N05AX12 Арипипразол (Aripiprazole)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектерде шизофрения емі. I типті биполярлы бұзылыстарының орташа және ауыр деңгейдегі  маниакальді көріністерін емдеу, сонымен бірге арипипразолмен емдеуге келетін негізінен маниакальді көріністерден зардап шегетін ересектердегі маниакальді көріністердің жаңадан  пайда болуының алдын алу. 
    Клинические протоколы:
  1. Депрессии с психотическими симптомами
  2. Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
  3. Органические психозы
  4. Реакция на стресс
  5. Шизофрения
  6. Болезнь Паркинсона

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Дәрілік терапия медициналық жан-жақты бақылаумен бірге жүргізілуі тиіс. Жүрек-қантамыр аурулары (анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы немесе миокард инфарктісін бастан өткерген, жүрек  жеткіліксіздігі  және өткізгіштігі бұзылуы бар), цереброваскулярлы аурулары бар және артериялық гипотензияға бейім жағдайлардағы (сусыздану, гиповолемия және гипотензивтік препараттарды қабылдау), немесе артериялық гипертензияға бейім, соның ішінде қатерлі және үдемелі, отбасы анемнезінде QT интервалының ұзаруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау. Анамнезінде эпилепсия немесе тырысулармен байланысты аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау.  Гипергликемия симптомдары мен белгілерін уақытылы анықтау үшін қант диабетімен ауыратын пациенттерді бақылау керек. Пациентте  «қатерлі нейролептикалық синдромға» (ҚНС) бағыттайтын белгілер мен симптомдар дамыған жағдайда, немесе ҚНС қосымша белгілерінсіз өздігінен дене температурасының көтерілуі байқалса, барлық антипсихотикалық заттарды қабылдауды тоқтату керек.  Анамнезінде құмар ойындарға бейім пациенттер жоғары қауіп тобына жатады және жан- жақты медициналық бақылауды қажет етеді.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 немесе CYP2D6 күшті тежегіштері- осы препараттармен бірге тағайындаған кезде  арипипразол дозасын төмендету керек. CYP3A4 күшті индукторлары - осы препараттармен бірге тағайындаған кезде  арипипразол дозасын жоғарылату керек. Антигипертензивті препараттар - арипипразол олардың әсерін күшейтеді. ОЖЖ тежейтін препараттар және алкоголь - арипипрозолмен біріктірілімінде сақтықпен қолдану. QT интервалының ұзаруын немесе электролиттер дисбалансын тудыратын  заттар- арипипрозолмен біріктірілімінде сақтықпен қолдану.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр деңгейінде сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Ұсынылмайды. Ана үшін терапиядан  күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайларды қоспағанда.

Емізу

Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: мазасыздық, ұйқысыздық, үрей, бас ауруы, бас айналуы, ұйқышылдық,  тыныштандырғыш әсер, экстрапирамидалық бұзылыстар, акатизия, тремор, көрудің нашарлауы, жүрек айнуы, құсу, сілекей гиперсекрециясы,  диспепсия, іш қатуы, шаршаудың сезілуі.Жиі емес: депрессия, тахикардия, ортостатикалық гипотензия, гиперсексуалдылық, қос көріну. Маңызды!  Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақ қабылдауға байланыссыз.Шизофрения: 15 жас және одан асқан балалар: ұсынылған бастапқы доза- 10 мг тәулігіне бір рет.I типті биполярлы бұзылыстарындағы маниакальді көріністері: 13 жас және одан асқан балалар: ұсынылған доза - тәулігіне 10 мг бір рет.15 жасқа дейінгі балаларға (шизофрения кезінде), 13 жасқа дейінгі балаларға (I типті биполярлы бұзылыстарындағы маниакальді көріністері) қарсы көрсетілген.