N06AA09 Амитриптилин¹ (Amitriptyline)
Қолдану көрсеткіштері
Депрессиялар; невропатиялық ауыру сезімі (лицензиясыз көрсеткіш); бас сақинасының алдын алу (лицензиясыз көрсеткіш).
-
Клинические протоколы:
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Гепатобластомы у детей
- Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением алкоголя (для взрослых)
- Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов
- Психические и поведенческие расстройства, вызванныеупотреблением каннабиноидов
- Детский тип шизофрении
- Аутизм
- Синдром Ретта
- Тики
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Расстройство вегетативной нервной системы у детей
- Синдром грудного выхода
- Синдром раздраженного кишечника у детей
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися кахексией, астенией
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Депрессии без психотических симптомов
- Депрессии с психотическими симптомами
- Личностные расстройства (психопатии)
- Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
- Органические психозы
- Острые психозы
- Психические и поведенческие расстройства вызванные употреблением каннабиноидов у несовершеннолетних (7-18 лет)
- Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей у несовершеннолетних (7-18 лет)
- Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов у несовершеннолетних (7-18 лет)
- Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
- Расстройства поведения у детей и подростков
- Расстройства психические и поведенческие, вызванные употреблением новых психоактивных веществ
- Реакция на стресс
- Резидуальные психотические расстройства
- Умственная отсталость
- Шизофрения
- Болезнь Паркинсона
- Головные боли (педиатрия)
- Диабетическая нейропатия (дистальная симметричная полинейропатия)
- Рассеянный склероз
- Хроническая воспалительная демиелинизирующая полинейропатия
- Синдром диабетической стопы
- Функциональные гастроинтестинальные расстройства
- Гиперкинезы
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; жүректің ишемиялық ауруы, жақында өткерген миокард инфарктісі, жедел миокард инфарктісі; жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылысы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі; биполярлы бұзылыстың маниакалды фазасы; ОЖЖ тежейтін препараттармен жедел улану; ішімдікпен улану; жедел делирий; глаукома; салданған ішек бітелуі (амитриптилиннің антихолинергиялық әсерінен); эпилепсия; пилоростеноз; МАО тежегіштерімен қатар емдеу (МАО тежегіштерін амитриптилинмен емдеу басталғанша кемінде 14 күн бұрын қабылдауда тоқтату керек); қуық асты безінің гипертрофиясы; несеп ұсталуы; порфирия.
Қауіпсіздік шаралары
Аритмия даму қаупіне байланысты жүрек-қантамыр аурулары (қарсы көрсеткіштерін қараңыз); гипертиреоз; феохромоцитома; эпилепсия; қант диабеті; қуық асты безінің гипертрофиясы, созылмалы іш қатуы; несеп ұсталуы; жабық бұрышты глаукомаға бейімділігі бар науқастарға сақтықпен қолдану қажет. Сонымен қатар, суицидтік қаупі, биполярлы бұзылысы бар пациенттерде сақтық шараларын сақтаған жөн, өйткені антидепресанттар осы жағдайларды өршіктіруі мүмкін. Егер пациент биполярлы бұзылыстың маниакальды фазасына енетін болса, емді тоқтату қажет. Амитриптилинді қабылдау кезінде алкогольді ішімдіктер ішуге тыйым салынады! Артериялық қысымды өлшеу, ЭКГ, қан талдауын, функционалдық бауыр сынамаларын жүйелі тексеруден өткізу ұсынылады, электроэнцефалография (ЭЭГ) қолданылуы мүмкін. Амитриптилинді бронх демікпесіне шалдыққан, сүйек кемігінде қанның түзілуі тежелген, шизофрениясы бар адамдарға сақтықпен қолданған жөн (оны қабылдаған кезде әдетте симптоматиканың өршуі орын алмайды). Егде жастағы науқастарда делириозды бұзылыстардың, гипоманияның және басқа да асқынулардың дамуын болдырмау үшін амитриптилинмен