N06AX21 Дулоксетин¹ (Duloxetine)

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; МАО тежегіштерін қабылдау (қазіргі уақытта немесе бұдан 2 апта бұрын); бауыр жеткіліксіздігіне алып келетін бауыр аурулары; ауыр бауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі  минутына 30 мл-ден төмен); потенциалды гипертоникалық кризге алып келетін, бақыланбайтын гипертензия; бақыланбайтын жабық бұрышты глаукома; CYP1A2 күшті тежегіштерімен (мысалы, флувоксаминмен, ципрофлоксацинмен немесе эноксацинмен) бір мезгілде қолдану.

Қауіпсіздік шаралары

Дулоксетин бақыланбайтын глаукома және гипертензия, ауыр бүйрек және бауырдың жеткіліксіздігі бар пациенттерге пайдаланылмауы керек. Емдеу барысында анамнезінде құрысулар, мания/гипомания, егде жастағыларға (бас айналуы, ортостатикалық гипертензия даму қаупі), қан кетуге бейім науқастарға, антикоагулянттар және тромбоциттер тежегіштерін қабылдап жүрген науқастарды қоса сақтықпен қолдану, антидепрессанттарды қабылдағаннан кейін тоқтату синдромы болады. Дулоксетинді қабылдаған кезде суицидиальді ойлардың, өзіне зақым келтіру және суицидтің (суицидке байланысты оқиғалар) қаупіне байланысты депрессияға шалдығу қаупі бар және емдеу кезінде қатаң бақылауда болуы керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алкоголь - седативтік әсерді потенцирлейді.Амиодарон, дропиридол, флеканид, флуфеназин, галоперидол, пропафенон, рисперидон, саквинавир, үшциклді антидепрессанттар, соталол және QT аралығын ұзартатын басқа да препараттар - қарыншалық аритмияның даму қаупі.Құрысуға қарсы препараттар - құрысуға дайындық табалдырығын төмендетеді.Карбамазепин, фенитоин, клозапин - концентрациясын арттыруы мүмкін.Кумаринды антикоагулянттар, мысалы варфарин - антикоагулянттық әсерді потенцирлеуі мүмкін.Селегилин, трамадол - орталық жүйке жүйесінің зақымдану қаупі.Литий - орталық жүйке жүйесінің зақымдануы және уытты құбылыстарының артуы.Моноаминооксидаза тежегіштері , мысалы фенелзин - күрделі уытты құбылыстардың даму қаупі себебінен бірге қолдануды БОЛДЫРМАУ.СЕҚҚП, аспирин, антикоагулянттар - қан кету даму қаупі.Тамоксифен - тамоксифеннің емдік әсерін төмендетеді.Үшциклді антидепрессанттар, мысалы, амитриптилин - үшциклді антидепрессанттардың концентрациясын арттырады.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданбау (креатинин клиренсі минутына 30 мл төмен).

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген. Емнің алғашқы айында бауырдың зақымдануы (негізінен гепатоцеллюлярлы), бауыр ферменттерінің айтарлықтай жоғарылауын қоса алғанда (қалыпты шектен 10 есе жоғары), гепатиттің және сарғаюдың дамуы. Бауырдың зақымдануына алып келетін, дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдануы керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, ұйқышылдық, шаршау, ұйқысыздық, күйгелектік, солбырлық, ажитация, үрей/мазасыздық, патологиялық түс көрулер,  бас айналуы, летаргия, тремор, парестезия, естен тану, әлсіздік; жүрек айнуы, ауыздың құрғауы, салмақтың жоғарылауы немесе төмендеуі, тәбеттің төмендеуі, іш қатуы, диарея, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, метеоризм; тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы, қанның бетке құйылуы; есінеу; жоғары тершеңдік, қышыну, бөртпе; бұлшықет-қаңқа ауыруы, бұлшықеттік түйілуі; дизурия, поллакиурия; мидриаз, көрудің бұзылуы, көрудің бұлыңғырлануы; тиннит; эректилді дисфункция, эякуляцияның бұзылуы, эякуляцияның ұсталуы, либидоның төмендеуі, патологиялық оргазм.Сирек: ларингит; гипергликемия (әсіресе қант диабеті бар пациенттерде); суицидальді ойлар, ұйқының бұзылуы, бруксизм, бағыттың бұзылуы, апатия, миоклонус, акатизия, зейіннің бұзылуы, дисгевзия, дискинезия, мазасыз аяқ синдромы; құлақтағы ауыру; экхимоздар; суправентрикулярлы аритмия; (жүрекше фибриляциясы негізінен); ортостатикалық гипотензия, шеткергі қан айналу бұзылысы (аяқ-қолдың мұздауы); тамақтың тарылу сезімі, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гастроэнтерит, кекіру, гастрит, дисфагия, гепатит, бауыр ферменттері деңгейінің артуы (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза), бауырдың жедел зақымдануы; түнгі терлеу, есекжем, жанаспалы дерматит, салқын терлеу, фотосенсибилизация, қанталау түзілудің жоғары тенденциясы; бұлшықеттің бөгелуі, бұлшықеттің құрысуы; несеп шығарудың іркілуі, несеп шығарудың бұзылуы, никтурия, полиурия, несеп шығару жылдамдығының төмендеуі; гинекологиялық қан кету, етеккір айналымының бұзылуы, аналық безінің ауыруы; кеуденің ауыруы, патологиялық сезінулер, мұздау сезіну, шөлдеу, қалтырау, ысыну сезінуі, жүрістің бұзылуы; қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің артуы, қандағы калий деңгейінің артуы; анафилактикалық реакция, аса жоғары сезімталдық; гипотиреоз, дегидратация, гипонатриемия, антидиуретикалық гормонның қалыптан тыс секреция синдромы (АДГҚСС); суицидальді мінез-құлық, мания, елестеулер, агрессия және ашу; серотонинді синдром, құрысулар, психомоторлы мазасыздық, экстрапирамидалық симптомдар; глаукома, гипертоникалық криз; стоматит, қан аралас нәжіс, ауыздан жағымсыз иіс шығу, бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю; Стивенс-Джонсон синдромы, ангионевротикалық ісіну; тризм; несептен патологиялық иіс шығу; менопауза симптомдары, галакторея, гиперпролактинемия; қандағы холестерин деңгейінің артуы; тері васкулиті.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.