N06AB05 Пароксетин¹ (Paroxetine)
Қолдану көрсеткіштері
Ауыр дәрежедегі депрессиялық көріністер; обсессивті-компульсивті бұзылыстар; үрейлі бұзылыстар; әлеуметтік фобиялар; жайылған үрейлі бұзылыстар; жарақаттанудан кейінгі стресс бұзылыстары.
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Паркинсона
- Нарушения сна (педиатрия)
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; биполярлы бұзылыстардың маниакальді фазасы.
Қауіпсіздік шаралары
Флуоксетин¹ (Fluoxetine) қараңыз. Ахлоргидрия немесе асқазан қышқылдығының жоғары көрсеткіші кезінде сақтықпен қолдану (пероральді қабылдауда сіңірілуі төмендейді).
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Алкоголь - седативті әсердің потенцирленуі.Амиодарон, дропиридол, флеканид, флуфеназин, галоперидол, пропафенон, рисперидон, саквинавир, трициклді антидепрессанттар, соталол және QT аралығын ұзартатын басқа да препараттар - қарыншалық аритмияның даму қаупі.Құрысуға қарсы препараттар - құрысуға дайындық табалдырығының төмендеуі.Карбамазепин, фенитоин, клозапин - концентрациясы жоғарылауы мүмкін.Кумаринді антикоагулянттар, мысалы, варфарин - антикоагулянтты әсердің потенцирленуі мүмкін.Селегилин, трамадол - орталық жүйке жүйесінің зақымдану қаупі.Литий - орталық жүйке жүйесінің зақымдануы және уытты көріністерінің артуы.Моноаминооксидаза тежегіштері, мысалы, фенелзин - күрделі уытты көріністерінің даму қаупіне байланысты бірге тағайындауды БОЛДЫРМАУ.СЕҚҚП, аспирин, антикоагулянттар - қан кету даму қаупі.Тамоксифен - тамоксифеннің емдік әсерінің төмендеуі.Трициклді антидепрессанттар, мысалы, амитриптилин - трициклді антидепрессанттар концентрациясының артуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
ШСЖ 30 мл/мин1,73м2 төмен болғанда дозасын ең төменгі дозаға дейін төмендету.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын ең төменгі дозаға дейін төмендету.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Флуоксетин¹ (Fluoxetine) қараңыз. Пароксетинді қабылдау кезінде экстрапирамидалық реакциялар және тоқтату синдромы басқа СҚҰТТ қабылдауға қарағанда жиірек байқалған.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.