емдеу мұқият бақылаумен, препараттың ең төмен дозаларын қолданып және оны біртіндеп арттыру арқылы жүргізіледі. Үшциклды антидепресанттарды басқа да серотонергиялық белсенді заттармен бір мезгілде қолданған жағдайда серотонинді синдром дамуы мүмкін. Серотонергиялық белсенді заттарды амитриптилинмен бірге қолданылатын емді дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізу қажет. Серотонинді синдром даму кезінде амитриптилинмен емді тоқтату қажет. Құрамында лактозаның бар болуына орай, препарат тұқым қуалайтын лактоза көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге ұсынылмайды. Хирургиялық араласулар жоспарланғанда операцияға дейін бірнеше күн бұрын амитриптилинді қабылдау тоқтатылуы тиіс. Егер операцияның кідіріссіз жасалуы тиіс болса, анестезиолог-дәрігерді препаратты қабылдап жүргені жайында хабардар ету қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Адреналин - гипертензия және аритмияның даму қаупі.Алкоголь, гистаминге қарсы препараттар - седативті әсердің күшеюі..Амиодарон, дропиридол, флеканид, флуфеназин, галоперидол, пропафенон, рисперидон, саквинавир, үшциклды антидепрессанттар, соталол және басқа да QT интервалын ұзартатын препараттар - қарыншалық аритмиялар даму қаупі.Жалпы наркозға арналған анестетиктер - аритмиялар және гипотензия дамуының жоғары қаупі.Эпилепсияға қарсы препараттар - құрысуға дайындық табалдырығының төмендеуі.Антихолинергиялық препараттар - жанама әсерлердің күшеюі.Серотониннің қайта ұсталуының антидепресанттары, мысалы, флуоксетин - үшциклды антидепресанттар концентрациясының артуы.Карбамазепин, фенитоин, фенобарбитон, рифампин - үшциклды антидепресанттар концентрациясының төмендеуі.Кумаринді антикоагулянттар, мысалы, варфарин - антикоагулянтты әсерінің өзгеруі.Клонидин - қарама-қарсы әсердің дамуы, яғни гипертензияның.Норадреналин - гипертензия және аритмияның даму қаупі.Селегилин, трамадол - ОЖЖ уыттылығының жоғары қаупі. Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Гематурия және несеп көк-жасыл түсті болуы мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: ауыздың құрғауы, дәм сезудің бұзылуы (ауыздағы ащы немесе қышқыл дәм), іштің қатуы, стоматит, жүрек айнуы, құсу, тахикардия, аритмия (экстрасистолия, жүрек қағуы, жүрек өткізгіштігінің бұзылысы), ортостатикалық гипотония, гипергидроз, вертиго; шаршағыштық; бағытсыздану, ажитация, психоз, елестер, мания, гипомания,; ұйқышылдық, тремор, гипертермия; аккомодация бұзылысы, көрудің бұзылысы, көзішілік қысымның көтерілуі, зәрдің ұсталуы, либидо және потенция өзгеруі.Сирек: жоғары сезімталдық реакциялары (есекжем, Квинке ісінуі, фотосенсибилизация), гемопоэз бұзылысы, эозинофилия, миелосупресия, тромбоцитопения, лейкопения, гранулоцитоз, экстрапирамидалық бұзылыстар (кеш дискинезия, түсініксіз сөйлеу, дизартрия, құрысу табалдырығының төмендеуі), бұрынғы жүрек жеткіліксіздігінің асқынуы; салданған ішек бітелуі; холестатикалық гепатит; терілік реакциялар; гинекомастия, галакторея; жыпылықтағыш аритмия, қарыншалар фибрилляциясы, жүрек қызметінің тоқтауы; трансаминазалар белсенділігінің артуы; антидиуретикалық гормон дұрыс емес бөлінуімен байланысты гипергликемия, гипонатриемия; тәбеттің жоғарылауы немесе анорексия, тершеңдік.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулыққа жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке, тамақтан кейін.Түнгі энурезді емдеу. 6 жастан 10 жасқа дейінгі балалар: күніне 10-20 мг; 11 жастан 16 жасқа дейінгі балалар - күніне 25-50 мг. Емдеу курсы 3 айдан аспауы тиіс.18 жасқа дейінгі балаларда депрессия емдеу, 6 жасқа дейінгі балаларда түнгі энурезді емдеу қарсы көрсетілген.Назар аударыңыз! Препарат клиникалық тәжірибенің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларда депрессияны емдеу үшін ұсынылмайды.