
- Миастения
- Оптиконевромиелит. Болезнь Девика
- Поражение лицевого нерва (Невропатия лицевого нерва)
- Грыжи диска поясничного и других отделов позвоночника с сохранением стабильности позвоночно-двигательного сегмента (оперативное лечение)
- Отравление лекарственными средствами, медикаментами и биологическими веществами (взрослые и дети)
- Позвоночно-спинномозговая травма и ее последствия
- Токсическое действие веществ, преимущественно немедицинского значения (взрослые и дети)
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша затына асқын сезімталдық, бронх демікпесі, брадикардия, стенокардия, артериялық қысымның жоғарылауы, АВ-блокада, жүректің ишемиялық ауруы, ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша ІІІ-ІV топ), ішектің механикалық бітелуі, несеп шығару жолдары өткізгіштігінің бұзылуы, эпилепсия, гиперкинезиялар.
Қауіпсіздік шаралары
Синустық түйін әлсіздігі синдромы немесе жүрек өткізгіштігінің басқа да қарыншаастылық бұзылыстары бар пациенттерде, сондай-ақ дигоксин немесе бета-блокаторлар сияқты жүрек ырғағын елеулі баяулататын дәрілермен емделетін немесе электролиттер теңгерімі түзетілмеген пациенттерде (гипер- немесе гипокалиемиялы) сақтықпен қолдану керек. Асқазан сөлінісін күшейтуі мүмкін және асқазан- ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлер даму қаупі туындайды, әсіресе анамнезінде ойық жара ауруы бар пациенттерде асқазанға операция жасалғаннан кейінгі қалпына келу кезеңінде және қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір уақытта емделетін пациенттерде қаупі жоғары. Жекелеген жағдайларда дене салмағының төмендеуі - жүдеу байқалуы мүмкін. Несеп шығару қиындатылған пациенттерге ұсынылмайды. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Автокөлік немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа парасимпатомиметиктер (амбеноний, донепрезил, неостигмин, пиридостигмин немесе жүйелі қолданылатын пилокарпин) - олардың холиномиметикалық әсерінің күшеюі, бірге ҚОЛДАНБАУ! Антихолинергиялық заттар (атропин және осыған ұқсас субстанциялар), гексаметоний және басқа да ганглиоблокаторлар, деполяризацияламайтын миорелаксанттар (тубокурарин) - галантамин бұл заттардың антагонисті. Дигоксин, бета-блокаторлар, кальций каналдарының блокаторлары және амиодарон - галантаминмен бірге қолданған кезде жүрек ырғағының баяулауын туындатады. Прокаинамид - галантаминмен бірге қолданбау, өйткені соңғысы оның емдік әсерін антагониздеуі мүмкін. Аминогликозидтер (гентамицин, амикацин) - галантаминнің емдік әсерін азайтады. CYP2D6 (хинидин, пароксетин, флуоксетин) немесе CYP3A4 (кетоконазол, зидовудин, ритонавир, эритромицин) тежегіштері - галантаминнің плазмалық концентрациясының жоғарылауы.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсіне байланысты сақтықпен және төменгі дозаларда қолдану. Креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен болғанда қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр түрінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас айналуы, бас ауыруы, депрессия, тремор, талмалар, ұйқышылдық, летаргия, брадикардия, гипертензия, тәбетті жоғалту, анорексия, бұлшықеттік түйілулер, астения, дене салмағының төмендеуі, құлау.Сирек: көру және есту елестері, парестезиялар, гиперсомния, көрудің бұлыңғырлануы, құлақтағы шуыл, қарынша үстілік экстрасистолия, I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, жүрек қағуы, гипотензия, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы.
Балаларда қолданылуы
Балаларға. Ішке, тамақтану кезінде. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 6 жастан 8 жасқа дейінгі балалар: күніне 5 - 10 мг; 9 жастан 11 жасқа дейінгі балалар: күніне 5 - 15 мг; 12 жастан 15 жасқа дейінгі балалар: күніне 5-25 мг.Инъекцияға арналған ерітінді тері астына енгізіледі. 1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар: 0,25 – 1 мг; 3 жастан асқан балалар: 0,03 – 0,28 мг/кг дозада немесе 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалар: 0,5 – 5 мг; 6-дан 8 жасқа дейін: 0,75 – 7,5 мг; 9- дан 11 жасқа дейін: 1 – 10 мг; 12- ден 15 жасқа дейін: 1,25 – 12,5 мг; 15 жастан үлкен: 1,25 – 15 мг.