N05BA12 Алпразолам (Alprazolam)

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; тыныс алудың тежелуі; ауыр жүрек және тынысалу жеткіліксіздігі; түнгі апноэ синдромы; жедел алкогольді интоксикация, алкогольге тәуелділік  (анамнезінде, жедел абстиненциядан басқа); анамнезінде наркотикалық немесе дәрілік тәуелділік; миастения; жабық бұрышты глаукома; тұқым қуалайтын галактозаны көтереалмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің жетіспеушілігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;  суицид қаупімен депрессияға байланысты, депрессия немесе қозудың емінде монотерапия режимінде тағайындауға болмайды; гиперкапния; церебралды немесе спиналды атаксия; порфирия; фобиялар және жабысқақ жағдайлар; гиперкинездер; созылмалы психоздар; эпилепсия және эпилепсиялық ұстамалар.

Қауіпсіздік шаралары

Тыныс алу мүшелерінің аурулары, бұлшық әлсіздігі және миастения, мидың органикалық өзгерістері, анамнезінде есірткі мен ішімдікке тәуелділігі, тұлғаның патологиялық өзгерістері бар пациенттерде сақтықпен қолдану. Қарттар мен әлсіз науқастарда қолдану кезінде дозасын төмендету, ұзақ пайдалануды және препаратты дереу тоқтатуды болдырмау керек. Дәрілік затқа психикалық және физикалық тәуелділіктің даму қаупі емдеу дозасы және ұзақтығымен бірге артады, және алкоголге немесе дәрілік затқа тәуелділігі бар науқастарда жоғарылайды.  Қозғалысты мазасыздық, қозу, тітіркенгіштік, агрессияшылдық, өшпенділік, қорқынышты түстер көру, галлюцинациялар, психоздар, сомнамбулизм, ұйқысыздық сияқты парадоксалды реакциялар, антероградты амнезия шақыруы мүмкін. Бұл реакциялар қарт науқастарда, немесе алкогольге тәуелділігі бар науқастарда әлдеқайда жиі байқалады. Депрессиясы бар науқастарда монотерапия депрессия симптомдарын, сонымен бірге суицидтік ойларды арттыруы мүмкін. Порфириясы бар науқастарда осы аурудың белгілерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Препаратпен ұзақ уақыт емдеу кезінде қанды (жағындымен морфологиялық талдау) және бауырдың функционалды сынамаларына мерзімді зерттеу жүргізіп отыру қажет. Алпразол жұмсақ тыныштандырғыш әсерді шақыру үшін қолданылады, нәтижесінде ОЖЖ-де тежелу процестерінің күшеюіне алып келеді және енгізгеннен кейін бірнеше сағаттан соң ұйқышылдықтың екінші кезеңі дамуы мүмкін. Емдеу кезінде көлік құралдарын жүргізбеген және қозғалатын механикалық құрылғыларды басқармаған жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алкоголь және ОЖЖ тежейтін заттар- ОЖЖ тежелуінің күшеюі. Опиоидты анальгетиктер- дәрілік тәуелділік дамуының қаупі. Карбамазепин- алпразолам элиминациясының күшеюі. CYP3A4 күшті ингибиторлары- қан плазмасында алпразолам концентрациясының жоғарылауы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын төмендету керек. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын төмендету керек. Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген, ана сүтіне енеді.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ұйқышылдық, атаксия, тремор, психикалық және қозғалыс реакцияларының жылдамдығының төмендеуі, сананың шатасуы, шаршағыштық, жалпы әлсіздік, босаңдық, бас айналуы, бас ауруы, сөйлеудің баяулауы, бұлшықет әлсіздігі, аккомодация бұзылуы, көңіл-күйдің нашарлауы, зейіннің төмендеуі, егде жастағы пациенттерде құлау және сынықтардың жоғары қаупі, флебит, флеботромбоз, лейкопения, анафилаксия;Сирек: антероградты амнезия, сөйлеудің бұзылуы немесе түсініксіз сөйлеу, бағытынан адасу, тыныс алу жеткіліксіздігі, жүрек айнуы, сілекей ағуы, ауыздың құрғауы, іштің қатуы, тәбеттің жоғалуы, түйілулер, тері гиперемиясы, бөртуі және қышуы сияқты аллергиялық реакциялар; қимыл-қозғалысты мазасыздық, қозу, тітіркенгіштік, агрессияшылдық, сандырақтау, ашу-ыза ұстамалары, қорқынышты түс көру, елестеулер  (кейбіреуі жыныстық түрде), психоздар, тұлғалық бұзылыс және басқа да мінез-құлықтық бұзылыстар, эмоционалдық реакциялардың әлсіреуі, дизартрия, жүрек ырғағының бұзылысы, жүрек жетіспеушілігі, брадикардия, жүрек соғуының жиілеуі, артериялық гипотензия, трансаминазалар мен негізгі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, сарғаю, несеп ұстамауы немесе кідірісі (спастикалық ишурия), жыныстық әуестіктің артуы немесе төмендеуі, либидо және потенцияның бұзылысы сияқты парадоксалды реакциялар.

Балаларда қолданылуы

Балаларға қолдану ұсынылмаған. Жаңа туылған балаларға бензил спиртінен тұратын инъекциялар енгізуді болдырмау. 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.