N05CF01 Зопиклон (Zopiclone)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі өткінші, қысқа мерзімдік және созылмалы ұйқысыздықта (қиын ұйықтау, түнгі және ерте оянуды қоса).
-
Клинические протоколы:
- Деменция при болезни Альцгеймера
- Личностные расстройства (психопатии)
- Непсихотические нарушения вследствие повреждения головного мозга
- Обсессивно-компульсивное расстройство
- Психические и поведенческие расстройства вызванные употреблением каннабиноидов у несовершеннолетних (7-18 лет)
- Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов
- Психические и поведенческие расстройства, вызванныеупотреблением каннабиноидов
- Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
- Резидуальные психотические расстройства
- Сосудистая деменция (включается атеросклеротическая деменция)
- Тревожные расстройства
- Нарушения сна (педиатрия)
- Рассеянный склероз
- Гипертензивная энцефалопатия
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, тынысалудың ауыр жеткіліксіздігі, түнгі апноэ синдромы, миастения, тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, LAPP-лактаза ферментінің тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты қолдану дозасының артуымен, емдеу ұзақтығымен және алкоголь, есірткі немесе басқа да психотропты препараттарды шектен тыс қолданатын пациенттерде осы препараттарға физикалық және психикалық тәуелділікке алып келуі мүмкін. Ұзақ уақыт қолдану кезінде препаратқа төзімділік дамуы мүмкін. Антеградты амнезия даму қаупіне байланысты тікелей ұйықтар алдында қабылдау қажет. Көлік құралын басқару немесе қауіптілігі жоғары механизмдермен жұмыс жүргізу қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін, әсіресе, алкогольмен бір мезгілде қабылдағанда.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Барбитураттар, морфин туындылары - тынысалу тежелуінің даму қаупі.Бупренорфин - өмірге қауіп төндіретін тынысалу жеткіліксіздігінің даму қаупі.Клозапин - тынысалу және/немесе жүрек қызметінің тоқтауымен жедел тамырлық жеткіліксіздік қаупінің жоғарылауы.Седативті заттар - ОЖЖ қызметін қосымша тежеу әсері және үрейлену сезімін төмендету.Ұйықтатқыш заттар, алкоголь - седативті әсерінің күшеюі. Рифампицин - зопиклон концентрациясы және тиімділігінің төмендеуі.Кларитромицин, эритромицин, телитромицин, кетоконазол, итраконазол, вориконазол, нелфинавир, ритонавир - бірге қолданған кезде зопиклонның седативті әсерінің жоғарылауы.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ерекше сақтықпен қолдану, күніне 3,75 мг дозадан бастау ұсынылады; жоғары тәуліктік доза 7,5 мг-нан аспауы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ерекше сақтықпен қолдану. Бауыр қызметі бұзылыстарында ұсынылған тәуліктік доза 3,75 мг. Энцефалопатия даму қаупіне байланысты, ауыр, жедел және созылмалы бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Ұсынылмаған.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Тоқтату синдромы немесе препаратты қабылдауды тоқтатқан кезде оның симптомдары.Жиі: ауыздың құрғауы; дисгевзия (ащы дәм сезу); қалдық ұйқысыздық (келесі күн бойы), қырағылықтың төмендеуі, бас ауыруы, бас айналуы.Жиі емес: бас ауыруы, бас айналуы; жүрек айнуы, құсу; шаршау; қорқынышты түс көру, ажитация.Сирек: аллергиялық реакциялар, соның ішінде бөртпе, қышыну, есекжем сияқты терілік реакциялар; сезімталдықтың төмендеуі, сананың шатасуы, депрессия, қозу, ашушаңдық, озбырлық, сандырақтау, ашу қысу, түнгі қорқынышты түстер, елестеулер, психоз, амнезия, антероградтық амнезия; либидоның бұзылуы; құлау (негізінен ересек пациенттерде).Өте сирек: анафилактикалық реакциялар, ангионевротикалық ісіну, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз/Лайелл синдромы, полиморфтық эритема; трансаминазалар және/немесе қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы (орташа айқындалған).Жиілігі белгісіз: диспепсия; қосарланып көріну; мазасыздық, сандырақтау, ашушаңдық, науқас үшін ауытқыған мінез-құлық (амнезиямен байланысты болуы мүмкін) және сомнамбулизм, тәуелділік; атаксия; бұлшықет әлсіздігі.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.