N06AB03 Флуоксетин¹ (Fluoxetine)

Қолдану көрсеткіштері

Шығу тегі әртүрлі депрессиялар; обсессивті - компульсивті бұзылыстар; жүйкелік булимия
    Клинические протоколы:
  1. Хронический вирусный гепатит С у взрослых
  2. Ожирение у взрослых
  3. Депрессии без психотических симптомов
  4. Депрессии с психотическими симптомами
  5. Личностные расстройства (психопатии)
  6. Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
  7. Обсессивно-компульсивное расстройство
  8. Органические психозы
  9. Острые психозы
  10. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением галлюциногенов (для взрослых)
  11. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением других стимуляторов (для взрослых)
  12. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей (для взрослых)
  13. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов
  14. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением седативных и снотворных средств (для взрослых)
  15. Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
  16. Расстройства психические и поведенческие, вызванные употреблением новых психоактивных веществ
  17. Расстройства психологической адаптации в детском возрасте
  18. Реакция на стресс
  19. Резидуальные психотические расстройства
  20. Сенильный психоз
  21. Тревожные расстройства
  22. Умственная отсталость
  23. Шизофрения
  24. Болезнь Паркинсона
  25. Синдром предменструального напряжения
  26. Нарушения сна (педиатрия)
  27. Оптиконевромиелит. Болезнь Девика
  28. Рассеянный склероз
  29. Гипертензивная энцефалопатия
  30. Прогрессирующая сосудистая лейкоэнцефалопатия. Болезнь Бинсвангера

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық, биполярлы бұзылыстың маниакальді фазасы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Анамнезінде құрысуы (флуоксетинді тұрақсыз эпилепсиясы бар науқастарға тағайындауды болдырмау керек, құрысулар жиілеген жағдайда қабылдауды тоқтату); жүрек-қантамырларының бұзылыстары, қант диабеті, жабық бұрышты глаукомаға бейімділігі, мания/гипоманиясы бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек. Қан ұюына қарсы дәрілік заттарды, тромбоциттер функциясына әсер ететін препараттарды (мысалы, фенотиазиндер, аспирин, клозапин сияқты атипиялық нейролептик) немесе басқа қан кету қаупін жоғарылататын препараттарды бірге қолданатын  пациенттерде, сонымен қатар, анамнезінде қан кетулері (әсіресе, асқазан-ішектен) бар науқастарда сақтықпен қолдану қажет. Флуоксетин және электрлік құрысуға қарсы ем қабылдап жүрген науқастарда ұзақ құрысудың болғаны жөнінде мәлімдемелер бар, сондықтан сақтықпен қолдану керек. Құрамында шайқурай бар шөп препараттарымен немесе басқа серотонинэргиялық препараттармен (басқалардың ішінде  L-триптофан) және нейролептикалық дәрілермен біріктіріп қолданған  кезде, серотонинді синдромның даму қаупі бар. Салмақты жоғалту флуоксетин қабылдап жүрген науқастарда болуы мүмкін, бірақ әдетте дененің бастапқы салмағына пропорционалды болады. Емдеу кезеңінде жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын қажет ететін қауіптілігі ықтимал қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Моноаминооксидаза тежегіштері - сананың шатасуы, қозу, АІЖ бұзылысы, гипертермия, тырысулар, гипертониялық криздер, серотонинді синдром, өлім. Бірге қолдану қарсы көрсетілген, МАО тежегіштерімен емдеу курсынан кейін 14- күндік үзіліс жасау керек. Алкоголь; ОЖЖ тежейтін заттар - ОЖЖ тежелуінің күшеюі, тырысулар мүмкіндігінің жоғарылауы. Антикоагулянттар, дигитоксин - қан плазмасында бос препараттар концентрациясының жоғарылауы және жағымсыз әсерлер даму қаупінің артуы. Фенитоин - оның концентрациясының жоғарылауы және уытты әсерлерінің дамуы. Басқа да антидепрессанттар- плазмада олардың деңгейлерінің жоғарылауы. Бензодиазепин - диазепамның жартылай шығарылу кезеңінің артуы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 10 мл/ мин төмен болғанда қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын азайту немесе препаратты бір күннен кейін қабылдау. Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: АІЖ бұзылыстары: диарея, жүрек айнуы, құсу, диспепсия, іш қатуы, дисфагия, дәм сезудің бұрмалануы, ауыздың құрғауы, анорексия, салмақ жоғалту;ОЖЖ тарапынан: бас ауруы, ұйқының бұзылысы (ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық), бас айналуы, әлсіздік, есінеу, ұйқышылдық, эйфория, экстрапирамидалық бұзылыстар, өтпелі патологиялық жағдайлар (атаксия, тремор, миоклония), құрысулар және психомоторлық тұрақсыздық, галлюцинациялар, мания, ажитация, мазасыздық және ашуланшақтық, концентрацияның және ойлау процесінің төмендеуі (деперсонализация), үрейлі шабуылдар (бұл симптомдар аурудың бөлігі болуы мүмкін);                                                                              Несеп жыныс жүйесі тарапынан: дизуриялық бұзылыстар, жыныстық дисфункция (эякуляцияның кідірісі немесе болмауы, аноргазмия);Эндокриндік жүйе тарапынан: приапизм, галакторея, гиперпролактинемия, қандағы қант деңгейінің өзгеруі, шаштың түсуі;Тері тарапынан: қышыма, бөртпе, есекжем, анафилактоидтық реакция, васкулит, Квинке синдромы, қалтырау, фотосезімталдық, тершеңдік, вазодилятация. Флуоксетинді  қабылдағаннан кейін бөртпе дамыған кейбір науқастарда, өкпе, бүйрек, бауыр және васкулит дамуымен жоғары сезімталдық жүйелі сипатқа ие болды, сондықтан, бөртпе пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату қажет.Көру бұзылыстары: бұлыңғырлану, мидриаз; артралгия, миалгия, ортостатикалық гипотензия. Гипонатриемия, әсіресе егде адамдарда, антидиуретикалық гормонының сәйкес емес секрециясымен байланысты болуы мүмкін.Сирек: бауыр функциясының патологиялық өзгерістері, фарингит, тыныс алу жеткіліксіздігі; уытты эпидермальды некролиз (Лайелл синдромы), идиопатиялық гепатит, серотонинді синдром, гинекологиялық қан кетулер, асқазан-ішектен қан кету және басқа да тері немесе шырышты қан кетулер. Ықтимал: қан ұюының бұзылуы (көгерулер, пурпура, қанталау), науқастарда суицидтік ойлардың пайда болу қаупінің артуы. Шамадан тыс дозаланған жағдайда жүрек айнуы, құсу, қозу, өлім жағдайлары байқалған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Балалар тәжірибесінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді