N06BC01 Кофеин – натрий бензоаты (Caffeine - Sodium Benzoate)
Қолдану көрсеткіштері
ОЖЖ, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесі функциясын бәсеңдетумен байланысты жағдайда: есірткілік дәрілермен уланғанда, ауыр инфекциялық ауруларда, жалпы анестетиктерді (наркозды) қолданғаннан кейінгі жағдайда; ми тамырларының тарылуында; ауыр жалпы соматикалық және инфекциялық ауруды өткергеннен кейін реконвалесценция кезінде ойлау және физикалық жұмыс жасау қабілеті төмендегенде; нарколепсияда тыныс алудың бұзылуы (кезеңдік тыныс алу, идиопатиялық апноэ).
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; қатты қозғыштық, ұйқысыздық; атеросклероз; жүрек-қан тамыр жүйесінің органикалық аурулары, оның ішінде жедел миокард инфарктісі, пароксизмальді тахикардия, артериялық гипертензия; жүктілікте, бала емізу кезеңінде; 60 жастан үлкен егде жаста; глаукома.
Қауіпсіздік шаралары
• Тағайындаған кезде сақ болу керек, орталық жүйке жүйесіне (қозу, тежелу), қан қысымына (жүректі ынталандыру және оның әлсіз басылуы) әсер етуі мүмкін, асқазан және анамнезінде он екі елі ішек ойық жарасы бар адамдарда асқазанның ойық жарасы болуы мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Антиагрегантты дәрілер- бір мезгілде қолданғанда әсерін күшейтеді.• Ұйықтататын, есірткілік және ОЖЖ бәсеңдететін басқа дәрілердің әсерін төмендетеді. • Ацетилсалицил қышқылының, парацетамолдың және эрготаминнің -бір мезгілде қолданған кезде биожетімділігін арттырады.• Жоғары дозаларда β2-адреномиметиктермен (салметерол, сальбутамол, фенотерол)- бір мезгілде қолданған кезде гипокалиемияның даму қаупін арттырады.• Метилксантин (теофиллин, аминофиллин) препараттарымен -бір мезгілде қолданған кезде теофиллиннің қан плазмасындағы концентрациясы артқаны және оның уытты әсерінің қаупі өскені байқалды.• Құрысуға қарсы дәрілер (карбамазепин, дифенин), барбитурлық препараттар - плазмадағы концентрациясын төмендетеді. • Біріктірілген оральді контрацептивтер, макролидті антибиотиктер (кларитромицин, эритромицин), интерферон препараттары және зеңге қарсы дәрілер (кетоконазол, флуконазол) - плазмадағы концентрациясын жоғарылатады.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Қозу, үрейлену, тремор, мазасыздық, бас ауыруы, бас айналуы, эпилепсиялық ұстамалар, рефлекстердің күшеюі, тахипноэ, ұйқысыздық; ОЖЖ бәсеңдеуі, қатты шаршағыштық, ұйқышылдық, ұзақ уақыт бойы қабылдағаннан кейін препаратты қабылдауды бірден тоқтатқан кезде бұлшықеттің ширығуы; жүрек қағысын сезіну, тахикардия, аритмия, артериялық қысымның жоғарылауы; жүрек айнуы, құсу, ойық-жара ауруының асқынуы; мұрынның бітелуі; әдеттену, ұзақ уақыт бойы қолданған кезде дәріге тәуелділік
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.