N05BA01 Диазепам¹ (Diazepam)

Қолдану көрсеткіштері

Үрейді, мазасыздықты және ұйқысыздықты емдеу, қаңқа бұлшықетінің түйілуі және түйілулік жағдайлар. Сіреспе. Тырыспалық статус, улану кезіндегі құрысулар. Алкогольдік абстиненция синдромы. Операцияға дейінгі премедикация.

    Клинические протоколы:
  1. Эпилептический статус у взрослых и детей
  2. Столбняк

Қарсы көрсеткіштері

Диазепамға немесе басқа да бензодиазепин туындыларына немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық, жедел жабық бұрышты глаукома, жедел тыныс жеткіліксіздігі, тыныстың тежелуі, ұйқы апноэсы, фобия немесе обсессивті бұзылулар, созылмалы психоз, ауыр миастения, алкогольдік және наркотикалық тәуелділік, препараттармен немесе психотропты заттармен улану.

Қауіпсіздік шаралары

Депрессияны және психоздық ауруларды бастапқы емдеуге арналмаған. Диазепамның дозасын жылдам төмендету немесе кенеттен тоқтатқан кезде абстиненция синдромының дамуы мүмкін, дозаны біртіндеп азайту арқылы препаратты қолдануды тоқтату. Глаукомасы бар науқастарға сақтықпен қолдану! Тыныстың тежелуі болуы себебінен тыныстың тежелуі және зейіннің төмендеуі бар пациенттерге препаратты қолдану кезінде мұқият бағалау. Гипоальбуминемия диазепам әсерін күшейте алады. Препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде мерзімді қан жасушаларының санын тексеру және бауыр көрсеткіштерін тексеру. Препаратпен емдеу барысында алкогольді қолдануға қатаң түрде тыйым салынады. Көлік құралын және басқа да жоғары қауіпті механизимдерді басқаруды болдырмау.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Орталық жүйке жүйесін тежейтін заттар (алкоголь, транквилизаторлар, ұйықтатқыш, тырысуға қарсы, ауырсынуды басатын заттар, антидепрессанттар, антипсихотикалық заттар, наркотикалық анальгетиктер, опиаттар, седативті гистаминге қарсы препараттар және т.б.) - диазепам әсерін күшейтеді. Рифампицин, изониазид және дисульфирам – қан плазмасында диазепам концентрациясы төмендеуі мүмкін.Ескерту: Мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану, қол жеткізілген әсеріне және көтере алмаушылығына байланысты біртіндеп арттыра отырып, әдеттегі дозаның жартысынан бастау. Айқын бүйрек қызметінің бұзылысы кезінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану, қол жеткізілген әсеріне және көтере алмаушылығына байланысты біртіндеп арттыра отырып, әдеттегі дозаның жартысынан бастау. Айқын бауыр қызметінің бұзылысы кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Жүктіліктің бірінші триместрінде қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: лейкопения, анафилаксия, ұйқышылдық.Жиі: абыржу, атаксия, тремор, психикалық және қимыл реакциялары жылдамдығының төмендеуі, сананың шатасуы, шаршау, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, салбырлық, бас айналуы, бас ауыруы, сөйлеудің баяулауы, бұлшықет түйілуі, қимыл-тіректің тежелуі, бағыттан адасу, аккомодацияның бұзылуы, көңіл-күйдің бұзылуы, зейіннің төмендеуі, егде жастағы пациенттердегі сынулар және құлау қаупінің артуы, флебит, флеботромбоз.Жиі емес: антероградты амнезия, бас айналуы, бас ауыруы, сөйлеу бұзылысы немесе сөйлеудің түсініксіздігі, бағыттан адасу, тыныс алудың жеткіліксіздігі, жүрек айнуы, шамадан тыс сөлдің бөлінуі, ауыз қуысының құрғауы, іштің қатуы, тәбеттің жоғалуы, шаншулар, тері гиперемиясына ұқсас аллергиялық реакциялар, тері бөртпелері және қышынуы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішке, 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 6 жас және одан асқан балаларға 2,5-5 мг тағайындайды. Тәуліктік доза 5-10 мг құрайды. Көктамыр ішіне. 3 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Тырысулық ұстама, улану кезіндегі құрысулар, гипертермия кезіндегі құрысулар: дене салмағына 0,2-0,3 мг/кг немесе әр жылға 1 мг есеппен. Дозаны қажет болған жағдайда 30-60 минуттан кейін қайталауға болады. Сіреспе: доза ересектерге арналған дозада. Премедикация: дене салмағына байланысты 0,2 мг/кг парентеральді түрде енгізеді.