N06AB04 Циталопрам (Citalopram)

Қолдану көрсеткіштері

Орта және ауыр деңгейдегі депрессиялық эпизодтар және олардың қайталануларын болдырмау; агорафобиямен/онсыз үрейлі бұзылыс.
    Клинические протоколы:
  1. Органические психозы
  2. Болезнь Паркинсона

Қарсы көрсеткіштері

Циталопрамға немесе қосымша заттардың кез-келгеніне жоғары сезімталдық. Тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза мен галактоза сіңірілуінің бұзылуы.

Қауіпсіздік шаралары

Қайтымсыз МАО тежегіштерін қабылдауды аяқтау мен циталопрам қабылдауды бастау уақытының аралығы 14 күннен кем болмауы тиіс. МАО тежегіштерімен емдеуді циталопрам қабылдауды тоқтатудан кейін 7 күн өткен соң барып бастауға болады. Сақтықпен қолдану: анамнезінде QT аралығының ұзаруы; қарыншалық аритмия; torsade de pointes қоса; едәуір брадикардия; жақында өткерген жедел миокард инфарктісі; декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі; гипокалиемия және/немесе гипомагниемия (электролитті бұзылыстар циталопраммен емдеуді бастағанға дейін түзетілуі тиіс); айқын суицидальді мінез-құлық (емдеуді бастағаннан соң бірнеше аптадан кейінгі жағдайдың жақсаруы басталғанға дейін пациенттерге мұқият бақылау қажет); қант диабеті (инсулиннің және/немесе пероральді гипогликемиялық препараттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін); қан кетуге бейімділік (әсіресе тромбоциттер қызметіне әсер ететін препараттармен немесе қан кету туындау қаупін арттыруы мүмкін препараттармен бір мезгілде қабылдау кезінде); 65 жастан асқан егде жастағылар (дозасын төмендету қажет). Циталопрамды тоқтату (әсіресе бірден) жиі "тоқтату" симптомдарының пайда болуына алып келеді. Циталопрамның автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне тым аз немесе орташа ықпал ету қабілеті бар.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Қарсы көрсетілген біріктірілімдер: МАО тежегіштері, QT аралығын ұзартатын препараттар; пимозид.Сақтықты талап ететін біріктірілімдер: селегилин (МАО B таңдамалы тежегіші); серотонинергиялық препараттар (литий және триптофан); шілтерлі шәйқурай; антикоагулянттар және қанның ұюына әсер ететін дәрілер; құрысуға дайындық табалдырығын төмендететін препараттар; дезипрамин, имипрамин; нейролептиктер.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозасын түзету талап етілмейді. Айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен) сақтықпен қолдану керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Айқын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану керек, дозасын мұқият титрлеу талап етіледі.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: ұйқышылдық, ұйқысыздық; жүрек қағысын сезіну; ауыздың құрғауы, жүрек айнуы; жоғары тершеңдік.Жиі: тремор, парестезия, бас айналуы, зейін қоюдың бұзылуы; тәбеттің төмендеуі, дене салмағының төмендеуі; ажитация, либидо төмендеуі, үрей, ашушаңдық, сананың шатасуы, аноргазмия (әйелдерде), ерекше түстер көру; құлақтағы шуыл; есінеу; диарея, құсу, іш қатуы; қышыну; миалгия, артралгия; импотенция, эякуляция бұзылысы, эякуляция болмауы; әлсіздік.Жиі емес: тәбеттің жоғарылауы, дене салмағының артуы; озбырлық, деперсонализация, елестеулер, мания; талу; мидриаз; брадикардия, тахикардия; есекжем, алопеция, бөртпе, пурпура, фотосенсибилизация; меноррагия (әйелдерде); ісінулер.Сирек: гипонатриемия; үлкен құрысу ұстамалары, дискинезия, дәм сезу бұзылыстары; қан кету; гепатит; гипертермия.Жиілігі белгісіз: тромбоцитопения; жоғары сезімталдық, анафилактикалық реакциялар; антидиуретикалық гормон (АДГ) секрециясының жеткіліксіздігі; гипокалиемия; үрейлік шабуылдар, бруксизм, мазасыздық, суицидальді ойлар, суицидальді мінез (суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болу жағдайлары циталопраммен ем кезінде және емдеуді тоқтатудан кейін бірден байқалған); құрысулық бұзылыстар, серотонинді синдром, экстрапирамидалық бұзылыстар, акатизия, қозғалыс бұзылыстары; көрудің бұзылысы; электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы, қарыншалық аритмия, соның ішінде «пируэт» типті (torsade de pointes), ортостатикалық гипотензия; мұрыннан қан кету; асқазан-ішектен қан кету (соның ішінде ректальді қан кету); бауырдың функционалдық көрсеткіштерінің бұзылысы; экхимоз, ангионевротикалық ісіну; несептің ұсталуы; галакторея, метроррагия, приапизм (ерлерде).                                                                                

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.