N05AL05 Амисульприд¹ (Amisulpride)
Қолдану көрсеткіштері
Шизофрения.
-
Клинические протоколы:
- Мании с психотическими симптомами
- Мании без психотических симптомов
- Расстройства поведения у детей и подростков
- Депрессии без психотических симптомов
- Депрессии с психотическими симптомами
- Личностные расстройства (психопатии)
- Невротические, связанные со стрессом, соматоформные расстройства
- Органические психозы
- Острые психозы
- Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
- Реакция на стресс
- Резидуальные психотические расстройства
- Сенильный психоз
- Шизофрения
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; коматозды жағдайлар; орталық жүйке жүйесінің тежелуі, феохромоцитома; пролактинге тәуелді ісіктер; 55 соғу/мин төмен брадикардия; гипокалиемия; туа біткен QT интервалының ұзаруы; айқын брадикардия (< 55 соғу/мин), гипокалиемия, жүрек ішкі өткізгіштігін баяулататын немесе QT интервалының ұзаруын шақыратын дәрілік заттарды қабылдау.
Қауіпсіздік шаралары
Жүрек-қантамыр аурулары (жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, отбасылық анамнезінде QT интервалының ұзаруы және/немесе қарыншалық аритмиялар қауіп факторы, науқастың жүрек ауруларына шағымдануы) бар науқастарда сақтықпен қолданылуы тиіс. QT интервалының ұзаруын және ауыр аритмияның дамуын анықтау үшін үнемі ЭКГ-қадағалау қажет. Паркинсон ауруы (антипсихотикалық әсерінің күшеюі), эпилепсия (құрысу шегін төмендетуі мүмкін, құрысуларды күшейтуі немесе эпилепсиялық талманы шақыруы мүмкін), депрессиялар, миастениялар, қуық асты безінің гипертрофиясы немесе жабық бұрышты глаукомаға бейімділік, анамнезінде сарғаю мен ауыр респираторлы ауруларда, қант диабетінде (гипергликемия), қанның патологиялық өзгерістерінде (егер қызбамен түсініксіз инфекция дамыса қан анализін бақылау) сақтықпен қолдану. Жоғары дозаларын қолданған кезде фотосезімталдық дамуы мүмкін, сондықтан пациенттер тікелей күн сәулесінен аулақ болуы керек. Шизофрениясы бар емделушілер жүрек-қантамырлары ауруларының даму қаупін бағалауды қоса, жылына кемінде 1 рет тексерілуі тиіс. Егде жастағы пациенттерге антипсихотикалық препараттарды тағайындау кезінде пайда мен қауіп балансы қарастырылуы қажет. Деменциямен және/немесе мінез-құлық бұзылыстарымен психоздары бар егде жастағы науқастарда кенеттен өлім жағдайлары және инсульт немесе транзиторлық ишемиялық шабуыл даму қаупі байқалған. Бұдан басқа, егде жастағы науқастар ыстық немесе суық ауа райында гипер- немесе гипотермияға және ортостатикалық гипертензияларға бейім. Қатерлі нейролептикалық синдромы симптомының бірі болып табылатын, гипертермия даму жағдайында, препаратты қабылдауды тез арада тоқтату қажет. Венозды тромбоэмболияның даму жағдайлары тіркелген. Сирек тұқым қуалайтын галактозаға төзімділік бұзылыстары, тұқым қуалайтын лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылу синдромы бар пациенттерге тағайындауға болмайды. Препаратпен ұзақ уақыт емдеуде қан құрамын, протромбинді индексті, бауыр мен бүйрек функциясын бақылау қажет, лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз жағдайлары тіркелген. Препаратты қабылдауды тоқтату қажет болған жағдайда дозасын біртіндеп төмендету ұсынылады. Емдеу кезінде автокөлік жүргізуден, жоғары жылдамдықты психомоторлы реакцияларды және жоғары зейінді қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тартқан жөн.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
ОЖЖ тежейтін заттар - ОЖЖ тежеудің күшеюі. IA и III класының антиаритмиялық препараттары- пируэтті қарыншалық тахикардия даму қаупі. Меквитазин, циталопрам, эсциталопрам, дофаминнің антипаркинсондық емес агонисттері (каберголин, хинаголидом) - бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН. Алкоголь- алкогольдің седативті әсерінің күшеюі. Паразиттерге қарсы препараттар- қарыншалық аритмия даму қаупі. Дофаминдік антипаркинсондық препараттар- психотикалық бұзылыстардың даму немесе күшею қаупі. Азитромицин, ципрофлоксацин, кларитромицин, левофлоксацин, норфлоксацин, рокситромицин-қарыншалық аритмия даму қаупі.Маңызды!Мұнда дәрілермен өзара әрекеттесуінің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Егер креатинин клиренсі (КК) 30–60 мл/мин тең болса, онда дозаны жартылай төмендету, және КК 10-30 мл/ мин тең науқастарда үштен бір бөлігіне төмендету керек. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген (КК 10 мл/мин төмен).
Жүктілік
Қолданудан бас тарту.
Емізу
Қарсы көрсетілген. Қабылдау кезінде емізуді тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: ұйқысыздық, мазасыздық, қозу, үрейлену, ажитация, ұйқышылдық, фригидтілік; іш қатуы, жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы; плазмалық пролактин концентрациясының жоғарылауы (галакторея, аменорея, гинекомастия, сүт бездерінің ауруы және эректильді дисфункция); гипотензия; дене салмағының артуы; экстрапирамидалық симптомдар (тремор, гипертония, гиперсаливация,акатизия, гипокинезия, дискинезия); жедел дистония (спастикалық мойынның қисаюы, окулогирлі криздер, тризм және т.б.);Сирек: кеш дискинезия; құрысулар; гипергликемия; брадикардия; бауыр ферменттері деңгейінің артуы, негізінен трансаминазалардың; аллергиялық реакциялар; лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз; өлімге алып келетін потенциалды қатерлі нейролептикалық синдром; QT интервалының ұзаруы; өкпе артериясының эмболиясын қоса, кейбіреуі өліммен және терең веналардың тромбозымен аяқталатын, веноздық тромбоэмболия; ангионевротикалық ісіну, есекжем; нәрестелерде абстинентті синдром.
Балаларда қолданылуы
15 жастан асқан балалар.Ішке, тамақ қабылдауға байланыссыз, сумен ішу. Теріс симптоматикасы басым шизофрения: күніне 50-300 мг. Дозаны жекелеген тәртіппен таңдайды.Теріс және оң симптомдары аралас шизофрения: күніне 400-800 мг. Дозаны жекелеген тәртіппен минималды тиімді доза алу үшін, науқастың жауап беру реакциясына сәйкес түзету керек.Бұлшықет ішіне терең. Жедел психоз көріністерінде: күніне 400 мг бұлшықетке, кейін күніне 400-800 мг тұратын пероралды емге ауыстырады.Пубертантты кезеңнен 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды. 15 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, себебі оның қауіпсізділігі осы күнге дейін анықталмаған.